Өлімнен кейінгі өмір...

Өлімнен кейінгі өмір...

Жолдасым Еркін екеуміз әңгімелесіп отырмыз, «Ереке, - дейді, - сіз өлімнен кейінгі өмірге сенесіз бе?» дегенде не айтарымды білмей ойланып қалдым да «Жуырда американ жазушысы Ф.Мауерледтің «Өлімнен кейінгі өмір» деген кітабін оқыдым, ол кісі клиникалық өлімге ұшыраған адамдардың естеліктерін жазып, біраз зертеулер жасапты. Көргендерімен бөліскен кісілердің клиникалық өлім кезінде «о дүниеге» барып келгендегі жағдайларын баяндапты.

Кітап өте тартымды, ондағы уақиғаларға не сенеріңді, не сенбесіңді де білмейсің. Өлімнен кейінгі өмірді білу адамзат үшін әлем жаратылғаннан бері толғантып келе жатқан проблема. Өлімді адамның келесі бір өмір деңгейіне өту дейді, әрине, өлімнен кейінгі өлімді білу мен үшін де өте қызық. Ал сен оны неге сұрадың?», - деп өзіне сұрақ қойдым.

Ол ойланып отырды да, «Әдетінше кеш болысымен отбасымызбен ұйқыға жаттық,- деп әңгімесін бастап кетті. - Көзім ілініп кеткені сол еді бір мезет тұңғиыққа құбыр бойымен зулап бара жатқандай болдым. Бұл не өзі, құбырмен неге төмен ұшып бара жатырмын деймін түкке түсінетін емеспін.

Содан құбырдың екінші жағына шықтым, дүние жарқ етіп, сүттей аппақ болып кетті де көмескіленіп барып басылды. Бұл не деймін, үйдің төбесінде қалықтап тұрмын. Үйдің іші қаракөлеңке. Демім жетпегендей болған соң, кеудемді уқалап едім сәл–пәл жеңілдеп, терең тыныстап, айналама қарадым. Терезе пердесінің ашық қалған жерінен ай сәулесі үйге түсіп тұрған соң пердені жабайын деп алға жүрейін десем аяғым жерді сезетін емес, өзімді сондай жеңіл сезініп, терезе алдына сырғып жетіп келдім. Пердені ұстайын десем қолым перде ұстай алатын емес күшім жетпегеніме деймін. Бір кезде төсекте жатқан балаларыма көзім түсіп кетті, үстеріндегі жамылғы көрпелері сусып түсіп кеткен екен үстеріне қайта жабайын дейін десем көрпені тағы да қолға ұстай алатын емеспін. Бұл не сиқыр деп қоямын іштей.

Бір кезде төсегімде жатқан жұбайыма көзім түсті ол шалқасынан түсіп қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр екен. Жанындағы ер адам етпетінен түсіп қимылсыз жатыр. Бұл кім болды деп жақындап барып қарасам, о, тоба өзім. Оу, бұл не, мына жатқан еркек мен болсам сонда мен кім болдым деп ойым астаң-кестең болды. Сонда жаным денемнен бөлініп, өлгенім бе, бұл мүмкін емес қой. Егер өлсем балаларым әлі жас, оларды аяғынан кім көтереді, жоқ мен өлуге тиіс емеспін, қайта тірілуім керек деп жанталасып жатыр едім, бір кезде жүрегімнің түбі шым ете түскенін білемін, көзімді ашсам етпетімнен жатыр екенмін, осылай өмірге қайта оралғанымды білдім.

Жан жағыма қарасам үйдің іші қаракөлеңке. Терезе пердесінің ашық қалған жерінен ай сәулесі балаларға түсіп тұрған соң, төсектен тұрып пердені жаптым, балалар көрпелерін теуіп тастаған ба, көрпелерін қайта қымтап жаптым да, төсекке қайта жаттым. Расында басым мең-зең болып кетті.

«Өмір деген қандай тәтті» деген сезіммен басымнан өткен әлгі жағдайды ой елегінен өткізіп, жанымның денемнен бөлініп о дүниеге барып келгенімді сездім. Бұл мүмкін емес дейін десем, өзім әлгінде сезген-көргендерім көз алдыма келеді. Тағы ойым быт-шыт болды. Сонда, құранда жазылған о дүниенің, ахиреттің болғаны рас болғаны ғой.

О, Тоба!!! Осындай жанымды жеген ойлармен жатып ұйықтап кетіппін.

Таңертең тұрған соң жұбайыма болған жайды айтып едім, ол әрине сенбеді, сенбеген соң онымен сөз таластырған жоқпын. Ал мен америкалық жазушының «Өлімнен кейінгі өмір» деген кітабындағы кісілердің бастан кешкен уақиғаларына сенемін, - деп аяқтаған еді Еркін әңгімесін.

Мен де оның айтқан әңгімесіне сендім, өйткені ахиретке, о дүниеге сенбесем құранға Алланың сөзіне сенбегендігім болар еді.


vk.com

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста