Ел арасында кең тараған ырым-тыйымдардың құпиясы неде?

Ел арасында кең тараған ырым-тыйымдардың құпиясы неде?

Шашылған тұз, ағашты ұру, 13 саны және тағы басқа ырымдарға халық жаппай сеніп жатады. NUR.KZ порталы fb.ru сайтына сілтеме жасай отырып, осы ырымдардың қайдан шыққаннын түсіндіріп беруге тырысады.

13 саны

Әлем бойынша ең танымал ырымдардың бірі осы 13 санынан қорқу екен. Әлемдегі ең ескі заң құжаттарының бірі - Хаммурапи Кодексінің ішінен 13-заң алынып тасталған еді. Сондай-ақ, норвегиялық аңызға сәйкес, Локи құдайы түскі асқа 13 адам болып келіп, үстел басында отырған басқа 12 құдайдың тыныштығын бұзыпты.

Қара түс - қазалы түс

Әлемдегі көне мәдениеттердің өкілдері өлімді жұқпалы деп санап, қайтыс болған адамның жанында болған адамдардан біраз уақыт бойы қашып жүрген. Мысалы, көне Римде қара киім киіп алған адам жақында ғана мерт болған жанның қасында болды дегенді білдірген екен.

Құс сүйегі табыс әкеледі

Біздің заманымыздан 700 жыл бұрын адамдар құстардың болашақты болжай алатынына сеніп, сүйегін кептіріп, оны сипалау оған күш-қуат пен табыс әкелетінене сенген. кейін римдіктер де осыған сеніп, сүйектер бәріне жету үшін, табыс молаю үшін оны сындырған көрінеді.

Шашылған тұз

Бұрындары тұз алтынмен бірге өте қымбатқа бағаланған. Сондықтан оны шашып-төгу бақытсыздық әкеледі деп сеніпті. Ежелде адамдар тұзды шашып алса, отбасында мәселелердің туындайтынын немесе жын-перілердің шаңырақты шайқалтатынын ойлаған. Осыған қатысты басқа да ырым бар. Жаман түс көрген яки жағымсыз жаңалық естіген адам сол иығынан тұзды шашып жібереді. Оның себебі, ежелгі жазулар бойынша адамның сол иығында шайтан отырады екен. Ал тұз болса оның дәл көзіне түсіп, соқыр етеді екен.

Ағашты ұру

Ежелгі адамдар құдайлар ағашта өмір сүреді деп ойлаған. Сол үшін олар ағашты ұрсақ, құдай бізді қорғайды деп сеніпті. Басқа ырымдар бойынша, ағашты ұрған адам жын-перілерді қуып жібереді деп сенген.

Тағалар

Ежелгі кельт тайпасының өкілдері тағаларды жаман перілерді қуу үшін арнайы іліп қойса керек. Еуропа елдерінде ат тағалауға ерекше мән бергені соншалық, «бір мемлекеттің тағдыры бір шегеге байланысты» деген мәтел болған, себебі «шеге тағаны сақтайды, таға атты сақтайды, ат батырды сақтайды, батыр қамалды қорғайды, қамал бүкіл мемлекетті қорғайды». Қазақта атты жорыққа шыққанда тағалаған. Қазақ жылқыларының қатты құйма тұяғы тағаны керек етпеген. Бірақ хан, сұлтан, батырлар тұлпарын көбінесе сәндік үшін алтын, күміс тағамен тағалағаны халық эпосында кездеседі.

Кірпікпен арман орындау

Бұл ырым Англияда пайда болған. Адамдар армандары орындалуы үшін түсіп қалған кірпікті алаққанның сыртқы бетіне қойып, арманын орындап, иығынын лақтырған. Ал, егер кірпік алақанда қалып қойса, онда ол жамандықтың белгісі болған.

Жарты жолдан қайтып келмеу

Бұл ырым тікелей табылдырықпен байланысты. Өз мақсатына жетпеген адам үйіне шаршап келеді. Бұрынғы сенім бойынша, жарты жолдан қайтып келген адамдарды зұлым перілер табалдырықта күтіп тұрғандықатн, олар бір шыққанна кейін қайтып келмеуге тырысқан. Қазақ ырымында кейде қайтып келсең, айнаға қарау керек деген де наным бар.

Сағат сыйламау

Бүгінгі күннің өзінде адамдар бір-біріне сағат сыйламауға тырысады. Бұл ырым бізге Қытайдан келіпті. Олардың сенімі бойынша, сағатты сый ретінде қабылдау жаназаға шақыру белгісі ретінде саналады екен.

40 жасты атап өтпеу

Көп жағдайда, бүгінгі күні адамдар 40 жасын тойламайтын көрінеді. Бұл ырым Киев Русінен келген екен. Олар өліп кеткен адамдардың ұзақ өмір сүре алатынын тексеру мақсатында олардың денелерінің 40 күн бойы зақымдалмайтынын анықтаған.

Пышақпен тамақ ішпеу

Пышақ тек еңбек құралы ғана емес, қай заманда да ол қорғаныс құралы ретінде де қолданылған еді. Бұрынғы ырым бойынша, пышақпен тамақ жеу зұлым перілерді ашуға булықтырып, адамды жеккөрінішті етумен тең болған.

Бір аяқ киіммен жүрмеу

Бұрындары адамдардың сенімі бойынша, бір аяқ киім киіп жүрген адам ерте жаста жетім болып қалуы әбден мүмкін екен.

Күн батыстан кейін қоқыс шығармау

Бұрынғы наным бойынша, адамдар өздерінің көршілерінің сөзіне қалмас үшін ешқашанда қоқысты күн батыстан кейін шығармаған. Бұл ырым ер адамдарға қатты әсер етсе керек. Тағы бір сенім бойынша күн батыста қоқыс шығарған адам үйіндегі табысты да қоқыспен бірге төгіп жібереді екен. Алайда бұл ырым ешқандай шындықпен жанаспайтыны хақ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста