Алматы қаласында орналасқан мистикалық жерлер

Алматы қаласында орналасқан мистикалық жерлер

Әр қаланың мистикалық оқиғалар мен аномальді белсенділік өршіп тұрған орындары мен ғимараттарына қатысты аңыз-әңгімелері жетіп артыларлықтай. Қалалық аңыздар — бұл көбіне шытырманға толы, қала тұрғындарының беймәлім тылсым күшпен кездескендігі туралы шынайы оқиғалар. Алматы қаласы мен қала аумағындағы дәл осындай шытырман оқиғаларға толы жерлер мен ғимараттарды бір топқа жинақтадық.
«Медеуде» орналасқан әруақтары бар үй.

«Медеу» мұз айдынының маңында орналасқан үлкен үйдің айналасында еретін аңыздар өте көп. Солардың ең танымалы құрылысының аномальді оқиғаларға байланысты тоқтап қалғандығы. Бұрын соңды бұл үйде ешкім тұрмаған деседі. Себебі үйдің құрылысы мистикалық оқиғаларға байланысты тоқтап қалған. Сол жерде жұмыс атқарған құрылысшылардың айтуынша, құрылыс жүріп жатқан кезде түрлі оқиғалар орын алған. Олар түнде ұйықтай алмаған: түрлі дыбыстар, есікті біреудің қаққаны, қыздардың күлкісінің дауысы естілген.


«Қапшағай» тас жолы.

Ел аузындағы сөздерге сенсек, тас жолы бұрынғы мазардың үстінде орналасқан. Оқиға жол бойында көлік ұстап тұратын «тұяқты қыз» туралы. Оқиғаны өз көзімен көргендер, басқа көлік жүргізушілеріне түнгі уақытта ол маңда тоқтамауға кеңес береді.


Баум тоғайы

Нақтыланбаған деректер бойынша орманның ішінде үлкен қазына жасырылған, ал сол қазына тапқан адамды үлкен қиындықтар күтеді. Осы уақытқа дейін сол елді-мекеннен әртүрлі көне дәуірге тиесілі алтыннан жасалған әшекейлер мен діни бұйымдар табылған деседі.


«Қазақфильмнің» артында орналасқан жол

Халық арасындағы аңызға сенетін болсақ, «Қазақфильмнің» сырт жағында тартылыс күшіне қарсы бағытта қимылдауға болатын жол бар екен. Ол жолдың бойында көліктер шыңға қарай бейтарап күйде жылжиды, ал су кері бағытта ағады.


Бос қалған ҰОС ардагерлерінің ауруханасы

Бұл ғимарат соғыс ардагерлері үшін арнайы салынған, кейіннен бұл жерде ауған соғысының ардагерлері де емделген. Бірақ кезінде гүлдей жайнаған ғимараттың қазіргі жәй-күйі өте нашар. Себебі сол жердің тұрғындары мен ғимарат күзетінің айтуынша, ауруханада тылсым, ауыр оқиға орын алған. Сол себепті барлық қызметкерлер мен емделушілер ғимараттан қашып шыққан. Тылсым оқиғаның құрбандары да бар деседі.

Ақнұр Тәуекел

arhar.kz


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста