Адамның 10 қорқынышы
Қорқыныштың қай кезде де көзі ала. Адамзат баласы жаратылғалы бері, білім өсіп, сана толысқанымен, жүрек ішінде қорқыныш әлемі тіршілік құрып келеді. Сол қорқыныштар көрер көзге күлкілі көрінгенімен, жеме-жемге келгенде, індетке айналып шыға келетінін біреу білсе, біреу біле бермейді.
1. Жалғыздықтан қорқыныш
Аутизммен ауырып жүрген адамдардың ішкі жан дүниесінде жалғыздық атты үлкен қорқыныш бар. Олар үнемі жабық есік саясатын ұстауға бейім. Оның басты сыры неде сұрасаңыз, түсініктерін тым тереңге бастап кетеді. Кез келген адам бақытты болғысы келетінін ескерсек, онда қоғамсыз бақыттың болмайтынын естен шығармау ләзім. Себебі, сенің бар мүмкіндігіңді жүзеге асыратын да, жарға соғатын да қоғам.
2. Өлімнен қорқыныш (акрофобия, гематофобия және т.б.)
Ойлау жүйесі сезімтал әрі секемшіл жандардың қорқынышы. Бүгінгі таңда осы қорқыныш түрінен қаншама жандар өліп кетіп жатыр. Ажалдың араны десек те болады: ішкі әлем кеңістігі, қан көру, биіктіктен қорқу, өлген жандарды көру, зорлық пен зомбылық, тағысын тағылар.
3. Социофобия (сахнаға шығу қорқынышы), агорафобия (ашық ортадан қымсыну)
Әрине, көпшілік адамдар өз сезімдері мен эмоцияларын бөгде адамдардан жасырып ұстағанды дұрыс көреді. Әрине, олар білімді, ойлау жағынан келгенде шығандап озып кеткен. Бірақ, осы бір қорқыныштың ауылында жүргендері түсініксіз, бір қарағанда күлкілі болып көрінетіні өтірік емес.
4. Өрмекшіге, тышқанға, тарақанға, ұшаққа, динозаврға, жыланға, елеске, құбыжыққа, биік өкшелерге (аяқ-киім) деген қорқыныш
Осынау қорқыныштардың ұзын-ырғасы бір жүйеге кірігеді. Интеллектілік ойлау жүйесімен ауыратын адамдарда жиі болып тұрады. Оған дау жоқ. Себебі де түсінікті, олар өте сезімтал келеді: әртістер, суретшілер, сәнқойлар, т.б.
5. Жақын қарым-қатынастан қорқыныш
16 жастағы жасөспірім балаларда ғана емес, 40 жастағы ерлерде де, әйелдерде де кездесетін нышан. Бір қызығы, аталған қорқыныш түрімен сезімге бей-жай қарамайтын жандардың ауырады. Олар: бірінші қарым-қатынастары сәтсіздікке ұшыраған, бала кезден қалып қойған өкпелері бар, төпеп тастайтын эмоцияның кесірінен зиян шеккен жандар.
6. Естен ауысу қорқынышы
Абстрактылы түсінікке негізделген немесе сондай ой-пікірмен жүретін адамдар сезінетін тұрақты қорқыныш түрі. Олар тылсым дүниелермен тілдескісі келеді, ғарыш әлеміне саяхаттағысы келеді, философия мен физиканы жете меңгергісі келеді. Олар өстіп жүріп, адам баласының ойына кіріп-шықпайтын фантастикалық пікірлерді тудырады.
7. Верминофобия (микроағзалар мен бактериялардан қорқыныш)
Өмірде осы қорқыныш түрін аз кездестірмеген шығарсыз. Күнделікті асқа отырарда немесе бейберекетсіз әр бес минут сайын қолдарын жуа беретін адамдар болады. Олар өздіктерінен барып, ешқандай дүниеге жақындай алмайды. Себебі, оларда бактерия жұқтырып алам деген қорқыныш басым болады.
8. Қорқақ болып қалу қорқынышы
Ерлердің қорқынышы десек те болады. Мұндай қорқыныш түрі көбіне өзін басқа жандарға жауапты санайтын адамдарда болып тұрады. Міне, осынау адамдар өз-өздерін үнемі қыл үстінде жүргендей сезініп, билікті ешкімге бергісі келмейді. Және бір қызығы, бұл қорқынышты әйелдер қауымы да сезінетін болып шықты.
9. Уланып қалу қорқынышы
Бұл қорқыныш түрі өз алдына жеке дүние іспетті. Басқа қорқыныш түрлерімен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды. Әрине, қорқыныштың осы түрі интуитивтік ойлау жүйке жүйесі дамыған адамдарда да болса да. Жер бетіндегі қорқыныштың аталған түрі - 5 пайыз. Мәселен, уланып қалу қорқынышы Сталинде болған.
10. Кәріліктен қорқу
Жастар арасында сирек кездесетін қорқыныш. Орта жастағы әйелдер мен 50 жасты алқымдап қалған еркектерде жиі кездеседі. Аталған қорқыныштың себебі түсінікті, себебі, әйел міндеті - баланы туу мен өсіру, ал ерлердің міндеті - ұрпақ өрбіту мен отбасын қамтамасыз ету.