Америкалық әйел "ібіліске тәуелді" қызын буындырып өлтірген
Америкалық әйел қызын буындырып өлтірді. Өзінің айтуы бойынша оның перзенті «ібіліске тәуелді» болған.
50-жастағы Хуанита Гомез өз қызын мойнынан буындырған. Ол қыздың аузынан қан аққан кезде ғана тоқтапты.
Полицейлер оқиға орнына келіп жеткен кезде 33-жасар әйел еденде ес-түссіз жатқан.
Жергілікті News9 телеарнасының хабарлауынша, әйелдің денесі крестке шегеленгендей күйде жатқан.
Марқұмның анасы тұтқындалды. Оның үстінен бірінші деңгейдегі адам өлтіру ісі (АҚШ қылмыстық кодексі бойынша алдын ала ойластырылған адам өлтіру қылмысы) қозғалды.
Күдікті бұдан бұрын да есірткі саудасымен айналысқаны және заңсыз қару ұстағаны үшін сотталған екен.
Еске сала кетсек, 2014 жылдың 19 қаңтарында экзорцизм сеансын жүргізу барысында екі баланы өлтіргені үшін тағы да екі америкалық әйел тұтқындалған еді.