Ағам о дүниеге барып қайтқан екен...

Ағам о дүниеге барып қайтқан екен...

Сонау бір жылдары ағам өмір мен өлімнің арасында жатқанда арғы дүниеге барып қайтқан еді. Ол жайлы өзі «маған берілген жолдама жалған болып, мені о дүниеге қабылдамай қойды» деп қалжыңдап отыратын. Ағамның сол бір бастан өткерген оқиғасын қағаз бетіне түсіріп, «Алаш айнасына» жолдап отырмын.

Ол кезде біз Өзбекстанда тұратынбыз. Ағам лауазымды қызмет істейтін. Жат ел болған соң, көре алмай, аяғынан шалғысы келетіндер көп болатын. Талай рет үстінен арыз жазғанмен, ағам өз ісінің білікті маманы болған соң жоғары жақтағылар оны қолдап, әр кез қызметінде қалдырып жүретін. Оның бірін білсек, бірін білмейтінбіз. Қызметінде болып жатқан жағдайларды айта бермейтін. Көп жағдайда «ондай болыпты, мындай болыпты» деген гу-гу әңгіме шыққанда, сырттан еститінбіз. Ақыры қаскөйлер қастандық жасап, ағамды қызметінен кетірді.

Бір мереке кезінде облыста басшы қызметте істейтін бірнеше азааматты бір ауданның басшылары қонаққа шақырады. Ағам аң атқанды ұнататын. Соны білсе керек, сыйлы қонақтарды аңға алып барады. Қараңғы түскенде топ-топқа бөлініп, жабайы шошқаның жолын аңдиды. Бір кезде бір топ жабайы шошқа жүгіріп өтеді. Сол кезде аңшылар гүрс-гүрс ата бастайды. Аңшылардың ешбірі жабайы шошқаларға оқ тигізе алмайды. Бірақ бір оқ ағама тиеді. (Ол қаңғыған оқ па жоқ әлде әдейі дәлдеп атылған оқ па, ол жұмбақ күйінде қалды). Сол жерден ағамды лезде облыстық ауруханаға жеткізеді. Оқ маңызды органдардың біріне жарақат жеткізген екен. Дәрігерлер жедел ота жасайды. Одан кейін ағам үш күн ес-түссіз жатты.

Әке-шешеміз ертерек қайтыс болып кеткен соң бар сүйенеріміз сол ағамыз еді. Соңынан ерген екі інісін институтта оқытты. Ағамның арқасында олар жақсы жұмысқа тұрды. Меннен үлкен екі апайым бірі институтты, бірі техникумды бітіріп, тұрмыс құрды. Олардың тойын өткізіп, жасауын түгендеген де сол ағам. Мен үйдің кенжесімін. Ол кезде ағамның қолында тұратынмын. Сондықтан да болар маған әкем секілді қамқорлық жасайтын. Мен үшін де ол әрі ағам, әрі әкем еді. Мен оны өзгелерден гөрі ерекше жақсы көретінмін. Сондықтан үш күн бойы жеңгем екеуміз аурухана күзеттік. Есін жиған соң да ағам бір ай ауруханада жатты. Одан кейін тағы бір ай үйде болды. Сол кезде ес-түссіз жатқанда о дүниенің есігіне барып қайтқанын айтқан еді.

Ағамның айтқаны....

«Қызық. Анадай жерде, дәрігерлер маған операция жасап жатыр. Оны өзім сырттай көріп тұрмын. Бірақ ешқай жерімнің ауырғанын сезбеймін. Кетіп қалайын десем, операция үстелінде жатқан өзімді қимаймын. «Мен кетіп қалсам, ана дәрігерлер өлтіріп қояр» деп ойлаймын. Дәрігерлер бір-біріне бірдеңе деп айтып жатты, бірақ олардың дауысы маған есітілмейді. «Мен шынының арғы жағында тұрған соң есітпей тұрмын-ау» деп ойлаймын. Бір кезде аппақ-ақ киінген, арқасында қанаты бар періште қыз келіп, «сені ана жақта әкең шақырады» дейді. Әкемді қатты сағынған екем. Операция үстеліндегі өзіме де қарамай, «қайда?» деп періштенің соңынан ұштым. Керемет әдемі бақтардың үстімен ұшып келеміз. Бақта жүрген адамдар бізді байқамайтын секілді. Бәрі өз-өзімен әндетіп, көңілді жүр. Бір кезде аппақ бұлттың арасына кіріп кеттік. Мен әкемді көруге асығып, шыдамым таусылып келем. Бір кезде керемет бір салтанатты сарайдың ішіне келіп кірдік. Сарайдың әдемілігі көздің жауын алады. Жан-жағыма қарап келе жатып, періште қыздың қайда кетіп қалғанын байқамай қалыппын. Не істерімді білмей іздей бастадым. Қарасам, анадай жерде анам келе жатыр. «Апа» деп тұра ұмтылдым. Құшақтамақ болып едім, анам «бізге қазір құшақтасуға болмайды» деп мені тоқтатты. «Мұнда не істеп жүрсің?» деп сұрады. «Әкем шақыртыпты» деймін. Анам ренжіп, «сен қазір бала-шағаңа, әлі тұрмыс құрмаған қарындасың қажетсің. Әкең күте тұрады. Қазір жылдам қайт» деді. «Апа мен қайтар жолды білмеймін ғой» деймін. Бір жағынан әкемді көрсем деген қимастық та бар сияқты. «Ана есіктен шықсаң, сол жерде жол көрсетуші тұр» деді. Есіктен шықсам, басқа бір періште қыз тұр екен. Ол жол бастап мені бағана өзім кеткен аурухананың операция бөліміне әкелді. Бірақ дәрігерлер жоқ. Жалғыз жатырмын. Өзімнің қасыма келіп отырдым. Ол маған құшағын жайды. Екеуміз құшақтаса кеттік. Сол кезде ояндым» дейді ағам.

Сол жағдайдан кейін ағам басқа жұмысқа ауысты. Бірақ денсаулығы жиі мазалайтын. Ақыры ағам қызметтен кетті. 1987 жылы Алматы облысына көшіп келдік. Ағам бір күні түс көріпті. Түсінде баяғы періште қыз келіп «сені әкең мен шешең күтіп отыр, таяу күндері ертіп апарам» депті. Жүрегі бірдеңені сезді ме әлде түсті жамандыққа жорыды ма, әйтеуір жеңгеме «дайын бол» депті. Ол әңгімені жеңгем ағам қайтыс болғаннан кейін ғана айтты. Сол оқтың зардабынан ағам 58 жасында қайтыс болды. Қазір де сол жағдайды еске алғанда, үнемі «қазақтың өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегені тектен тек айтылмаған екен-ау. Егер ағам өз елінде болғанда, әлі тірі жүрер ме еді?» деген ой келеді.

Назима Бекмұратова 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста