Аватар деген кім және ол туралы не білеміз

Аватар деген кім және ол туралы не білеміз

Аватар деген сөзді соңғы жылдарда жиі естіп жүреміз. Әсіресе, осы аттас фильм шыққаннан кейін бұл сөз қалың жұртшылыққа кең танымал болып алды. Дегенмен де, көбіміз аватар деген сөздің астарында не бар екендігін және бұл атау қай тілден алынғанын да жете біле бермейміз. Шын мәнінде «аватар» сөзінің астарында үлкен мән бар және ол дін іліміне етене қатысты.

Аватар – Құдайдың таралымы

Санскрит тілінде жазылған ежелгі веда ілімі кітаптарында «аватар» сөзі жиі кездеседі және оның ең негізгі мәні – Құдайдың таралымы деген ұғымды білдіреді. Әлем халықтары ұстанатын негізгі бес дәстүрлі дін болса, солардың ішінде құдайды мойындамайтын буддизм ілімінен басқаларының бәрі көп құдайлықты емес, бір құдайлықты басты қағидат етіп ұстанады.

Иә, Құдай жалғыз, бірақ ол сонымен бірге түрлі мақсаттарын орындау үшін сансыз көп болып тарала алады. Бұны мынамен салыстыруға болады: бір шырақ жанып тұр, сол шырақ арқылы біз екінші, одан үшінші, төртінші шырақты тұтата аламыз. Тіпті, бір шырақпен жүздеген шырақты тұтатып жағуға болады. Барлық шырақ бірдей жанып, бірдей жарық береді, дегенмен ең алғашқы шырақ – бәрінің бастауы болып табылады. Құдай жалғыз, бірақ ол түрлі мақсаттарды орындау үшін сансыз көп болып таралады, яғни бұл бір шырақтан сансыз көп шырақтардың тұтанып, жануы сияқты.

Бірақ та, шырақ мысалы Аватар ұғымына толық жауап бере алмайды. Құдайдың таралымдарының бір шырақтан жағылған басқа шырақтардан ерекшелігі сонда – олар жеке дара болып тұрғанымен, шындығында, саналары біреу ғана, яғни Құдай шексіз көп таралымдарға таралғанымен, жеке тұлғалылығын, жеке санасын мәңгі сақтап қалады.

Құдайдың үш түрлі таралымы

Веда әдебиеттерінде Құдайдың үш түрлі негізгі таралымы, яғни аватарлары бар екендігі туралы айтылған. Олар: 1-Пуруш аватар; 2-Гуна аватар; 3-Лила автар. Енді осы аватарларға жеке-жеке тоқталып өтелік. Мына өзіміз өмір кешіп жатқан материалдық әлем, яғни фәни дүние материалистік ғалымдардың пайымындағыдай өздігінен кездейсоқ жаратыла салмаған. Оның сыртында үлкен сана, яғни Құдай тұр. Шримад Бһагаватамда Құдайдың материалдық әлемді қалай жаратқандығы туралы жан-жақты айтылады.

Әуел баста барша әлем рухани болған, яғни материалдық дүниедегідей тіршілік иелері туып, қартайып, өлетін болмаған. Олар мәңгі жас кейіпте қайғы-қасыретсіз жан рахатында тірлік кешкен. Дегенмен, өзара қарым-қатынастарында, Құдаймен қатынастарында түрлі пендешіліктерге орын берген тіршілік иелерінің жүректері ақырындап ластанып, Құдайға емес, өз нәпсілеріне қызмет етуді, өз беттерінше рахат көруді ойлана бастайды. Жаратқан сондай пенделер үшін мына фәни дүниені, яғни материалдық әлемді жаратқан.

Материалдық әлемді жарату үшін Құдай бақи әлемнің ішінен сырты жер-су, от сияқты бірнеше элементпен қоршалған бөлек орын дайындайды. Содан соның ішінде өз терінен жасалған су мұхитында нидра иога деп аталатын иогалық ахуалға бөленеді. Сөйтіп бақи әлемдегі сансыз көп планеталарда сансыз көп таралымдарымен сансыз көп тіршілік иелеріне шексіз бақыт сыйлаған Құдайдың  Пуруш аватар деп аталатын таралымы әлгі сырты қоршалған орында жатып, фәни тіршілікті жаратуға кіріседі. Ол таралым – Маха Вишну деп аталады.

Иога нидра ұйқысында жатқан Маха Вишнудың дем шығарғанында оның тәнінен сансыз көп көпіршік сияқтанып шыққан фәни әлемдер кеңістікке таралады, ал ол демін тартқанда сол әлемдер оның тәніне қайта кіріп, жоғалады. Әр деп шығару мен дем алуының аралығында триллиондаған жылдар уақыт өтеді. Тіршіліктің өлшемі осымен өлшенеді.

Маха Вишнудың дем шығарғанда тәнінен шыққан сансыз көп әлемдердің әрқайссысы сырты 8 элементпен қоршалған жеке әлем болып табылады. Ол әлемнің ішінде екінші Пуруш Аватар – Гарбходакашай Вишну нидра иога ахуалында жатады. Оның кіндігінен өсіп шыққан алып лотастан ең алғашқы тіршілік иесі – жаратушы періште Брахма пайда болады. Лотосдың сабағында барша планеталық жүйелер орналасады. Брахма сол планеталарды тіршілік иелерімен толтырады.

Үшінші Пуруш Аватар – әрбір тіршілік иесінің жүрегінен орын алған Құдайдың таралымы – Кширодакашай Вишну немесе Параматма деп аталады. Параматма, тіпті әрбір атомда бар дейді. Осылайша үш түрлі Пуруш Аватар барша материалдық әлемді жаратып, оның өмір сүруіне жағдай жасайды.

Гуна Аватар мен Лила Аватарлар

Мына фәни әлемде тірлік кешетін тіршілік иелерінің бәрі шын мәнінде қуыршақ іспетті. Иә, тіршілік иелері кәдімгі қуыршақ театрындағы сыртынан адам-актерлар жіппен қозғалысқа келтіріп, сөйлеп, түрлі әрекеттер жасататын қуыршақ сияқты. Адамдарды қозғалысқа келтіріп, түрлі әрекеттер жасауға еріксіз мәжбүрлейтін қуат – гуна деп аталады. Табиғатта үш түрлі гуна бар, олар: саттва гуна немесе қайрымдылық гунасы, раджа гуна, яғни құштарлық  гунасы және тама гуна, яғни қараңғылық немесе надандық гунасы.

Осы табиғатты қозғалысқа келтіріп тұратын үш қуат – үш гунаның қызметін бақылап, басқаратын Құдайдың үш таралымы бар, бірақ олардың дәрежелері үш түрлі. Саттва гунаға иелік ететін – Вишну, бұл Құдайдың тікелей таралымы, яғни аватарасы. Ал құштарлық гунасын басқаратын – Брхама – бұл джива, яғни біз сияқты тіршілік иесі санатында, дегенмен, оған үлкен міндет жүктеліп, қасиет берілген. Ал тама гунаға иелік ететін – Шива періште болса, ол джива аталатын кәдімгі пенделерден дәрежесі жоғары, бірақ Құдайдың тікелей таралымы болып саналатын Вишну таттвадан дәрежесі кемдеу, яки қарапайым пенделер мен Құдайдың арасынадғы аралық буын саналады.

Индуизм дінінде негізгі құдайлар болып саналатын осы үш тұлға, яғни Вишну, Брахма және Шива – Гуна аватарлар болып табылады. Бұл үшеуі мына әлемді қозғалысқа келтіріп, тіршілік иелерін әрекет етуге ынталандыратын, соған еріксіз мәжбүрлейтін үш қуаттың иелері.

Сонымен бірге, Құдайдың Лила автар деп аталатын таралымдары да бар. Лила – санскрит тілінен алғанда ойын деген мағынаны білдіреді екен. Яғни, лила аватарлар Құдайдың әр кезеңде фәни әлемге келіп, түрлі мақсаттарды орындайтын  таралымдары. Лила  аватарлардың санында шек жоқ. Олар өте көп және әр дәуір сайын келіп-кетіп отырады.

Осыдан бес мың жыл бұрын жер бетіне келген Құдайдың таралымы Васудев-Кришна Бһагавад Гида кітабында Өзінің әр дәуірде жер бетінде дінсіздік күшейіп, күнәкарлық белең алғанда адамдар арасына келіп, дінсіздерді жазалау, имандыларды олардың зомбылығынан құтқару және қасиетті дінді қалпына келтіру міндеттерін орындайтындығын айтады. Яғни, құдайсыздық белең алып, күнакарлық күшейген заманда Құдайдың таралымы жерге түсіп, қасиетті дінді қайта қалпына келтіріп отырады екен.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста