Жырауларды әдебиет оқулығынан жоқ ету – ұлттық патриоттық сезімнің қайнарын бітеу!

Жырауларды әдебиет оқулығынан жоқ ету – ұлттық патриоттық сезімнің қайнарын бітеу!

Міне, Мұғалім!
Кеше біздің досымыз Өмір Шыныбекұлы республикамыздың білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қабылдауында болды. Өзі ғана емес, республикамыздың әр аймағынан жиналған бір топ ұстаздарды бастап барды. Ресми ақпараты жариялана қоймаған бұл кездесуден аздап хабардар едік. Топтағының бірі – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданынан келген мұғалім Жанна Сәкетаева туған жиеніміз, түнделетіп нағашысының яғни, біздің үйімізден шай ішкен.

Өмір дос бүгін сол кездесу туралы әлеуметке арнап жазба жариялады. Министрдің алдында көтерілген жәйттерден енді көптің бірі ретінде құлағдар болдық. Соның ішінде мына тұсы қатты елең еткізді:

« Түркістандық Света Алпамысова мен Шымкент қаласы N:47 мектептің мұғалімі Бибайша Бейсетаева мектепте қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі мектепте қазақ әдебиетінің оқытылуындағы проблемаларды көтерді. Бибайшаның айтуынша, «Мектептегі Қазақ әдебиетінен 16-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясы түсіп қалған. Тарихы тек жыр-дастандарда сақталған қазақтың баласына тарихты қалай үйретеміз» деп сұрақты төтесінен қойды.»
Бұрын естімеппіз. Масқара екен. Жырауларды әдебиет оқулығынан жоқ ету – ұлттық патриоттық сезімнің қайнарын бітеу! Әдейі. Қасақана.
Жыраулар поэзиясы – елді сүюдің асқақ үлгісі. Содан кейін қазақ тілінің не орыс, не ағылшын, не қытай сөзі ластамаған ең таза айдыны. «Батыр болмақ сойдан-дүр» деген жалғыз жолы неге тұрады! Қазіргіден бұған тетелес өлең тек Темірхан Медетбек ағамыздан туды ғой. Немесе «Күңіреніп күн астына жортқанмын». Төрт сөзде төрт ғасырдың тарихы тұнып тұр емес пе! Мұны басқа қайдан таппақпыз, министр азамат!
Ендеше жыраулар поэзиясын шұғыл тұрде, осы биыл қайта оқулыққа кіргізу керек.
Ал, мына жәйтті байқап, білім саласының басшысының алдына жеткізген Бибайша Бейсетаева айналайынға рахмет! Нағыз мұғалім екен! Үлкен әріппен жазылатын Мұғалім! Біз алдынан бас киімімізді шешіп өтетін Мұғалім!
Жазбасымен тиегімізді түртіп кеткен Өмір досқа да ризамыз!

Қайнар Олжай.
Ел астанасынан. 2020 жылғы қаңтардың 15-сі.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста