Балгерден келген зауал

Балгерден келген зауал

Отбасында алты ұл, екі қыз болып өстік. Екі қарындасым бала күндерінен бір-біріне сыр бөлісер құрбы, серік болып өсті. Қазір барлығымыз үйлі-баранды, кейбіріміз немерелі болдық.

Әке-шешеміздің көзі кеткелі, міне, үш жылдың жүзі болды. Олардың ата-аналық мейірімдерін сыйлай алмасақ та қарындастарымызға барынша қамқор болып келеміз. Осы уақытқа дейін олардың арасына кірбің түскенін көрген емеспіз. Алайда, бүтін ыдыстың сынып қалуы әп-сәтте екен. Ең сорақысы, бөлешектеніп кеткен ыдысты қайта қалпына келтіру қиын.

Әпкелі-сіңлілі Жадыра мен Назерке бір көшенің тұрғындары. Бір-бірінің үйіне қонаққа жиі келіп, бала-шағалары да бір үйдің балаларындай араласып –құраласып жүре береді. Бір күні Назеркенің үлкен қызы Сандуғаш әпкесінің үйіне қонаққа келеді. Өзі үш ұл тәрбиелеп, қыз баланың жоқтығынан шығар Жадыра оны сәби күнінен өзіне жылы тартып, ерекше жақсы көретін. Сандуғаштың келетінін алдын-ала білген әпкесі биыл жоғары оқу орнына түскелі жатқан қызға сыйлық беруді жөн көріп, әдемі көйлек дайындап қойған. Үстіне жараса кеткен көйлекті көргенде Сандуғаш сондай қуанып еді. Алайда, сол сәні келіскен көйлек тату екі отбасының арасына шоқ түсіреді деп кім ойлаған.

Бар пәле Назеркенің балгерге баруынан басталды. Ол бұрыннан тәуіп, балгер дегендерге имандай сеніп, жиі көмек сұраушылардың бірі еді. Бұл жолы қызының оқуға түсер алдында жолын бір аштыртып алайын деген ниетпен барған екен. Сандуғаш пен анасы балгердің алдына отырғаны сол-ақ еді анау қыздың үстіндегі көйлекке алара қарап, «дереу шеш» деп айқайға басты. Балгердің сүйікті әпкесінің сыйлаған көйлегінен неге сонша шошынғанын түсінбей қалған байғұс қыз айтарға сөз таппай қалды. Назерке болса тосын жайдың себебін білгісі келіп іштей тұнып тұр. Бір кезде қолына құмалақтарын ұстаған әлгі балгер «мына көйлекті саған өте жақын туысың жаман ниетпен берген. Ол оқытылған. Сенің жолың болмасын, алдағы өмірі қиыншылық пен азапқа толы болсын деп қарғап-сілеп берген» деп ауыр сөздерді айта бастады. Мына сөздерді естіген анасы мен қызының көзі шарасынан шыға жаздады. Не сенерін, не сенбестерін білмей дал болды. Балгер одан басқа жарытып ештеңе айтпады. Келушілердің де басқаны тыңдауға мұршалары болмады. Үйге оралған Сандуғаш көйлекті шешіп, барлық жерін тіміскілей бастады. Бірақ, көзге ұрынарлық ештеңе байқамады. Әпкесін жамандыққа қимаған ол көп ұзамай бұл оқиғаны есінен де шығарып тастады. Ал анасы сол күннен кейін әлі өз-өзіне келе алмай, ойы сан-саққа кетті. Бала күнінен қамқор болып келген әпкесінің қызына осылай жамандық істеуі мүмкін бе, егер солай болса не үшін, не мақсатта деген сұрақтар жанын жегідей жей берді. Ойындағысын күйеуіне, жақындарына ашып айта алмады. Бірер күн өткесін Жадыра кенже баласымен сіңлісінің үйіне қонаққа келген болатын. Жақынын селқос көңіл-күймен қарсы алған Назерке әпкесіне қараған сайын балгердің сөзі ойына орала берді. Бірақ, ләм-лим деп жақ ашпастан онымен қоштасып, шығарып салды.

Арам ойдан ада Сандуғаш ай-күннің аманында көлік апатына ұшырап, ауруханаға түсіп қалды. Әрине, пенде болғасын жазым деген аяқ астынан болады емес пе! Алайда, Назерке мұны кездейсоқтыққа балаған жоқ. Күдігім расқа айналды деп барлығын Жадырадан көрді. Қызының жағдайы қалыпқа түскесін дереу әпкесінің үйіне барып шу шығарды. Осы уақытқа дейін осыншалықты ауыр сөздерді айтып көрмеген ол бұл жолы артық кетіп, әпкесімен жаға жыртысуға дейін барды. Мұндай мінезін бұрын-соңды байқамаған Жадыра ешқандай арам ойының жоқтығын айтып, оны сабасына түсіруге тырысты. Алайда, Назеркені әпкесінің сөзі емес балгерге деген сенімі жеңіп кетті. Сол күні ол оның жүзін қайта көрместей болып кетіп қалды. Масқара оқиғаны біз кейіннен естіп білдік. Ағам мен інілерімді жинап, екеуін қанша татуластырамыз дегенімізбен ештеңе шықпады. Назеркенің көзін шел басқандай ешқайсымыздың сөзімізге құлақ асар емес. Олардың қырғи-қабақ болғаны біздің де жанымызға аяздай батты.

Арада жылдар жылжып өте берді. Апалы-сіңлілердің араздығы тарқамады. Бұл жағдай Жадыраның көңіліне ауыр тиді ме көп ұзамай қатты науқастанып қалды. Төсек тартып жатқанда да сіңлісі көңілін сұрап келмеді. Ақыры тағдыр өз дегенін істеп Жадыра жүрек талмасынан өмірден озды. Қарындасымыздың өлімі барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып кеткенмен, Алланың ісіне амалсыз көндік. Жаназаға ағайын-туыс, көрші-колаң, дос-жаранның барлығы қатысты. Алайда, Назеркенің тас жүрегін Жадыраның өлімі де жібіте алмағанына қатты ашындық. Соқыр сенімнің жетегінде кеткен ол бізге де уақыт өте келе жат бауыр бола бастады.

Даудың басы Жадыраның Сандуғашқа сыйлаған көйлегінен басталмап па еді. Балгердің сөзінен кейін, міне, арада он жыл сырғып өтті. «Дуаланған» Сандуғаш оқуын үздік бітіріп, тұрмысқа шығып, ұлды болды. Баяғы көйлекті әлі сақтап қойған екен. Жамандық, дуаның ізі де жоқтығына көзі жеткен кенже қыз өз ісіне енді өкіне бастады. Жадыраның көзі кеткесін өкінгенмен не пайда?! Әпкесінің жоқтығын сезіне бастаған ол ағайын-туысты түгел жинап кешірім сұрады. Кеште болса ақыл кіргеніне әрине қуандық. Біз кешіруін кешіреміз-ау, бірақ арғы дүниеде жаны жай таппай жатқан Жадыра ақымақ сіңлісін кешіре алар ма екен?!

Балгердің бір-екі ауыз сөзі қаншама бауырдың, ағайынның сенімдерін шытынатты. Тәуіп-бақсылар Назеркеден басқа да қаншама адамның өмірін ойран етіп жүр десеңізші. Қандай жағдай болса да бір-бірімізге деген сенімдерімізді, махаббаттарымызды жоғалтып алмайықшы!

rgmedia.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста