Әлемдегі ең үрейлі мекендер...

Әлемдегі ең үрейлі мекендер...

Әлемнің әрбір мемлекеттерінде, қалаларында, елді мекендерінде аңызға айналған үрейлі орындар бар. Ол үй, орман, шөл, сай, үңгір, арал немесе білдей бір қала болуы да мүмкін. Ондай қолайсыз мекендердің қазақ даласында да бары анық.
Әдетте, адам баласы ондай аймақтардан «жын-шайтан жайлаған жер» деп, айналып өткенді жөн көреді. Әйткенмен, тарихы қызық мұндай орындарға саяхатшылар арнайы келіп, тамашалайтын көрінеді. Олар жұрт айтып жүрген әңгімелердің рас-өтірігіне көз жеткізу үшін де ат терлетіп, алыстан келеді. Ендеше таныса отырыңыз.
Американың Калифорния штатында «Винчестерлер үйі» аталып кеткен шаруа қожалығы бар. Бұл қожалықтағы бір ғана үйдің өзінде 160 бөлме, 40 басқыш бар. Ал үлкендігінде шек жоқ. Ішіне кірген адам бөлмелердің көптігінен адасып, шығар есікті таппай қиналуы да мүмкін екен. Бір адамға осыншама үлкен үй не үшін керек болды дейсіз ғой? Баяғы бір замандарда бұл үйде Сара Винчестер тұрған. Оның күйеуі Уильям аяқасты өліп, әйелі жесір қалады. Күндердің бір күні Сараның түсіне күйеуі кіріп, бүкіл әулеттің қарғысқа ұшырағанын айтады. Жігіттің әкесі Оливер Винчестер атақты қару шығаратын зауыттың негізін қалаған екен. Міне, сол қарулардан өлген адамдардың қарғысы әулет адамдарының ұзақ өмір сүруіне кедергі келтіреді екен. Сондай-ақ олардың елестері де маза бермеген көрінеді. Бұл сұмдықтың алдын алу үшін әйел елестерді адастырмақ болып, бөлмелері көп үй салмақ болады. Содан аталмыш үйді сатып алып, алты ай жаз, алты ай қыста да тоқтамастан бөлмеге бөлме қосып, ғимаратты үлкейте береді. Қарғыстан құтылғысы келген әйелге балгерлер балғаның даусы тоқтаған сәтте өмірден озатынын да жеткізеді. Жаны ұшқан Сара нәтижесінде, бұл сарайды 38 жыл бойы еш үзіліссіз соға беріпті. Бүгінгі таңда бұл үлкен қожалық саяхатшылардың көп келетін орнына айналған. Үйге ешбір жан жолсеріксіз кіре алмайды. Себебі бұл үйде оңай адасып кетуге болады. Сондай-ақ жүйкесі жұқа адамдарға алдын-ала ескертіліп те жататын көрінеді. Себебі, адасқан жолаушыны үйдің кез келген бұрышында елес аңдып тұруы мүмкін.
Қансорғыш Дракула туралы жайлы білмейтін адам жоқ шығар. Міне, сол Дракула жайлы аңыздың отаны – Румыния. Онда тау басында Бран сарайы бар. Құзар шыңның ұшында орналасқан бұл ғимарат алыстан сұсты көрінеді. Бұл сарай жайлы аңыз Брэм Стокердің «Дракула» атты еңбегінен соң жұртқа тез тарады. Кітапта айтылғандарға және ел аузындағы аңыздарға сенсек, 56 бөлмесі бар бұл қорқынышты мекенде сұлуларды ұрлайтын қансорғыш тұрған. Ал тарихқа жүгінер болсақ, мұнда кезінде қаталдығымен танылған қанішер Влад IV тұрыпты.
Шотландиядағы Овертаун көпірі адамдар үшін қауіпті болмаса да, басқа тіршілік иесі үшін қолайсыз орын екен. Сондай үлкен емес бұл көпір иттерге ұнамайтын көрінеді. Неге екені белгісіз, бұл көпірден төрт аяқты досымыз оңай өте алмайды. Кез келген ит бұл көпірден себепсізден-себепсіз секіріп кете береді екен. Жүздеген иттің жанын қиған бұл жердің құпиясы әлі де ашылған жоқ. Мамандар әзірге құр болжам ғана айта алады. Тылсым күшке сенетіндердің пікірінше, дәл осы көпірдің үстінде о дүние мен бұ дүниені жалғайтын қақпа бар. Мұны екі аяқты адам көрмегенімен, аса сезгіш ит жақсы көре алса керек. Екі дүниенің арасын айыра алмаған ол нәтижесінде осындай қадамдарға барады. Жұмбағы ашылмаған бұл көпірден адамдар да қорықпай өте алмайтын шығар. Атағы шыққан бұл орын үрейлі мекендер қатарында тұр.
Ал Жапонияның Аокигахара орманы адам баласы үшін аса қауіпті. Ит тұмсығы өтпейтін бұл орман жұртқа жаман атымен танылды. Күн сәулесі түспейтін, компас тілі де орынсыз айнала беретін бұл аймақтың да ашылмаған құпиясы көп. Бұл орманда талай адам өз өмірімен қоштасқан екен. 1950 жылдардан бері мұнда бес жүзден астам адам өзіне қол жұмсап, қайтыс болған деген дерек бар. Осындай сұмдық оқиғалар орын алатын аймақ биліктің жіті қадағалауында. Соған қарамастан, аймақтағы қайғыл жағдайлардың алдын алу мүмкін болмай отыр.
АҚШ-тың Луизина штатында Манчак батпағы бар. Бұл жерді сол маңның тұрғындары «елестер мекені» атап кеткен. Аңыздарға сенсек, бұл батпақта Ругару құбыжығы мекен етеді. Ал елестер жайлы әңгіме 1915 жылдан бастап тарай бастаған. Дәл сол жылы қатты дауыл тұрып, салдарынан 3 ауыл су астына кеткен. Содан бері бұл аймақтың тынышы бұзылыпты-мыс.
Дәл осындай үрейлі мекен Италияда да бар көрінеді. Құрлықтан шалғайда орналасқан Повеглия аралы елесті мекен саналады. Аталмыш аралға ХІV ғасырда оба ауруына шалдыққандарды әкеліп тастайтын болған. Бұл жаққа кеткен адам оралмайтындықтан да, аралдың жаман аты шыққан. Талай адам ажал құшқан бұл аралға кейіннен психиатриялық емхана салыныпты. Бұл емханаға түскен жарымжан жандар көздеріне түрлі нәрсе елестейтінін айтып, одан бетер шошитын болған. Бүгінде бұл жер адам аяғы баспайтын мекенге айналған. Адамдардың кіруіне рұқсат жоқ. Яғни қызық қуған саяхатшылар өздерін арал жайлы аңыздармен ғана жұбата алады.
Адам баласының арман қаласына айналған Парижден де үрейге толы орындарды табуға болады. Қала астындағы қараңғы катакомбалардың жалпы көлемі 187 шақырымды құрайды екен. Иыр-қиыр жерасты жолдарының белгілі бір бөлігі ғана саяхатшылардың тамашалауына ашық тұр. Ал қалған қараңғы дәліздерді аралауға рұқсат жоқ. Кері жол табу қиын.
Шотландияның ең ірі қалаларының бірі – Эдинбургте де Мэри Кинг деп аталатын жерасты тұйық көшесі бар. Бұл көшенің жоғарғы бөлігі орта жолдан қиылып, үлкен қабырғамен тұйықталған. Ерте замандарда жап-жақсы жол торабы саналған көшені оба ауруының алдын алу үшін ортасынан бөліп тастаған екен. Яғни қаланың бұл бөлігіне айықпас аурудан көз аша алмағандарды әкеп тастайтын болыпты. Сол ауыр кезеңде бұл жерге дертке шалдыққан кішкентай қызды да әкеп тастапты-мыс. Қараңғы көшені шарлаған жұрт көбіне сол кішкентай қыздың елесін көреді екен. Бүгінде жерасты үңгіріне айналған шолақ көшені сол ескі жылдары азаптан ажал құшқан талай жанның елесі кезіп жүрген болуы мүмкін.
vk.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста