Дуа мен сиқыр бір отбасын қалай бүлдіреді?
Дуа, сиқыр, жын деген ұғымдар бүгінгі таңда көпшілікке таныс. «Пәленшені түгенше дуалап тастапты», «біреудің жолын тағы біреу жауып тастапты», «бағын байлап тастапты» деген сөздер жиі айтылатын болды. Ене мен келіннің, еркек пен әйелдің, саудадағы бақталастардың арасында мұндай істер көбірек кездесуі мүмкін. Енді жеке адамдар былай тұрсын, белгілі бір отбасыларға, тіпті аудандар мен қалаларға осындай шайтани істер істер әсер ете бастағандай көрінеді.
Дін Исламның мұндай сорақы қылықтарға өе қатты тыйым салатыны белгілі. Мұнымен айналысқан адамдар діннен шығуға дейін барады. Қасиетті Құранда: «Сиқыршы қайда барса да, (Алланың азабынан) құтылмайды» делінген («Таһа», сүресі, 69-аят). Ол жайлы анық хадистер де бар. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сиқырлықпен айналысқан әрбір адам (дуакеш) күпірлікке кірді» деген хадисінен осыны аңғарамыз. Осылайща дуаға, сиқырға қатысы болып жүріп, кей адам мұсылмандықтан шығып, Алланың жауы – кәпірге айналып кеткенін де сезбеуі мүмкін. Бірақ біз бүгін осы ахуалға ғылыми тұрғыдан көз жүгіртуге бел байлап отырмыз.
Сиқыр мен дуаның әсері бірнеше адамға, ауылға, ауданға, тіпті қалаға әсер етуі мүмкін бе? Белгілі бір мекенде кеше ғана берекеге кенеліп отырған ата-бабалар өмір сүрсе де, күні бүгін олардың ұрпақтары азғындыққа ұшырап кетуі қалай жүзеге асады? Осы жағдайлардың ғылыми негіздерін дұрыс түсіну үшін алдымен бірнеше ұғымдарды түсінуіміз қажет.
Әр адам өз бойынан белгілі бір биотолқындар бөледі. Сондай-ақ айналасындағы биотолқындарды өзіне қабылдай алады. Бұл – бүгінгі ғылым мойындаған шындық. Мысалы, кәдімгі теледидардың антеннасы, радионың толқындары, ұялы телефондардың өзара байланыстары, спутниктің әсері – бәрі де белгілі бір биотолқындардың әсерімен жүзеге асатын процестер екенін білеміз. Тіпті екі адам сөйлескенде, бір-бірінің сөзін есітуі үшін де биотолқынның қажет екені анық. Антенна белгілі бір белгіні (сигнал) ұстайды, сол белгі тиісті құрылғыға әсер етеді. Қазір енді жылдамдықты өлшейтін құрылғылар (радар) шықты. Олардың да негізінде осы биоалаң жатқан болса керек.
Міне, дәл осы секілді әр адамның бойынан биотолқындар бөлініп отырады. Алайда техниканың бұл аталған мүмкіндіктеріне қарағанда тірі адамның биоалаңы әлдеқайда күрделі екенін ғалымдар дәлелдеп үлгерді. Қарапайым бір мысал келтірейік. Бір ана баласын әскерге жібереді де, өзі ауылда қалады. Күндердің бір күнінде кенеттен ананың жүрегі шаншып қалады: «Балам! Балама бір нәрсе болып қалды ма екен?» деген ой кейуананың санасын торлап алады. Кейін қарасаң, дәл сол сәтте оның баласы, шынында да, бір қиындыққа душар болғаны білінеді. Мұның құпиясы неде? БІз айтып отырған биотолқындарда. Ана мен баланың ұқсас, тектес биотолықндары бір-біріне түйісіп қалғанда, әлгіндей сезім орнаған. Әрине, толқындардың бұл жүйесі атомдар арқылы жүзеге аса ма, әлде биоөимиялқ қарым-қатынастардың әсері ме, белгілі арнайы жасушалардың (клеткалардың) қызметі ме деген сұрақтардың басы ашық. Әзірге мұның бәрі Алла Тағаланың шексіз құдіретін білдіретін белгілер екенін мойындаумен шектелеміз. Сонау ерте замандардың өзінде адамның қыр-сыры мол жұмбақ жаратылыс екенін ғалымдар мойындаған. Протогордың: «Адам – барлық нәрсенің өлшемі» деген сөзі мәлім. Адамның сырын ашқан сайын Алланың құдіреті айқындала береді.
Ал енді мәселенің өзегіне келейік. Мысалы, бір отбасында арақ ішетін, темекі шегетін, зина жасайтын, былапыт сөздерді көп айтатын бірнеше адам бар делік. Солардың бәрінен биотолықындар бөлінеді де, бәріне ортақ биоалаңды құрайды. Мұны ғылыми тілде «эгрегор» деп атайды. Жаңа пайда болған биоалаңның адамның денсаулығына да, күнделікті тіршілігіне де мол әсері болады. Бір бөлменің ішіне кіріп, таңертеңнен кешке дейін былапыт сөздерді айтып, сосын кешке сол бөлмеге сау адамды кіргізіп ұйықтатсаңыз, бірнеше сағатта ауру болып шығатынына көзіңіз жетеді. Міне, бұл биоалаңның денсаулыққа әсері.
Енді бір ауылда немесе қалада сиқырмен, дуамен айналысатын бірнеше тәуіп, балгер, бақсы бар делік. Олардың бәрі кәпір жындармен байланыса отырып, Алла Тағала тыйым салған істермен айналысады. Біреуді дуалайды, жанұясынан ажыратады, біреудің күйеуін екінші біреуге тартып әпереді. Сол секілді мың сан бәле жасайды. Ұрыс-керіс, жанжал, зина, арақ сияқты күнәлар көбейеді. Енді бір тәуіптің себебімен жасалған жаман биоаура екінші бір тәуіптің қатысуымен болған жаман биоаураға қосылады. Сонымен бұл қаланың «эгрегоры» ұлғая түседі. Қарапайым тілмен айтқанда, қаланың рухани атмосферасы бұзыла бастайды. Жаман биоэгрегор сан ғасырдан бері осы қалада орнап тұрған берекені бұлдіре бастайды. Иман, ұят, тазалық, әділдік, туралық сияқты құндылықтар жүйесі бұзылады да, оның орнын екіжүзділік, арсыздық, азғындық секілді жексұрын мінездер басады. Енді күнә жасау – мұрынға шыбын қонғанмен бірдей сезіле бастайды. Жастар ашықтан-ашық күнәмен айналысып жатса да, оларға ешкім қой демейтін болады. Тіпті келіндер өзінің қайнаға, қайны немесе қайын атасымен ашыналық, ойнастық жасауы да денені түршіктірмейтін болады. Өйткені қаланы қамтып тұрған биоалаң бұзық. Бәрін айт та, бірін айт, бүкіл қоғам, адамзат баласы сиқыр мен жындардың, лағынеті шайтанның кесірінен осылай бұзылады.
Ал енді онда тұрған не бар екен дейтін адамдар болуы мүмкін. Біреудің күйеуіне ғашық болып қалдым, сосын оны тартып алдым. Оның несі жаман дейтін кісілер болса, олар қатты қателеседі.
Алла Тағала мұндай жексұрын іспен айналысатындардың өздерін де, бүкіл үрім-бұтағын да құрдымға батырады. Әлгі шайтандармен бірге оларды да тозақ отына тоғытады. Бұл дүниеде ешбір ісі оңбайтындай етіп, тіршіліктерін быт-шыт етеді. Сондықтан елді бүлдіруге емес, бүтіндеуге атсалысайық ағайын!
Асылбек Әуезханұлы.