Есек қасиетті мал ма?

Есек қасиетті мал ма?

Жалған дүниені байлықпен тосып тоқтатамын деу – надандық, оған еш тосқауыл жоқ. Жұрт түрлі қиындықтарды, ауыртпалықтарды бастан кешіру арқылы, азаптардан құтылудың жолын іздестіре бастайды, себебін білуге ұм­тылады. Жалған әлемнің ішінен өзіңді тауып, бақи әлемге дайындалу керек. Жалған әлемге жабыспай, өз-өзіңді жеңе білсең, өзіңді таба білсең, ертелі-кеш соңынан алаөкпе болып жүгірген материалдық өмір ендігі жерде адамның ізінен өзі жүгіреді.
Біз есекті мал есебіне кіргізбей, мен­сін­бей, мұрын шүйіреміз. Алайда, бүкіл пайғамбар есекке мініп қасиетті Қағба есігін ашқан. Есегімен егіз жаралған Қожанасыр бабамыз – жай күлкі кейіп­кері емес, әулие. Ал адамдар есектің етін неге жемейді? Өйткені, есек – қасиетті мал. Ал оның қасиеттілігі не­де? Алдымен Қазығұртты талдап ала­йық, ол «қазық ұрды» сөзінің төркінінен шыққан, яғни Қазығұртта алғаш рухани қазық қағылған. Ғалымдардың айтуынша, Темірқазық жұлдызы, Меркурий және тағы басқа да ғаламшарлар Қазығұртпен байланыста тұр. Бұл – ға­рыш жақтағы Құдіретпен тікелей байланысқа түсе алатын мекен деген сөз. Бағзы заманда еңбекқор, тақуа, рухани құндылықтарға ие адамдар осы Қа­зы­ғұрттың басына жиналып, ғибадаттарын жасап тұрған екен. Алайда, Ол заманда екен.
Пайғамбар: «Менің ібілісім мұсылман болды», – дейді. Ібіліс дегені – нәпсі. Нәпсіні тыймайынша, оны мұсылман қылмайынша, жер бетінде жақсы дүние жасай алмайсың. Нәпсің мұсылман болған кезде ғана жер жүзінде жақсылық орнайды. Біздің жанымыз Алланың демінен жаралған. Міне, осы демнің көзі ашылады да, Құдіретпен түйсікке шығады. Ол түйсікке шыққан кезде адамның ішкі әлемі оянады. Әр адамның ішкі дүниесінде үш мил­лиард ақпарат бар. Ол ақпарат Жебірейіл періштемен байланысқан. Бүкіл ақпарат адамның кеңірдегі мен кіндігінің арасында орын тепкен. Сонда Құрандағы барлық ақпарат адамның денесінде бар. Бұл Құранның ішкі ақпараты. Ал оның сыртқы ақпараты отыз мың екен. Бұл Мұхаммед пайғамбар байланысқан. Құранның 114 сүресі, 6666 аяты бар, ол осы отыз парадан тұрады. Пара деген – екеу деген сөз, бұл біз ойлағандай орыс сөзі емес. Адам ата мен Хауа ана салып кеткен жұп мағынасы. Адамның бойында жоғарыда айтып өткен энергия мен ақпарлар таусылса, адам ауруға ұшырайды. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың 80-90 пайызы ауру. Бірақ ол біз ойлағандай, медициналық тән ауруы емес, рухани аурулар. Егер кез-келген адам бұл кеселден құтылғысы келсе, адам миы­на Алланың жіберген ақпараттарын толтырып отырған абзал. Ғибадат – кеселден құтылудың бастамасы. Содан адамның санасына саңылау түсіп, ашылады, ішкі ағзалары оянады, нәпсінің көзі сыпырылады. Адам күн сайын: «Неге мен біреуді қорлап, зорлап, пара алып жатырмын?» – деп іштей қайталап жүрсе, өзін-өзі емдеп жатқаны. Бірақ бұл әдістеменің кең таралуына кедергілер көп. Өйткені мынау тәккапар әлем ол әдістемені жібергісі келмейді. Нәпсінің шоқтығы – тәккапарлық. «Ібіліснама» деген кітапта шайтан: «Мен мың ғалымды қас-қағым сәтте тәкаппарлық етіп жібере аламын, бір қойшыға әлім келмейді», – дейді. Қойшы – білімсіз болса да, тақуа жолындағы адам. Осындай адамдар әлемдегі тепе-тең­дікті сақтап тұр. Мұндай адамдар Құдай үшін жан қинайды. Таза адамдар бүкіл әлемнің ауыртпалығын өзіне тартады. Бүгінде ғалымдардың пайымдауынша, адамзатты апаттан сақтап отырған адамдардың саны 1 пайызды ғана құрайды екен. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста