О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн

Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада автобус күтіп тұрғам. Кенет музыка өшіп қалды. Құлағым тыз етіп, ток ұрғандай болды. Музыканы қайта қосу үшін қалтамдағы ұялы телефонға қолымды соза бергенде, музыка қайта қосылды.

 

Автобусқа отырып университеттің қасындағы аялдамадан түстім. Автобустан түскенде, үстіне ақ қалат киген, маған тесіле қарап тұрған түсі суық мұртты ер кісіні көрдім. Ол меннен көз алмай қарап тұр. Мен сәл бөгелдім де, сабағыма кеттім.

 

Бәрі сол күннен басталды. Аялдамада көрген, ақ қалатты ер кісі мен қайда жүрсем сонда жүретін болды. Тек бетпе-бет кездесе алмайтын жерде тұрады. Мен автобуста кетіп бара жатсам, ол жол жиегінде тұрады. Көшеде кетіп бара жатсам, үйдің терезесінен қарап тұрады. Университетте екінші қабатта жүрсем ол бірінші қабаттан қарап тұрады. Бірінші қабатта жүрсем, екінші қабатта тұрады. Сауда орнында эскалатормен жоғары көтеріліп бара жатсам, ол маған тесіле қарап, төмен түсіп бара жатады. Төмен түсіп бара жатсам, ол жоғары көтеріліп бара жатады. Бұл жағдай 11 күнге созылды. Әбдан жүйкем жұқарып, шыдамым таусылды.

 

11-ші күні тамвайда кетіп бара жатқам. Тағы да сол. Көше бойында маған тесіле қарап тұр. «Тоқтатыңыз, мен түсуім керек» деп трамвай жүргізушісіне айғай салдым. Ол маңда аялдама болмаса да, жүргізуші трамвайды тоқтатты. Есік ашылысымен секіріп түстім. Көзден ғайып етпейін деп, ақ қалатты ер кісіден көз алмай келем.

 

- Сен кімсің? Саған не керек?

 

Ол қолымнан ұстап;

 

- Ой, жарайсың!

 

- Оян!

 

- Жан жағыңа қара. Айналада не болып жатқанын көріп тұрсың ба? - деп ол маған бар даусымен айғайлай бастады. Мен оның қолынан босанып шықпақ болып, қолымды жұлқи тарттым. Сол сәтте ояндым. Ауруханада жатырмын. Қасымда ақ қалатты дәрігер отыр. Дәрігердің айтуынша, сол күні аялдамады тұрған үш кісіні көлік қаққан. Содан мен 6 күн ес-түссіз жатыппын. Осы уақыт ішінде дәрігерлер мені өлімнен арашалап қалу үшін күні-түні күресіпті. Ал менің көргендерім о дүние мен бұл дүниенің арасында болғанымда көрінген дүниелер екен.

 

Мен өлім мен өмір арасында болғанда, әлгі ақ қалатты кісіні 11 күн көрдім. Ал дәрігердің айтуынша, мен 6 күн ес-түссіз жатқам. Сондай қалай болғаны? Мұның мән жайын дәрігерден сұрадым. Оның айтуынша, адам ес-түссіз жатқанда мидың жұмысы бұзылады екен да уақыт өлшемін бақылай алмайды.

 

Сол бір оқиғадан бері үш жыл өтті. Содан бері қолмен ұстап сезінбесем, көзбен көргеннің бәріне сене бермейтін болдым. Кейде мен өзімді басқа бір әлемде жүргендей сезінем.

 

 

Ерғали, Атырау
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста