Өлген адам қоштасуға келген сүйіктісін о дүниеге алып кеткен

Өлген адам қоштасуға келген сүйіктісін о дүниеге алып кеткен

Ертеде таныс, көңілдері жақын адамдар қайтыс болғанда, мынадай тосын жағдайлар да өткен.

Швеция королінің жұбайы Ульрика 1741 жылы қайтыс болады. Дәстүр бойынша құрметпен табытқа денесін салып, ко-рольдің сарайына қойып, арнайы қатал күзет кояды. Ел коштасуға келген-де күзет басшысы құрметті қарауылдарды ауыстырып тұрады.

Сарайға апаратын жол бойы аксүйектердің тобына толып кетеді. Мәйітті қоштасып шығуға келгендер мәйітпен жеке кіріп қоштасуға құқылы екен.

Кезек статсдама графиня Штейнекке келіп, ол мәйітпен қоштасуға кіреді. Қайтып шықпайды. Кешіккен соң қарауыл бастығы ақырын есікті ашса, өлген Ульрика тірі графиня Штейнекпен құшақтасып тұр екен. Бұны көрген қарауыл бастығы айғайлап жіберіп, есі ауып түседі.

Қазаға келгендер мұны естіп, жүгіріп келіп қарағанда, әлгілерді көріп, сол орында қозғала алмай, бәрі тастай қатып қалады. Құшақтасқан екі дене де табытта буалдыр тартып, шөл даланың аптақ ыстығында пайда болатын сағымдай көлбеңдеп барып көзден ғайып болады.

Ал тұман сейілгенде әлгі табытта Ульрика емес, графиня денесі жатқанын көреді. Бұл өтірік дейін десе, графиняны еш жерден таба алмайды. Бұдан кейін жар салып графиняны іздестірсе, ол сол күні со минутта қайтыс болғаны мәлім болады. Бұл жағдайға ешкім түсінік бере алмайды. 

Бұл шындық еді, өйткені архивте сақталған құжаттар нақ осылай болғанына күмән келтірмейді дейді негізгі анықтаушылар. Бұл қалай? Шындық па, елес пе?

Алдында қайтыс болған өлі дене рухының әлі биікке көтеріле алмауы – рухтың тәнді әлі қиып кетпегендігі болса, ал бұрынғы өлікпен қоштасу минутында қайтыс болған графиняның да рухы денесінен әлі толық шықпаған қиналыс пен арпалыс кезіне тап болғандықтан, көне досы Ульрика марқұмның рухы оған көмек еткен де болар. Мұның дәлелі Ульрика марқұмның табытынан графиня Штейнектің денесінің көрінуі.

Мүмкін, өмірде бірге жақын болған екеуінің рухы да ғарышқа жұбын жазбай қосарлана ұшқан болар, дегенмен бұл құдіреттен адамзатқа тән достастық символы о дүниеде де жалғасатынын көрмесек те сезгендейміз.

Тіршіліктегі мәңгі достықтың бақи да мәңгілік екеніне сеніммен қараған жөн болар.  

alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста