«Бақытсыз өтсін» деп дуа жасап, алдыңнан тұз шашқан
Арман қуып Алматы шаһарына келдім. Ол кездегі ең сұранысқа ие мамандық - мұғалімдік болатын. Менде жұрттан қалыс қалмай қазақ тілі ж/е әдебиеті мамандығының студенті атандым.
Оқу басталды, қызыққа толы студенттік өмірім өте бастады. Университет ішілік жұмыстарға белсене араласып, әп- сәтте көптеген достар арттырдым. Мұндай кезде жігіттер қарап қалсын ба?! Оларда сөз сала бастады. Солардың ішінен ерекше болып "ол" көрінді. 4 ай жүгіртіп, оқу жылының соңында сөзімді бердім. Осылай махаббат дастанының кейіпкері болып шыға келдім. 3 ай демалысты әрең өткізіп, сағынып, алып- ұшып Алматыма жеттім. Бірақ, қуанышым ұзаққа созылмады. Ол осы универдің бір қызының аяғын ауырлатып, соттатамын дегесін үйленуге мәжбүр болыпты. Ол кезде қазіргідей телефонда жоқ...
Бірақ, жасымадым. Алдыңғыдай көңілді қалпымды сақтап, оқуымды жалғастырдым.
Сонда дағы ішімде " таңдап жүріп, тазыға жолыққаным не?!" деген өкініш жатты.
Олардың отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Маған қайта сөз сала бастады. Анасын әкеліп, ортаға салып, мені ғана сүйетінін айтып ант-су ішті. Біз қыздар құлақпен сүйеміз ғой... қайта соның қақпанына ілініп қала бердім...
Өткенді ұмытып, жаңа болашаққа қадам бастық. Бұл жолғы бақытты шақтың ғұмыры бар- жоғы 6-ақ айға созылды. Оның әйелі қызды болыпты. Құрбылары арқылы "сәлемдеме" жеткізді. Кездестік... менен "оны" тастауымды өтінді. Оның көз жасын қимай, жарайды деп уаде еттім. Сөйтіп оған қызына, әйеліне баруын, маған енді жоламауын өтіндім. Тыңдайтын ол бар ма?! Менің жолымды тосуды шығарды. Тіпті қызын бір көругеде бармапты. Оған ерегіскенде мен басқа жігітпен жүріп кеттім. Ол отбасына қосылды, бәрі бітті деп ойлап жүргенімде, маған тағы хат келді... әйелінен...
Хатта: "сені қыз ғой түсінеді ғой десем, олай болмады. Қызымның, менің көз жасым жібермесін, өмір бойы ана бақытына зар болып өт"-деп жазылыпты. Мен оны жібердім, бармағанына мен кінәлі емеспін, бастысы Алланың алдында ақпын ғой деп көңіліме алмадым.
Бір күні базарға азық- түлік алуға барғанымда, сыған әйелі қасымнан қалмай қойды. Сіңлім, саған біреу бақытсыз өтсін деп дуа жасап, алдыңнан тұз шашқан, ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой, жолыңды ашып берейін деді. Оған бір күлдімде кете бардым.
Бірақ содан кейін қанша жігітке сөзімді бердім. Барлығының арақатынасы тек 1-2 айға дейін жетті. Одан кейін үнсіз жоқ болып кете беретін болды. Ол үйреншікті жағдайға айналып кетті. Тек жұмыс деп жұмысқа кірісіп кеттім.
Олардың кейінгі өмірінен хабарым жоқ, бірақ, оқу- жұмыс деп жүріп мен 50-ді алқымдадым. Әйел бақытын... ана бақытын... жалпы бақыт атаулысын сезінбей...
Өмірге келген арыммен өмірден өтіп барам...
Өмірден өткен әйелдің күнделігінен