Адамның жаны мәңгілік пе?

Адамның жаны мәңгілік пе?

Адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген әңгімені кішкентайымыздан естіп келеміз. Бұл қаншалықты рас? Сонда адамның жаны қайда кетеді? Бір қызығы, адамның жанының мәңгілік екенін ғалымдар да дәлелдеп әлек. Солардың бірі - америкалық танымал анестезиолог Стюарт Хамерофф. Ол «адамның жүрегі тоқтағанда, оның өмірі аяқталғанымен, жаны, сана-сезімі әлеммен бірге өмір сүре береді. Мида сақталған ақпараттар ешқашан өлмейді, клиникалық өлімді бастан кешкендердің беймәлім ақ дәлізбен жүргендей әсер алатыны сондықтан», – дейді. Оның сөзі, шынында да, шындыққа жанасатын секілді. Бірде ғаламтордан Зядан Қожалымов деген кісінің «Ғаламның жұмбақ сырлары» деген еңбегінен мынадай тосын да жұмбақ оқиғаны оқыдым.
1988 жылдың 22 қыркүйегінде алматылық Венера деген оқушы қыз мектептегі денешынықтыру сабағында кенеттен қайтыс болады. Өлімнің себебі дәрігерлерге де және басқаларға да жұмбақ болып қалады. Бір жылдан кейін, 1989 жылдың наурызында Башқұртстанның Бақалы деген ауылында Венера есімді қыз дүниеге келеді. Бұл - мұғалім болып жұмыс істейтін ерлі-зайыпты Асадуллиндердің төртінші перзенті екен. Венера 6 жасқа толар-толмастан оқшау мінездер танытып, ата-анасына үш ұйықтаса да ойға келмейтін создер айта бастайды. Сонымен, бір күні Венера: "Сендер менің әке-шешем емессіңдер, менің папам мен мамам Алматыда. Пәтеріміз бес қабат үйдің екінші әлде үшінші қабатында" дейді. Оған қоса папасының қызыл "Москвичі" барын, ауруханада операция жасалған шешесіне екеуі сонымен барғанын, көрші подъездегі қызды көз алдында машина қағып кеткеніне шейін айтады."Менің атым - Байрам" деп те айтып жүреді. Мұндай тосын құбылысқа алғаш қорқынышпен қараған анасы, кейін ойланып илана бастайды. Анасы Алматыға "Вечерняя Алма-Ата" газетіне жағдайды айтып, хат жазады. Газет оқиғаны бірден жариялайды. Көп ұзамай қайтыс болған Венераның Алматыдағы әкесі Мұса мен анасы Халида Абдрахмановтардан хабар алады. Олар "Біздің Венера атты қызымыз болған. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған. Оны еркелетіп Байрам деуші едік" деп хат жазады. Марқұм қызының шашы қара болғанын да, көрші қызды машина қаққанын да жазады. Қысқасы, жас Венераның айтқандары толық расталады. Екі жақ та телефон арқылы сөйлескенде, естерінен танады. Сәби Венерадан "Алматыдағы мамаңның аты кім?" дегенде, мамасының сіңлісін айтқан. Себебі, Венераны мамасының сіңлісі баққан екен. Ал апасының атын нақты айта алмағанымен, бірге оқыған жақын қыздың түр-тұлғасын дәл айтқан. 1996 жылы алматылық Абдрахмановтар Башқұртстанға барады. Ер жеткен Венера "папа, мама" деп құшақ жая ұмтылуы аса жанға аянышты құбылыс болады. Венера екінші ата-анасын тапқалы жаны тынышталыпты.
Өмірде осындай оқиғаларды көп естіп, оқыған сайын, адамның жанының мәңгілік екеніне бір түрлі сене түсетін сияқтысың.

Мейіржан Иембергенов, Семей.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста