Мені қытықтап оятқан шайтан...

Мені қытықтап оятқан шайтан...

Жаратылыста адам түсініп болмайтын құбылыстар көп-ақ. Оған «Алаш айнасын» күнделікті оқып отырған оқырмандар көз жеткізген болар. Мен де өз басымнан өткен бір оқиғаны оқырмандар назарына ұсынып отырмын.

 

Қай бір жылдары мақтаның бағасы түсіп кеткен соң ауылдағы адамдардың көбі қауын-қарбыз егуге көшті. Біз де отбасымызға тиесілі 10 га жердің жартысына жоңышқа егіп, қалғанына қауын-қарбыз ектік. Өзіміз қауын-қарбызды баптауды жақсы білмегендіктен, самарқандық Хайдар жігітті жалдадық. Жаз айында су тапшы болғандықтан бақшаны суару кезінде үш-төрт күндеп далада түнеуге тура келеді. Егер түнде басында болмасаң суды басқа жаққа бұрып алып кететіндер болады. Су алу кезегі бізге көрші орналасқан жер иесі Қалмырзамен бірге келді. Сөйтіп, Қалмырза, Хайдар үшеуміз жалпы көлемі 13 га болатын бақшаны үш күнде сауарып бітуіміз керек.

 

Негізі, Қалмырза бұрыннан да «қумалау» болатын. Есітуімше, бала кезінде қой бағып жүріп, далада ағаш түбінде ұйықтап қалып, қатты науқастанған. Сол кезде өз-өзімен сөйлесіп, түсініксіз бірдеңелерді айтып, бірдеңеден қашып, үй ішінде бөлменің ана бұрышынан мына бұрышына тығылатын болып ауырған екен. Ұзақ уақыт молдаға оқытып жүріп, кейіннен ол дерттен айыққан көрінеді. Әйтсе де Қалмырзаның кейде өз өзімен сөйлесіп отыратынын байқайтынмын. Маған ақыл-есінде де ауытқу бар сияқты көрінетін. Сол Қалмырзамен егіс басында түнейтін болдық.

 

Алғашқы түні таңғы төрт шамасына дейін ұйықтамай суды қарауылдап жүрдік. Таң алдында ұйықтап кетіппін. Бір кезде біреудің қытықтағанынан оянып кеттім. Анадай жерде Қалмырза мен өзбек жігіті ұйықтап жатыр. Олар қол жететін жерде емес. Сонда қытықтаған кім болды? Бойымды қорқыныш билеп, одан кейін ұйықтай алмадым. Түске қарай Хайдарды бақша басында қалдырып, Қалмырза екеуміз демалып қайту үшін үйге қайттық. Түс ауа біз келген соң Хайдар бақша басындағы түнде ұйықтаған орынға барып жатты.

 

Арадан екі сағаттай өткенде Хайдар қасымызға келді. Біз одан «неге тұрдың тағы біраз ұйықтап демалып алмадың ба?» деп сұрасақ, «мені біреу қытықтап оятып жіберді» дейді. Түндегі жағдай есіме түсіп бойымды қорқыныш биледі. Түнде мені де біреудің қытықтап оятқанын айтсам, Қалмырза мәз болып күледі. Біз Хайдар екеуміз аңтаңбыз. Алғашында біздің айтқанымызға сенбей мазақ етіп тұр екен деп ойлағам, сөйтсем мәселе басқада екен. «Ол менің досым ғой» деп Қалмырза одан сайын мәз. Бірақ, Қалмырзаның бұрыннан да «қумалығы» барын білетіндіктен сол кезде оған сене қойғам жоқ.

 

Екінші түні де таң алдында ұйықтадық. Қалмырзаның сөзін ойлап, біраз уақыт ұйықтай алмай жатқам. Бірақ шаршағандықтан болар бір кезде көзім ілініп кетіпті. Түсімде Қалмырза бір адамға ұқсамайтын (шайтан-ау деп ойлап жатырмын) түсініксіз бейнемен ойнап жүр екен. Бір кезде жаңағы түсініксіз бейне Хайдарға барып қытықтай бастады. Енді бір кезде маған келді. Қытықтамақшы болып қолын созғанда мен оянып кеттім. Қарасам анадай жерде Қалмырза қарық болып күліп отыр. Қалмырзаның күлкісінен оянған болу керек Хайдар да орнынан тұрды. Екеуміз де аңтаңбыз.

 

Үшінші түні де түн ортасы ауғанға дейін жүрдік. Соңғы күн болған соң, үлгеру керек болып жанталастық. Күндізгі демалыс та аз болып, түнде жата сала ұйықтап кетіппін. Түсімде ақ киімді бір ақсақал келіп, «тұр үйге барып жат» деп ертіп алып кетті. Оянсам үйде жатырмын. Түсім бе, өңім бе ұқпаймын? Әкемнің «қай уақытта келгенсің» деп сұрағанын естігенде барып өңім екенін білдім. Бірақ үйге қалай келгенім еш есімде жоқ. Мына бір түсініксіз жағдай болмағанда, ол жайлы ешкімге де айтпас па едім, кім білсін?!

 

Таңғы шәйімді ішіп алып, бақшаға барсам Қалмырза да, Хайдар да жоқ. Аттарын айтып қанша шақырғанмен ешқандай жауап болмады. Басқа да бақшаларда жұмыс істеп жүрген ауыл адамдарынан сұрасам ешкім көрмеген. Бәлкім Қалмырзаның үйіне кеткен шығар деп ойладым. Түс мезгілінде ауылға келіп, Қалмырзаның үйіне бардым. Үйіндегілер Қалмырзаның кеше кеткеннен келмегенін айтты. Оларға ештеңе демедім. Үйге келген соң бұл жайлы әкеме айттым. Әкем маған үйде демала тұруды тапсырып, өзі көлігіне мініп шығып кетті.

 

Түскі тамағымды ішіп жатқанан әкем келгенде бірақ ояндым. Сағат кешкі сегіз шамасы екен. Әкем Қалмырза мен Хайдарды еш жерден таба алмай келгенін айтты. Көрдім-білдім деген де ешкім болмапты. Кешке қарай біздің үйге Қалмырзаның ағасы мен әйелі келді. Мен бірдеңені білетіндей «жасырмай ашығын айт, Қалмырза қайда?» дейді. Содан кейін ғана мен үш түнде болған жайды айттым. Олар менің сөзіме сене қоймады. «Егер Қалмырза табылмаса сені соттатамыз» деп кетті.

 

Ертеңінде Қалмырза мен Хайдарды іздеуге бүкіл ауыл болып кірісті. Ешкім менің сөзіме сенбеді. Бәрінің айтатыны - білгеніңді жасырма. Шомыламыз деп дарияға ағып кетті ме деген оймен өзен бойын жағалай іздедік. Шомылса, киімі жағада қалуы керек. Бірақ киім де табылмады. Кешке дейінгі іздеу еш нәтиже бермеді. Ауыл ақсақалдары тағы бір күн күтіп, егер табылмаса, полицияға хабар беретін болып шешті. Құдай абырой беріп, ертеңінде түс ауа Қалмырза мен Хайдар өз аяқтарымен ауылға келді. Бастарынан кешкен жадайы адам сенгісіз.

 

Айтуларынша, естерін жиғанда екеуі Самарқанда жүр екен. Бірақ ол жаққа қалай барғандарын білмейді. Қалталарында көк тиын ақшасы жоқ, аяқтарында сланси. Үйге барған соң ақшасын төлейміз деп екеуі Хайдардың үйіне, Самарқан облысының Пайарық ауданының бір қышлағына дейін көлік жалдап барады. Бір күн сонда болып, табылғанмен үстіндегі киім-кешегін түгендеп, қайтып келген беті осы екен.

 

Көпшілік олардың бұл айтқандарына сенген жоқ. Қалмырза мен Хайдарды наша шегіп, еліткен деп айыптады. Себебі біздің жақта жабайы өсетін есірткі шөптер кезігіп жататын. Сол түні олармен бірге болмасам, мен де олардың бұл айтқандарына сенбес едім. Бірақ сол түні мен олармен бірге болдым. Олардың наша шекпегенін анық білем. Алайда, бұл жағдайға әлі түсінік таба алмай келем.

 

 

 

Автор: Самат Құрманбеков, Мақтарал ауданы

alashainasy.kz

 

 

 

 

        

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста