Бұрынғы енесі дуалаған келіншек
Бірінші күйеуінен ата-енесінің кесірінен ажырасып, екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек жан срыын ақтарды. Оның сөзінше, ол үйленбеген жігітпен отау құрып, одан әлі бала сүйе алмай жүр екен. Жақында бірінші енесінің оны балалы болмасын деп дуалағынын білген әйел адам көптен кеңес сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Келіншек басындағы жағдайды Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында баяндады.
Әйел адам алғашқы некесінің ата-ененің кесірінен бұзылғанын сөз етті. Екінші рет үйленбеген жігітке тұрмысқа шыққан ару оны шын мәнін сүймейтінін, тіпті, төсек ләззатын алмайтынын алға тартты.
"Мен осыған дейін турмыста болғанмын. Ата-енемнің кесірінен ажырасып кеттік. Араға бірнеше жыл салып жақында үйленбеген жігітке тұрмысқа шыктым... Екеуіміз кездесіп жүргенде оған деген сезім болған жоқ. Туысқандарым жігіт жақсы, сен де жас емессің, бұдан артығын таппайсың деген соң тұрмысқа шықтым. Оның үстіне төсекте сезім оянады дегенді естіп соны таңдадым. Десе де мен оны қаламаймын. Жалпы төсек ләззатын сезген емеспін мүлдем", - дейді келіншек.
Оның айтуынша, бір кісі оған бұрынғы енесінің оны дуалап тастағанын, баласымен ажырастыру үшін дуалап тастағанын сөз етті.
"Маған оның тіпті, соңғы күндері мені сүйгені ұнамайды. Ол жақсы жігіт, ішімдік ішпейді, жаман қылықтары жоқ. Маған дауыс көтермейді. Менің көңіліме қарап, асты-үстіме түсіп жүреді. Бірде бір кісі алғашқы енемнің мені дуаланғанын айтты. Сөзінше, енем баласымен ажырасып кетсін, балалы болмасын деп оқытқан екен. Әлі күнге дейін бала көтермедім. Бұған сол дуа әсер етуі мүмкін бе? Не істерімді білмей қалдым", - деп көптен кеңес сұрады ол.