Cу перісін сүйген жігіт

Cу перісін сүйген жігіт

Бекжанның мінезі томаға-тұйық. Өзі ешкіммен сыр бөлісіп, ойын ашық айтпайтын. Оныншыны сәтті аяқтап, жазғы демалыста жүрген. Бірге оқыған сыныптастарымен бірге ауыл шетіндегі көлге түсіп, шыжыған ыстықта бір салқындап қалатын. Бекжан мен оның достары суға түсуді кәдімгідей әдет қылып алған. Кейде түс ауа барып, үйге кеш қарая қайтатын. Су жағасы олар үшін көңілді орын. Бес-алтауы бірігіп, су үстінде доп қуаласып ойнайды. Кейде айнала отыра қалып, әртүрлі әңгімелер айтады.

 

Бүгін де балалар әдетіне басып, көл жағасына келді. Күн төбеден түсердей болып тұрған соң ба, салқын су балалардың көңілін көтерді. Ойын қызығына батып, Бекжан су үстінде өзін қуып жүрген Досболдан қашамын деп олардан әрірек жүзіп кеткен. Кенет ол өзінің достарынан едәуір ұзаққа кеткенін байқамай қалды. Артына қараса, ешкімнің қарасы көрінбеді. Бағанағы у-шудың ешқайсысы да естілмей қалды. «Тым ұзаққа жүзбеген сияқты едім» деп Бекжан келген ізімен кері қарай жүзіп келеді. Бірақ, жүзгені өнбей, достарына қарай жете алар емес. Аң-таң күйде қалған Бекжанның жүрегі зу етіп, аузына тығылғандай болды. Бір мезетте әлдебір нәзік дауыс оның дәл құлақ тұсынан сыбырлағандай болып өтті. Жанына жалт қараса, ештеңе көрінген жоқ. Қорқынышты жеңіп, алға қарай жүріп, сәл тыныстап алуға су жиегіне шықты. Айнала тып-тыныш және Бекжан отырған аумақ көкпеңбек болып, тұманданып тұрды. Көзі суға түсіп кетіп еді, судың майда толқындарымен бірге әдемі қыздың бейнесі көрінді. Өңім бе, түсім бе, бұл нендей құбылыс деп Бекжан көзін уқалап қайта үңіліп қарады. Қасы-көзі қиылған қыз бозбалаға қарап, өзіне оны шақырғандай болды. Бір кезде әлгі су бетіндегі бейне су үстіне көтеріліп, ауада қалқып тұрды. «Егер күнде кешкі мезгілде осында келіп тұруға уәде берсең, мен сені достарыңа қайта жіберемін» деді қыз. Бекжан қорқынышы да бар, қызығушылығы да бар, «иә, иә» дей берді. Ауада қалқыған қыз-бейне жалт етіп жоқ болды. Тұман сейіліп, айнала ашылып, күн көзі жарқырап тұрды. Су бетіне сіңіп жоқ болған сұлудың ізін таба алмай отырған бала достарының «Бекжан, саған не болды ей, сан сағаттан бері суға үңілумен болдың ғой» деген дауыстарынан селк ете қалды да, ол достарымен бірге қайта ауылға беттеді.

 

Содан кейін Бекжан ауыл шетіндегі көлге достарымен емес, олардан ұрланып кешқұрым өзі баратынды шығарды. Баласының мұнысын байқаған анасы «балам, кеш қарайғанда ауыл сыртында не бар?» десе, «анашым, уайымдама, қасымда балалар бар» деп кетеді. Су перісімен сырлас болған Бекжанның алдымен мінезі өзгере бастады. Күнде кешқұрым судың сұлуымен көңіл көтеріп, өзге әлемге еніп кеткенін өзі де аңғармай қалатын. Бозбала бұрынғыдай емес. Томаға-тұйықтығы былай тұрсын, соңғы кездері әке-шешесінің сөзіне жауап та бермейтін болған.

 

Баласының бойындағы өзгерісті байқаған анасы Күләш Бекжанмен бір сыныпта оқитын Еркінді соңынан аңдып, ау-жайын байқап беруді сұрайды. Мұнысын құп көрген Еркін досына білдіртпей ізін кеседі. Еркін байқап қараса, Бекжан сол күні де өздері келетін көлге қарай асығыс басып келе жатыр екен. Кенет Бекжан апыл-ғұпыл киімдерін шешіп, көлге қойып кетеді. Еркінге су бетінде тек Бекжан жалғыз өзімен-өзі су шалпылдатып ойнап жүргендей болып көрінді. Ара-тұра «қайдасың, қайда кеттің» деп күле сөйлеп, күбірлеп қояды. Еркін момақан досының әлдебір қызбен көңіл көтеріп жүргенін сезді. Бірақ, ол жерде Бекжаннан басқа ешкімді анық көре алмады.

 

Досы болған жайдың барлығын Бекжанның анасына айтып берді. Осыдан соң Күләш баласын кешқұрым ешқайда жібермеуге бел буды. Баласы әдетіне басып, кетіп бара жатыр еді, анасы рұқсат бермей қойды. Анасының сөзіне құлақ асқысы келмей, жұлқынды. Күләш бала көндікпеген соң әкесін көмекке шақырды. Ақыры екі жақтап баласын алып қалды. Сол түні Бекжан түні бойы дұрыс ұйықтай алмай, дөңбекши берді. Қызуы көтеріліп, сөйлей алмай, біржолата тілден қалады. Әке-шешесінің оны көрсетпеген жері қалмады. Дәрігерлер де нақты диагнозын қоя алмай әбігерге түсті. Болмаған соң әулие-әнбие, емші жағалап көрген. Олар «баланың санасын су перісі арбаған, мұның тілі тек соны көргенде ғана шығады» дейді. Олар бұдан басқа баланың тілін қайта шығаратын жол жоқ дегенді айтады. Салы суға кеткен ата-ана балаларын қайта еркіне қоймасына амалдары қалмайды.

 

Бекжан тағы күн ұясына батысымен көлге қарай аяңдап бара жатты.

 

 

 

halyk-gazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста