Дуаның күшімен 80-дегі кемпірге «ғашық» болған жігіт

Дуаның күшімен 80-дегі кемпірге «ғашық» болған жігіт

Дуаның күшімен адамды өз дегеніне көндіріп, теріс мақсаттары үшін пайдалану ежелден бар құбылыс. Құранда Бабыл тұрғындарына дуалауды періштелердің үйреткені туралы аят бар. Ол періштелер дуаны адамдар теріс мақсатта пайдалансын деп үйретпеген. Бірақ, тылсым күшті жаман мақсаттары үшін пайдаланғысы келетіндер бұл ілімнің мәнін өзгертіп жіберген.

Кеңес заманында әскерден кейін оқуға түсе алмаған соң біраз уақыт Алматының құрылыстарында жұмыс істедім. Жатақханада екі жігіт тұрамыз. Шығыс Қазақстан облысының тумасы бірге тұратын жігіт мынадай әңгіме айтты. Ол тұратын ауылда сексендерге келген кәрі орыс кемпір тұрыпты. Оны жұрт «мыстан» (ведьма) деп атап, аулақтау жүруге тырысады екен.

Сол кемпірге әскерден жаңа келген бір жас жігіт «ғашық» болып қалыпты. Кәдімгідей ақылдан айрылған әлгі жігіт кемпірдің қыр соңынан қалмайтын болған. Олардың «махаббатына» намыстанған жігіттің туыстары жігітті күштеп кемпірдің үйінен алып та кетіпті. Бірақ, не сиқыры барын кім білсін, әлгі тепсе темір үзетін өрімдей жігіт бет-аузы қырыс-тырыс, селкілдеген кемпірсіз тұра алмайтын күйге жеткен.

Кемпірді жігіттің туыстары айыптап, тіл тигізіп жаман сөздер де айтыпты. Соған ызаланған ол «мен емес, балаларыңның өзі қыр соңымнан қалмайтын, мықты болсаңдар соны тиып алыңдар» дейді. Сөйтіп кемпір жігітті жұрт көзінше балағаттап, келме деп қуып шығады. Бірақ, ақылынан айрылған әлгі кемпірдің қыр соңынан қалмай, «сенсіз маған өмір жоқ, үйленемін, қума» деп жалынады.

Ақыры туыстарын тыңдамаған жігіт кемпірдің қолына кіріп, үйленіп алады. Мынаған намыстанған туыстары онымен араласуды қояды. Атеистік түсінік үстемдік еткен сол кездің өзінде ауылдың тұрғындары мына оқыс оқиғаның астарында сиқыр жатқанын айтып жүріпті.

Дуаны кімдер, қалай жасайды?

Мыңдаған жыл бұрын Бабылдан бастау алған дуалау деген кесапат ұрпақтан ұрпаққа беріліп, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қызығы сол, сиқыр қолданып, теріс пиғылдарын жүзеге асыруға талпыну барлық дін, нәсіл өкілдерінде бар. Уақыт өте келе дуалау жетілдіріліп, дами түскен сияқты. Сиқырды кәдімгідей кәсіп қылып, ақша табатындар болған.

Сиқыр үйренемін деген адамға бүгінде жол ашық. «Қара магия», «Ақ магия» деген атаулармен шығып жатқан сиқыр үйрететін кітаптарды қазір кез келген дүкеннен сатып алуға болады. Ал ғаламтор арқылы ондайды табу тіпті, жеңіл.

Сиқырдың дін ілімінен айырмасы сол, оны үйрену жеңіл және кез-келген адам үйрене алады. Дін ілімін үйрену үшін ұстаздың көмегіне сүйеніп, ұзақ жылдар күнәдан тазару, рухани тәжірибемен айналысу қажет болса, дуаны үйрену үшін ешқандай шектеу де, кедергі де жоқ. Содан болар, қазір сиқыршылықпен айналысатындар қатары өсіп барады.

Дуа жасау үшін әлгіндей сиқыр үйрететін кітапты алып, сондағы амал-тәсілдерді айна қатесіз қолданса жеткілікті. Бірақ оңай сияқты көрінген бұл істің үлкен теріс залалы болады. Ол залал – сиқырды үйреніп, соны қолданушылардың санасының ластануынан, жүрегіндегі адами қасиеттердің азайып, сайтани қасиеттердің үстемдік алуынан байқалады.

Дуа арқылы біреуге тек жамандық жасауға болатынын ескерсек, жаман пиғылды санасына сіңірген пенде көп ұзамай адам бейнесіндегі сайтанға қалай айналғанын өзі де сезбей қалады. Бұл жолға түсу оңай да, қайта шығу қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан ақылы бар адам, ешқашан сиқыршы болып, дуа жасауды үйренуге ден қоймауы тиіс.

Бүгінде дуалау деген бар ма?

Атейстік түсінік үстем болған кеңес заманының өзінде өзім туып өскен ауылда дуаланып, ақыл-естен айрылған біраз адамдарды көрдім. Оларды жындыханаға жатқызып, емдемек болғанымен, ем қонбады. Ал қазіргі күні жоғарыда айтып кеткеніміздей, сиқыр үйрететін кітаптардың қолжетімді болуына байланысты, дуалау деген көбейіп барады.

Ресейдің «РенТВ» телеарнасында атақтары жалпақ жұртқа жайылған әнші-әртістердің аузынан өздерін дуалағандары, одан қалай құтылғандары туралы айтылған әңгімеге негізделген көптеген хабарлар көрсетілді. Сондықтан, қай-қайсымызда да дулау деп аталатын кесапаттың құрығына ілініп қалу қаупіміз бар. 

akikat01.com

(Қалкөз Жүсіптің жеке блогы)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста