Адам етін жегіштер (каннибалдар) жайында (фото)
Үндістандағы кісі етін жейтін сектанттықтардың соқыр нанымға негізделген ғұрпы адамның жанын түршіктіреді: олар кісі етін жеумен шектелмей, мәйіттің үстінде жатып ұйықтайды, адам өртелген жерде медитация жасайды және адам бас сүйегін тостаған қып, сусын ішеді. Агхорлар есірткі қолданбайды немесе ішімдік ішпейді. Десе де, соқыр нанымнан туындайтын сорақылықтарға елең етпейтін үнді қоғамының өзінде оларға шошына әрі жиіркене қарайтындардың қарасы көп. Буддашылар мен индустар каннибалдарды тағылар деп біледі және соған орай олардың әдет-ғұрпын руханиятқа жат санайды. Ал агхорлардың өздері дәстүрлі сенімдегілерді мойындамайды. Олар өздері ұстанып отырған әдет-ғұрыптың ұшпаққа шығаратынына көзсіз сенеді. Хат танымайтын сауатсыздар олардың тұзағына тез түсіп қалады. Аталмыш сектанттың қатарын толықтыратын да солар. Каннибал сектантындағылар тек жабайы ғұрпымен ғана емес, сонымен қатар, сыртқы келбетімен де ерекшеленеді: жыртылған киім, ұйпа-тұйпасы шыққан шашы, жылдар бойы жуынбағандықтан кірден баттасып кеткен денесі елден ерекшелеп тұрады. Олар Үндістанның барлық аймағында кездеседі. Алайда, Бенгалияның батысында орын тепкен Таралит қаласында шоғырланған.