Жоқтық жақыныңды жат етеді

Жоқтық жақыныңды жат етеді

Қазақтың бұрынғыдай екі кештін арасында киіз үйдің жаппасын ашып: «Құдайы қонақпыз» деп сау етіп кіріп келетін кезі келмеске кеткен. Құдайы конағына малын сойып, кұшақ жайып қарсы алатын мұсылман да жүзден біреу.
Осы күні алдын-ала хабарын бермей, жетіп келетін қонақтың қадірі жоқ. Бір үйге тосыннан түспес бұрын «осым қалай болады?» деп толғанатын болдық. Құр қол баруға тағы болмайды. Сонау ғасырдың өзінде-ақ: «Ер жігітке кедейшілік намыс емес, жок болсаң жақының да таныс емес» ден Шал ақын жырға қосқан сөздің жаны бар. Бұл жайтты күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз.
Осы тақырыпта біраз мысал келтіргім келеді.
Жоқтық жанына батқан Алма:
— Ауылдан қалаға жұмыс іздеп, көшіп келгеніме бес жылдай уақыт өтті. Қолымыздағы азын-аулақ малымызға үй сатып алдық. Жалғыз тайынша қалып еді, оны да соғымға сойдық. Өзім мамандығыма сай жұмыс таба алмай отырмын. Күйеуімнің кездейсоқ жұмыстарға жалданып тапқан нәпақасы ауыз шаюға тұрмайды. Бағымызға қарай екі бала мектеп- интернатта окып шықты. Біздің «шықпа жаным шықпамен» күй кешк тұрмысымыздан хабардар ағайын да осы күні шаңырағымызға бас сұғуын койды. Осындағы ауқатты туғандардың үйіне токтайтын көрінеді. Оларға еш өкпем жоқ. Былқытып ет асып бермек түгілі, сүт қатқан қою шай беруге жағдайым жоқ мені ұялтқысы келмейтін шығар.
Ауылдан көшкелі әлі дастарқан жайып, ағайынның басын қоспаппын. Өзім де ешқайда шықпадым. Қайран ауылым, малдың арқасында дастарқанымнан сүт пен қаймақ, үйімнен қонақ арылмаушы еді. Жоқтық әбден жүйкемізді жеді, — деп мұңаяды.
Тұрмыстағы таршылық бөтен түгілі, бауырдың көңіліне қаяу салып, адамдардың психологиясына әсер ете бастағандай. Гүлсімнің айтқан әңгімесі соның бір айғағы.
- Туған аға-жеңгемнің менің үйіме бас сұқпағанына үш-төрт жылдың жүзі болды. Кикілжіңнің бәрі баладан басталды. Олардың мектеп бітірген ұлы оқуға түсе алмады. Әскер қатарына алып кетер деп қауіптенген ата-ана баласын қарызданып, қауғаланып ақылы институтқа түсірді.
Сосын баласының менің үйімде тұрып оқуын өтінді. Сөз арасында жеңгем:
— Бауыр сенікі, бірдеңе қылып оқытыңдар, - деп маған салмақ сала сөйледі. Жеңгемнің жайы белгілі. Баласын тапсырған соң шалғайдағы елді мекенде тым-тырыс жатып алады. Көмектесетін тұрмысы да шамалы.
Жасыратын не бар, баланың күнделікті тамағы мен жол ақысын қалай тауып берем деп қиналып, ойланып отырып қалдым. Үш баласын әзер асырап жүрген күйеуім де оң қабағын бермеді. Ақыры келіспейтінімді кесіп айттым.
Ой, сондағы жеңгемнің тұлан тұтқанын көрсең! «Енді саған аға да жоқ, бауыр да жоқ» деп бәрін алдына салып алып, есікті тарс жапты. Содан қайтып келген емес.
Кейде туғанымды сағынғанда осылай жарымай күй кешіп отырған тірлігіме налимын. Бар болсам туысым алыстап кетпес еді ғой, — дейді Гүлсімнің көңілі босап.
Жақыныңды да жат еткен жоқтық-ай! Қай жерде болса да қылаң етіп көрініп қала береді-ау. Бірде танысыма баласының мектеп бітіруін құттықтамақ болып, телефон соқтым. Амандық-саулықтан соң:
— Құрбым, сен өкпелеме. Үйге кел деп айтуға ұятты болып тұрмын. Электр жарығына карызымыз бар еді, жарығымызды қиып кетті. Мана қайын сіңілім де құттықтап кіріп шыкпақ болып еді, өзім кейін хабарын беремін деп әзер құтылдым. Әрі кісіні күтіп алуға қалтам көтермей тұр. Жақында жалақы аламыз ғой, — деп әбден ақталып, әбіржи сөйлеп, телефонды тастап жіберді.
Қонақ күтпеқ түгілі, тапқандары өздерінен артылмай отырған жандарға не деп кінә тағарсың?!
Рас, «Араласпасаң жақының да жат болады» дейді халық. Міне, осының бәрі жұмыссыздықтан, ақшаның жетіспеушілігінен туындап отырған мәселелер.
Қаламымнан:
Біреудің күні өткен жылауменен,
Тәңірден бір жақсылық сұрауменен.
Біреудің бақ-дәулеті елден асып,
Жүр әне, мына жұртқа ұнауменен...-— деген жолдар осындай китұрқы заманның қысастығынан туса керек.

Жулдыз Тойбек
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста