Өлім алдында рухтың байқалуы

Өлім алдында рухтың байқалуы

Мадам Флоранц Марриант былай баяндайды:

Достарымның арасында элиталық қауымнан шыққан, көріпкелдік қабілеті өте күшті жас әйел бар еді. Оның бұл сырын тек бірнеше адам ғана білетін. Бір жыл бұрын плюрезия ауруынан 20 жасар сіңлісі қайтыс болған еді. Эдис (көріпкел әйелдің аты) сіңлісі өлім аузында жатқанда тапжылмастан жанында болады. Сол кезде ол ғайыпты тамашалау (Clairvoyance)[4] халін бастан кешкенін, яғни рухтың тәннен баяу ғана бөлініп жатқанына куә болғанын әңгімелейді.

Оның айтуынша, бейшара науқас өмірінің ақтық сәтінде барынша кірпияз, көк мылжың және сезімтал күйге ұшырайды. Төсегінде жатып, әрнені айтып сандырақтаумен болған. Эдис осы кезде қалықтаған бұлтқа немесе түтінге ұқсайтын бір нәрсенің науқастың төсегінің бас жағына жинала бастағанын байқайды.

Әлгі бұлт бірте-бірте қоюланып, дәл науқастың өз кейпіне ұқсайтын пішінге енеді. Түсі ғана басқа болмаса құдды ауру сіңлісінің дәл өзі секілді әлгі пішін басы жерге қараған күйде ауада қалықтап тұрады. Кешке қарай науқас біраз тыныштала бастайды. Күн батқан сәтте әбден әлсіреп, өмірдегі соңғы сәттерін өткізіп жатқаны белгілі еді.

Эдис сол сәтте тұла бойы дірілдеп, сіңлісінің жүзіне үңіліп қарай береді. Сіңлісінің өңі солғын тартып, жанарының нұры өше бастағанын сезеді. Алайда сіңлісінің басында қалықтап тұрған елес дене сол сәттерде тәннен өзін түгелдей босатып, толыққанды пішінге еніп, тірі жан секілді кейіпке енеді. Науқас еш қозғалыссыз, сұлқ түсіп төсегінде жатқанда, оның үстінде қалықтап тұрған елестің «fluorescent light» флюросан сәулесіне ұқсайтын бір жіппен науқастың жүрегіне, миына және өзге де дене мүшелеріне байлаулы тұрған жанды тіршілік иесіне ұқсайтыны байқалған.

Ажал сәті жақындағанда, әлгі елес қозғала бастайды, жеңіл күйде қалықтап, толқындана түседі. Эдис аңтарылып отырғанда, бөлме ішінен тағы да жарқыраған екі бейне көрінеді. Эдис бұларға қарап, атасы мен әжесін анық таниды. Олар да ертеректе осы үйде жан тәсілім еткен еді. Екеуі науқастың тәнінен бөлек тұрған елес денесіне қарай жақындайды. Оны үлкен мейіріммен құшақтарына басады. Астралды дене атасының омырауына басын қойып, құшағына кіріп кетеді. Олар науқастың демі үзілгенше осылай тұра берді. Сонан соң әлгі елес өзін науқастың денесіне байлап ұстап тұрған дәнекерлердің барлығын үзіп, келген аруақтардың құшағында, бәрі бірдей терезеден ұшып шығып кетті».

Мадам Джо Суэль былай деп баяндайды: «20 жылдай науқастарға қарадым. Осы уақыт аралығында көптеген науқастың көз жұмған сәтіне куә болдым. Науқастардың демі үзілген сәтте адам бейнесіндегі елес-дене науқастың өлі тәнінің үстінен қалықтап ұшып, біраздан кейін көзден ғайып болатынын көзім талай көрді.

Мадам Джо Суэльдің басынан өткен оқиғалардың бірі былай өрбіді: «Маггидің анасы ауыр науқаспен төсек тартып жатқан сіңлісінің басы-қасында болатын. Өзі бір жаққа кеткенде маған науқасқа қарай тұруымды өтінетін. Қыз үш күннен кейін жағдайы күрт нашарлап, дәрігер келгенше, көз алдымда жан тәсілім етті. Өмірімде адамның өлгенін алғаш рет көргенім осы болатын. Науқастың демі үзілгенде, денесінен бу секілді мөлдір заттың бөлініп шыққанын көрдім. Оның денесінен бөлініп шыққан бу секілді зат бірте-бірте жоғары көтеріліп, тура марқұмның кейпіне еніп, қоюлана түсті. Бастапқыда бұлыңғыр көрінгенімен, кейіннен аппақ будан киім киген адамдай анық көріне бастады. Байқап қарасам, жүзі еш өзгермеген, бірақ жарқырап, жайнап тұрғандай көрінді. Мына жүзінде бағана ғана жан азабын татып, ауыр жағдайда қиналып жатқан науқас халінің ізі де байқалмайтын».

Елес-дене туралы түсіндірушілердің бірі А.Ж.Дэйвис бір әйелдің өмірмен қоштасқан сәтінде көрген таңғажайып жайды былай баяндайды:

«Әйел соңғы демін алғанда, оның басының айналасынан беймәлім бір зат бара-бара анық болып көріне бастайды. Бұл зат науқастың жанталасқан сәттері азайғанда және өңі бозара бастаған сәттерінде сәуле шашып, жарқырай түсетін. Науқас жанталасып, деміккен сәтінде әлгі елес денеде ешбір өзгеріс байқалмайтын және науқастың жан азабын татуы әлгі денеге еш әсер етпейтін секілді боп көрінді. Оның қозғалысы кәдімгі жанды дененің қозғалысына ұқсайтын. Науқас өлуге жақындаған сайын, дене мүшелері босап қалған қапшық секілді болса, есесіне әлгі елес дененің мүшелері түгелденіп, барған сайын айқын бола түсті. Жанталасқан науқастың тәнінен алғаш болып ұшып шыққан оның басы болды. Бірте-бірте өзге дене мүшелері де бөлініп шығып, науқастың елес денесі оның бас жағында тұрды. Бұл екі денені бір-біріне кіндік тұстан мөлдір түсті қорапқа ұқсайтын бір зат жалғап тұрды. Осы зат үзілген тұста бір бөлігі науқастың денесінде қалып кетті. Бәлкім, дененің бірден ыдырап, бұзылып кетуіне осы зат бөгет болатын шығар. Әйелдің рухани денесі азаттыққа бірте-бірте бойы үйреніп, кенет не істеу керектігін біле қалғандай үйден шығып кете барды».

Доктор Ф.А.Крафт былай дейді: «Бірінші дүниежүзілік соғыста шекара маңында жараланған бір әскер 1920 жылы ауруханада жатып жан тапсырды. Әлгі әскер жан тәсілім етпестен екі минуттай бұрын: «Генри Шарл, демек, сендер де осында екенсіңдер ғой. Енді бәріміз бірге қару кезенетін болдық. Мен екі жылдан бері ауырып жатырмын. Әттең!.. Иә, күтіңдер!» – деп айғай салады. Адам көз жұмғанда, өздерінен бұрын өліп кеткен туыстары мен достарын түрлі кейіпте көреді және оларды өз аттарымен шақырады.

Осы мәселеде тағы бір қызықты оқиғаға тоқтала кетейік. АҚШ-тағы азаматтық соғысқа қатысқан, еркін ойлы, өте зерек, бұрынғы әскерилердің бірі төсек тартып, ажалын күтіп жатты. Сәрсенбіде науқас араға адам салып, мені шақыртады. Сағат сегізге таяу науқас жатқан палатаға кіргенімде, мұңды жүзін кенеттен шаттық кернеп, айрықша халге бөленгенін байқадым. Маған қарап тұрып: «Бүгін күндіз сағат үште ояндым. Көзім шайдай ашылып, қимылсыз жаттым. Кенет кереуетімнің аяқ жағында біреудің тұрғанын сездім. Бойымда еш қорқыныш болмады, керісінше, жаным жай табуы үшін тезірек өлуді қалап жатқанмын. Әлгі біреу өлімнің не екенін сезіндіре түскендей еді. Бірте-бірте аяқ жағымда тұрған жанның бауырым Джеймс екенін таныдым. Тірі екені анық білінді. Маған қарай еңкейе түсіп, бір нәрселер айтып түсіндіргісі келеді. Сырлас досымдай болып кеткен бауырыммен бірге өткізген күндер қас қағым сәтте жылдам түрде егжей-тегжейлі көз алдымнан өте шықты. Сөйлесе бастағанда оның даусын анық таныдым. Маған: «Максвелл алдағы жексенбі күні сағат 11.00-де менімен бірге боласың», – деді де, көзден ғайып болды. Қазір өзімді өте бақытты сезініп отырмын. Бұл жағдай дәрінің кері әсерінен туған елес немесе қиялдан әлдекімді көру емес екеніне кәміл сенімдімін», – деді.

Жексенбі күні науқастың басы-қасында өзім болдым. Жағдайы бір қалыпты болатын. Сағат 10.00-ге таяу еш қимылсыз, қозғалыссыз қалды. Ештеңе сөйлеген де жоқ. Бар болғаны анда-санда мені танып жатқанын білдірген болып маған назар салып қоятын. Сағат 11-ге 15 минут қалғанда оң қолымен сол жағындағы бұрышты нұсқап, анық дауыспен «Бауырым Джеймс» деп үн қатты. Сағат тілі 11.00-ге келгенде, айтқанындай-ақ жан тәсілім етіп, рухы денесін тастап шықты».


(Мақала «Рух және материя» журналынынан алынған)  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста