О дүниелік болған сіңілім түсімде жиі көрем
Менің ойымды мазалап жүрген оқиғамды айтайын. Жасым 26 да. Тұрмыстамын. 2 балам бар. Менің жақын туысқан сіңілім осыдан 10 жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған. Екеуміздің туған күніміздің арасы 10 күн ғана, бір сыныпта оқығанбыз.
Қайтыс болған соң анда санда түсіме кіріп тұратын. Кейінгі жылдары жиі кіретін болды түсіме. Шелпек пісіріп, құран оқытып тұратынмын. Казір өте жиі кіретін болды.
Басында тек қасымда жүретін үндемей. Одан кейін менімен сөйлесетін болды. Енді соңғы көрген түсімде қолымнан ұстады. Мен сенің қасыңдамын арқашан, мен сенімен біргемін деп айтты.
Осыдан 5 жыл бұрын ата аналарымыз бір себепті ұрысып, сөйлеспей, ренжісіп жүр. Әлі күнге дейін солай. Түсімде маған “үлкендер ренжісіп, ұрысып жүр ғой, бірақ мен саған ренжімеймін, мен сенің қасыңдамын” деп айтып, екеуміз оның мамасынан тығылып қолымыздан ұстап жүрміз.
Енді мені осы түстер мазалап жүр.
Жалпы қайтыс болған адам түске жиі кіруі жақсы емес деп айтады ғой.
Не істесем болады?