Көне қорым...

Көне қорым...

Бірде жұма күні қорымға түс ауа барғанмын. Күн төмен жылжып көкжиекке жақындап қалған. Әкеме бағышылап дұға оқып отыр едім, жанымда біреулер жүргендей ме, тіпті біреулер менің атымды атағандай болды, әкемнің де дауысы шыққандай ма, бірақ оған көңіл бөле қоймадым, өйткені мен сияқты аруақтарға дұға бағышылауға келген адамдар жүрген шығар деп дұғамды жалғастырып оқи бердім.

 

Оқып болып жан жағыма қарасам ешкім көрінбейді, бірақ жеңіл басқан жүрістің сыбдыр - дүбірі басылар емес. Кішкене әкемнің басына отыра тұрайын деп едім жүрген жүрістер қоюланып маған жақындап келе жатқанға секем алып, дұғаларды дауыстай оқып орнымнан жайлап тұрдым.

 

Әкемнің зираты қорымның ортасында еді, абайлай жүріп қорымның есігіне беттедім артымда сыбыр - дүбір, алдымды - артымды орап, жанымды жанай өткен тылсым тіршілік иелерін сезгендей боламын, бірақ бойымды үрейге алғызбай жәйімен дұғаларымды үзбей жалғастырып оқи бердім. Өйткені дұғаны бір үзіп алсам көрінбейтін бейнелер мені иектеп алатындай көрінді. Киген киімім терден шылқып кетті. Күнде қызарып ұясына батып бара жатты.

 

Аруақтар кейде көрінуші еді ғой енді олар неге көрінбейді деп іштей ойлап та қоямын. Дұғаларымды жалғастырып, есікке де жеттім, сыбдыр - дүбір де саябырлағандай болды. Сол бетпен зираттың есігін жауып, үй жаққа беттегенде тыныштық орнағандай болды. Дегенмен үйге дейін дұғаларымды тоқтатпай оқып, үйдің жанындағы орындыққа құр сүлдерім жетіп отыра кеттім. Алқынып қалыппын, осы кезде кеудемді кере тыныс алғаным бар.

 

Ертеңіне болған жағдайды көрші намазгер кісіге айтып едім, ол кісі «Зиратқа жалғыз барма, барсаң түске дейін бар. Ал түстен кейін зират басына бармауға тырыс» деп кеңес берген соң ойланып қалдым.

 

Сонда жанымды сыбдыр-дыбдыр қылған аруақтар болғаны ма? Әлде тылсым дүниенің басқа да тылсым иелері ме екен? Мүмкін секем алғаннан солай көрінген болар... десем де періштелерім тылсым дүние иелерін маған көрсетпеу үшін көзімді байлап тастаған ғой деп ойладым. Бала кезімнен зиратқа қай кез болсын кіре беруші едім, содан былай зиратқа жалғыз бармайтын болдым... 

 

«...Расында Періштелер көзді байлап тастайды екен, бірде досымның  туған күнінен кейін әкемді еске алып, көңілім босап, досыммен әкемнің қабіріне барғам, сонда бір ғажап болды, әкемнің зиратын тапсам да құлпытасында басқа есім тұрды, бұл не деп әкемнің құлпытасындағы жазуды қайта - қайта оқып үйге пұшайман болып қайтқанмын. Ертеңіне әкемнің басына барып едім, құлпытаста әкемнің есімі тұр. Сонда бұл қандай тылсым деп таңғалғаным бар. Бақсам, зиратқа ішімдік ішіп барғандардың көзін періштелері байлап тастайды екен дейді білетіндер, – деп еді Еркін досым.

 

 

 

Ерсін Ерғалиев

Дереккөз: el24kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста