Моладан шыққан дауыс жұрттың зәресін алды (видео)
Жамбыл облысындағы қорымдардың бірінде түсірілген бейнежазба жұртты шошытты. Әлеуметтік желіде таралған видеода мола ішінен адамның айқайлаған дауысына ұқсайтын дыбыстар шығып жатыр.
Елдің зәресін алған видео Шығанақ ауылы маңында түсірілген, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазба авторы өз құлағына өзі сенбей, дәл сол сәтті телефонға түсіріп алған. Бейнеде 10-15 секунд ішінде бірнеше рет ыңырсыған әлдебіреудің дауысы естіліп тұр.
Естіле ме, тыңдаңызшы, бір дауыс шығады, Астаһфиралла — дейді таңданған видео авторы.
Сұмдық видеоны көргендер белгісіз дауыстың шығуы туралы түрлі ойлар айтып жатыр. Біреулер қолдан жасалған десе, енді бірі жүйткіп соққан желден көреді.
"Қабір азабын тартып жатқан өлген адамның жан дауысы болуы мүмкін" деген де пікірлер айтылыпты.