Әулиелер әлемі 1

Әулиелер әлемі 1

 Әулиелер. Әулиелер дегенде ең алдымен еске ерекше қасиетке ие жандар түседі. Қарапайым жұрттың қолынан келмейтін хикметтерді жасай беретін жандар. Мұндай қасиеттерді Жаратушы өзінің Жер бетіндегі өкілдеріне, яғни пайғамбарларға ғана бермеп пе еді?! Қараңыз: Алла қолдап Нухтың кемесі топан суға батпады. Ибрагим отқа күймеді. Сүлейменге жындар бағынды. Мұса асасымен ұрғанда Нілдің суы қақ бөлінді. Иса өлгендерді тірілтті. Өзі де өлгеннен кейін тірілді. Мұхаммед аспандағы Айды екіге бөлді. Миғраж түні көкке көтерілді. Жәннатты аралап Жаратушының дидарын көрді. Оларға Алланың рахметі мен сәлемі болсын!
Ал енді әулиелер кімдер? Қарап отырсақ, олар да пайғамбарлар тәрізді қарапайым жұрттың қолынан келмейтін кереметтерді жасай берген. Бірақ, хикметтер кілті Аллада. Ендеше, әулиелер – Раббының ерекше назары түскен жандар. Яғни, жалған дүниеде пайғамбарлар жолын жалғап, жүрген жерінде иман нұрын таратушылар. Пайғамбарлардан кейін адамзат қауымы азғындыққа түспес үшін, жалған дүниедегі пенделердің парызын есіне түсірушілер болғаны. Ал адамзат болса қашанда қыңыр. Адамзат қауымы әулиелер тұрмақ, пайғамбарлардың өзін талай рет тас атып қуған. Сондықтан да, Раббымыз адамзаттың осынау бұзықтыққа бейім болмысын білгендіктен де, әулиелерге ерекше қасиеттер берген. Онсыз олар жұрт бетін өзіне бұра алмас еді. Иманға ұйыта алмас еді. Әулиелер сол Иесі дарытқан хикметтер арқылы көпшілікті тәубесіне келтірген.

Байқадыңыздар ма, Жаратушы өз құдіретін адамдарға таңдаулы адамдар арқылы көрсеткен. Сол таңдаулылар – әулиелер. Сопылар, бақсылар, йогтар, аватарлар, монахтар. Қысқасы, әр халық оларды өзінше атаған. Бірақ, түп мағынасы бір – әулиелер ерекше қасиет иелері. Олар – адамзат қауымын жақсылыққа, рухани тазалыққа, мейірімге иманға үндеушілер. Жүрген жерін қатыгездіктен, қаныпезерліктен, ашкөздіктен, қылмыстан тазартушылар. Адам баласын ауру-сырқаттан айықтырушылар. Сондықтан да халық оларды төбесіне көтерген. Зираттарына тәу еткен. Табынған. Алайда, олардың әулиелік тылсым сырын түсінбеген. Әулиелердің отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын қасиеттерін, немесе, бір мезгілде екі қалада, екі мешітте намаз оқи беретін құпиясын түсінбеген. Түсінбегендіктен де оларға құлай табынған. Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті Шашты Әзиз, Қарабура әулиелер (ХІІ ғ.) Түркістанда тұрып та бір мезгілде Меккеде намаз оқи беретін болған. Пір Бекет (XVIII ғ.) Маңғыстауда тұрып та Хиуадағы Шерғазы хан медресесіндегі намазға жығылған. Италиялық Франциск әулие (ХVI ғ) бір мезгілде шіркеудің ішінде де, сыртында да жиылған жамағат алдында тұрып уағыз айта беретін болған. Испандық әулие әйел Мария де Агреда (XVII ғ.) монастырьден шықпай-ақ мұхит асып, 500 рет алыс құрлықтарға сапар шеккен. Василий Блаженный (XVI ғ.) Мәскеуде Иван Грозныйдың көз алдында тұрып сонау Новгородтағы өртті сөндірген. Әулиелердің мұндай бір мезгілде екі жерде болу қасиеті ғылым тілінде – телепортация. Бұл – әулиелерге тән кереметтердің бірі ғана.

egemen.kz

Мына көрініс періштелердің бұл дүниеде бар екенін айғақтайтындай.. Періштелер нұрдан жаратылған, сондықтан олардың жаратылыстарында нұр басты рөл ойнайды. Періште ұғымы («мәләийка» сөзі) «пайғамбарлық, елшілік, өкілдік, ұлы істердің қалаушысы» және «заңғар биіктіктен түсу» деген мағыналарды білдіреді. Діни терминологияда «періште» сөзі («мәләк») макро әлем мен микро әлем арасында байланыс құратын, елшілік қызмет атқаратын, хабар жеткізетін, жақсылыққа итермелейтін ниетті ізгілікке бұратын өте киелі елшілер тобына айтылады. Олар ғайып әлемге құлақ асады әрі көбіне сол әлемнің қызметінде жүреді, екі дүниеде де жүріп жатқан Аллаһ тағаланың құдіретті істерін ұлықтайды. Періштелер тек «Әмір» әлемінің өкілдері ғана емес, олардың денесі де нұрдан тұрады. Тым нәзіктігімен, нұрлы шұғыласымен ерекшеленеді. Сондықтан олардың жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, бір нәрсенің ішіне елеусіз кіріп-шығу қабілеті де өте жылдам әрі айрықша жаратылған. Адамның көз қарашығына орналасып, оны жақсылыққа қаратып, әдемі нәрселерге көңілін бұрады. Пайғамбар мен әулиелердің жан сарайына басқаша, ал өсімдіктер мен хайуандар әлеміне мүлдем өзге пішінде ене алады. Жан дүниемізге құйылатын шабыт көбіне тікелей Аллаһ тағаладан келеді, кейде періштелер жеткізеді. Періштелер «Аллаһ тағаланың бұйрықтарына қарсы келмейді, әмір етілген нәрселерді орындайды»[1]. Бұл – періштелерге тән қасиет. Адам ешқашан періште сияқты бола алмайды. Өйткені адамның өмірі бір қалыпты емес: біресе жоғарылап, біресе төмендеп құбылып тұрады. Адам баласы кейде періштелерді қызықтыратындай тақуалыққа берілсе, кейде хайуаннан да бетер азғындап кетеді. Ал, періштелердің дәрежелері тұрақты. Олар нұрдан жаратылғандықтан, Аллаһ тағалаға еш қарсы келмейді. Осы қасиетімен олар адамдар мен жындардан ерекшеленеді. Періштелер ер-әйел болып бөлінбейді, өйткені оларда жыныс деген ұғым жоқ. Олар ашуланбайды, кек сақтамайды, қызғанбайды, яғни жалпы алғанда, олардың жаратылыстарында оғаш мінез-құлық болмайды. Олар адамдар мен жындарда кездесетін кемшіліктер мен нұқсандықтардан да пәк. Періштелер ішіп-жемейді, ашықпайды, шөлдемейді, шаршау дегенді білмейді. Істері үшін ақы-сый талап етпейді, керісінше Аллаһ тағаланың разылығы үшін жасаған амалдарынан жағымды әсер алады, рахат табады. Оларда лауазымға ие болу, жоғарылау деген ұғым жоқ, тек Аллаһ тағалаға жасаған құлшылықтарынан дәрежелеріне қарай ләззат алады. Нұрдан жаратылғаны үшін, азықтары да нұр. Қалайша адамдар су, ауа, жарыққа мұқтаж болып, түрлі азықтармен қоректенсе, солардан ләззат алса, періштелер де зікір, тәсбих, хамд, ғибадат, Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншіліктері мен мағрифат нұрымен азықтанып, солардан ләззат алады. Тіпті, хош иістер де олардың азығы болып табылады. Олар әдемі хош иістерді ұнатады. Сөздің реті келгенде, үлгі-өнеге иесі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әдемі хош иістерді ұнатқанын және үнемі үстіне жұпар иіс сепкенін айта кетейік. Әртүрлі / Періштелердің Қағбаға қонған сәті
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста