Барыс жылын қалай қарсы алу керек?

Барыс жылын қалай қарсы алу керек?

Құшағын айқара ашқалы тұрған 2022 жыл – қазақтың жыл санауы бойынша Барыс жылы. Қазақтың жыл қайыруындағы он екі жыл – бір мүшел болып саналады. Барыс сол он екі жылдың үшінші жылы. Бірінші – тышқан жылы, екінші – сиыр, үшінші – барыс, төртінші – қоян, бесінші – ұлу, алтыншы – жылан, жетінші – жылқы, сегізінші – қой, тоғызыншы – мешін, оныншы – тауық, он бірінші – ит, он екінші – доңыз жылы.

 

Халық тарихи оқиғаларды, табиғи құбылыстарды ескеріп әр жылды бір шумақ өлеңмен сипаттаған.

 

Тышқан жылы – тыныштық

Сиыр жылы – сыйлық

Барыс жылы – бірлік

Қоян жылы – қамбалы

Ұлу жылы – үлгілі

Жылан жылы – жайлы

Жылқы жылы – жұтсыз

Қой жылы – құтты

Мешін жылы – мерейлі

Тауық жылы – табысты

Ит жылы – игілік

Доңыз жылы – дүниелі, деген.

 

Барыс – жалпы түркі ұғымында өжет, текті аң. Қазақ халқының жорамалдарында Барыс жылы жайлы, тыныш жыл саналған. Ал Барыс жылы туған адамдар қажырлы, қайратты, бекзат, жомарт болып келеді дейді. Тарихта Барыс жылының қазақ үшін ең жайсыз болып келгені – 1986 жыл. Бұл жылы Желтоқсан оқиғасы болған еді. Ал Тәуелсіздік алғалы бері Барыс жылын екі рет өткеріппіз: 1998 және 2010 жыл. Ал келер 2022 жыл Тәуелсіздік дәуіріндегі үшінші Барыс жылы.

 

Келер жылы адамдар үнемі қимыл-қозғалыста жүреді. Жиі көшіп-қонады. Тек алға қадам жасап, дамып, өсе береді. Сондай-ақ 2022 жыл депозит ашып, ақша жинауға қолайлы кезең. Бірақ көзсіз тәуекелге баруға болмайды. Асығыс шешім қабылдап, опық жеп қалуыңыз әбден мүмкін. Барыс жылының бұдан өзге ерекшеліктерін төменде баяндаймыз. Назар аударыңыз.

 

Барыс жылын қалай қарсы алу керек?

 

2022 жылы кейінге қалдырып келе жатқан өзгерістерге бет бұру керек. Жұмысыңызды ауыстыруға өте қолайлы жыл. Тіпті айналысатын салаңызды да түбегейлі ауыстыруға болады. Жаңа дағдылар мен машықтарды меңгеріп, алға жүру қажет. Сондай-ақ бұл жылы қоныс аудару да қолайлы болмақ. Барыс – мінезді, танымды жануар. Ол жаңа дүниелердің бәріне қызығып жүреді, бойында қорқыныш деген қасиет жоқ. Барыстың белгісі – су. Ол агрессияны басып, тыныштандырып отырады.

 

Үйге қалай сәттілік шақыруға болады?

 

Сәттілік шақыратын ең жақсы дүние – барыстың мүсіні. Оның металдан жасалғаны дұрыс. Одан бөлек шыны, хрустальға ұқсайтын материалдардан жасауға болады. Талисман болатын бұйымды жиһаз, мәселен шам түрінде де жасауға болады. Ал егер алқа немесе түйреуіш  жасатсаңыз тіпті жақсы. Ескеріңіз, Жаңа жыл қарсаңында былтыр алған талисмандардың бәрін тастап, жаңа Барыс жылының талисмандарын алыңыз. Себебі Барыс бәсекелестерді ұнатпайды.

 

Жаңа жылды қайда қарсы аламыз?

 

Барыс жылын үйде немесе қонақта қарсы алуға болады. Бастысы көп адам жиналмауы керек. Барыс өзінің табиғатынан жалғыз жортатын аң. Айналасында тобырдың жүргенін жақтыртпайды. Ең дұрысы – дастархан басында ең жақын адамдар мен туған-туыстың ғана жиналғаны.

 

Қандай киім киген жөн?

 

Ала киім кимеген жөн. Себебі Барыстың өз түсі ала болғандықтан, ондайдың бәрін бәсекелес деп қабылдайды. Бейтарап түсті киімдер таңдаңыз: жасыл, алтын түстес. Ал әшекейлерді су стихиясынан таңдаңыз. Жыл символы тым ашық, жарқын түстерді ұнатпайды. Суық түстерге басымдық берген абзал.

 

Үйді қалай сәндеу керек?

 

Мерекеде біздің үйіміздің қалай сәнделгені өте маңызды. Себебі Барысқа бәрі жайлы, тыныш, ыңғайлы болуы керек. Төніп тұрған қауіптей елестейтін, қатты көзге түсетін түстер қажет емес. Қызыл, қызғылт түстерден аулақ болыңыз. Себебі олар тыныштықты қашырады. Жұмсақ плед, жапқыш, жастықтарды көбірек төсеп қойған дұрыс. Шыршада міндетті түрде барыстың мүсіні болуы керек.

 

Дастархан мәзірі қандай болуы керек?

 

Сулықтар мен дастарханның ақ немесе алтын түстестерін таңдаймыз. Үстелге балауыз шамдар қойған да артық болмайды. Мәзірде міндетті түрде құрма, апельсин, мандарин және ет болуы керек. Себебі Барыс ет жейтін жыртқыш аң. Еттен әзірленген тағамдар қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Бірақ тауы, сиыр, доңыз еті ме, қандай ет екені маңызды емес!

 

Қандай сыйлықтар жасау керек?

 

Бұл жылғы сыйлық қолайлылық үшін емес, көңіл қуанышы үшін берілуі тиіс. Себебі Барыс шаруақор емес. Ол бекзат жануар. Әсемдіктің символы. Сондықтан жанға жағатын сыйлықтар берген жөн: парфюмерия, картиналар, кітаптар, хобби тауарлары.

 

Барыс жылынан не күтеміз?

 

Барыс – белсенді, үнемі азық іздеп жүретін аң. Үнемі қимыл-қозғалыста жүреді. Ол энергияның, күш-қуаттың символы. Барыс жылы да солай, жаңалыққа толы, болжауға келмейтін жыл. Сондықтан бұл жылы белсенді қимылдап, іс-әрекетке көші керек және өзгерістермен бетбұрыстарға дайын болу керек. Бұл - мансап жылы. Батыл қадамдар жасасаңыз жаңа биіктерге шығасыз. Әсіресе қызметі ораторлықпен, саясатпен, шығармашылықпен байланысты адамдардың ісі алға басады. Тек бастаған істі орта жолдан тастап кетпеу керек. Және жаңа салаларды, жаңа машықтар мен дағдыларды меңгеру қажет. Сондай-ақ Барыс махаббат символы. Сол себепті бұл жылы көп адам өзінің жұптарын жолықтырады. Ал денсаулыққа қатысты қиындықтар туындамауы тиіс. Бастысы – белсенді болып, режим сақтаса жеткілікті.

 

 

 

sn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста