Маңдайында мүйізі бар апа
Анасын апта сайын суға түсіруді дәстүрге айналдырған қыз бала өз міндетін кезекті мәрте атқармақ болғанда қарияның маңдайына айналдырған 4-5 күнде өсіп шыққан мүйізді көріп шошып кеткен.
87 жастағы қытайлық Лян Сючжэньнің «майдайына біткен» сүйек күн өткен сайын үлкейіп қана қоймай, екі жыл ішінде кәдүілгі жануарлардың басына өсетін мүйіз секілді қатая түскен.
Айта кетерлігі Лян апаның басына өсіп шыққан бұл мүйіз алғашқысы емес, оған дейін мүйіздің кішкене түрі болған екен. Алайда арада біршама уақыт өткенде қатты сүйек өздігінен түсіп қалғанымен, одан кейінгі мүйіз алғашқыға қарағанда үлкен болып өсіп шыққан.
Өкініштісі маңдайға біткен бұл мүйіз Лян Сючжэньнің жанын жегідей жеп, үнемі ауыртса да Лян апаның балалары қариядан айырылып қаламыз ба деп, ота жасатуға келісімін бермей отыр.
«Анамыз кәрі болғандықтан біз мұндай тәуекелге бара алмадық. Оның үстіне мүйіз миға өте жақын орналасқандықтан ота жасату оғайға түспейтіні белгілі», - дейді Лянның ұлы Чаоджун.