Оқшы ата қорымындағы көне кесенелер құпиясы

Оқшы ата қорымындағы көне кесенелер құпиясы

Қызылорда облысының Шиелі ауданы аумағында орын тепкен Оқшы ата қорымы көне кезеңде елдің ризашылығына бөленген қасиетті кісілердің мәңгілік дамыл тапқан мекені ретінде бағаланады, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш орын тоғыз жолдың торабында жатыр. Дәл іргесінен бұрын Түркістан мен Сібір арасын жалғаған теміржол өтсе, бір жағында «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» көлік дәлізі орналасқан.

Өткен ғасырдың басында шойын жолды тартқан адамдар оны әулиелер жатқан жерден жүргізбек ниет танытқан екен. Шолақ белсенділер қазақтың ертеден құрмет тұтқан қасиетті кісілерінің бақилық мекенін трактордың күшімен бұзып тастаудан да арланбапты.

Алайда ол дегеніне жете алмайды. Кесенелерді бұзуға бет алған трактор өздігінен тоқтап қала берген. Дәл осы көрініс бірнеше мәрте қайталанады. Ақырында дымы құрыған құрылысшылар қасиетті мекенді айналып өтетін теміржол тартуға көшеді.

Осының өзі бұл жердің құрметті орын екенін дәлелдей түседі.

Қасиетті орын неге Оқшы ата атанған?

Ол кісінің азан шақырып қойылған ныспысы жайында халықтың арасында бірнеше болжам айтылады. Ол кісінің шын есімін біреу Көгентүп десе, екіншісі Ибраһим дейді. Тағы бір деректерде азан шақырып қойған аты - Ибраһим, лақап есімі Көгентүп делінсе, халықтың қойған аты Оқшы болған деседі.

Белгілі зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаевтың айтуынша, ол кісі оқ, қару жасаған оғыз батыры деп көрсетілген. Оқшы ата жас кезінде жетімдіктің ащы дәмін татып, күндердің күнінде бір шал мен кемпірге өкіл бала болады. Кейбіреулер секілді пендешілікке бой алдырмай, пәни дүниеде талайға өнеге көрсетеді. Алланың жердегі тұрағы - мешіт үйін салып, ағайын-туысты ислам дініне шақырған.

Күндердің бірінде ол асырап алған ата-анасынан Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Яссауиге сәлем беріп қайтуға сұранады. Сол заманда Ақмешіт ханы елдің арасынан салық жинаумен қатар, кезекпен әр жұрттан бір қыздан алып келуді талап еткен екен. Ата-анасы Оқшы атамызға осыны айтып «Балам-ау, сен кеткенде қарындасыңды хан алып кетсе, біздің күніміз не болады?» - дейді. Сонда еш абыржымай, сөз алған ол кісі «Менің атымды үш мәрте айқайлап айтсаңыз болды, заматында осы жерге келемін», - дейді.

Айтқандай, ханға алым-салық жинап беретін межелі күн де келіп жетеді. Нөкерлер Оқшы ата тұратын қонысқа келеді. Оны асырап алған әкесі дәл осы кезде ол кісінің атын үш мәрте айқайлап айтады. Елдің үрейін алған нөкерлерімен бірге жеткен хан аяқ астынан аттың үстінен ауып, жерге құлап түседі. Әркім «ханның көзін мен құрттым» деп даурығып жатады. «Халайық, бостан-босқа даурыға бермейік, ханды кімнің атқанын жүрегіне қадалған арпаның қылтығынан аңғаруға болады. Егер оның көзін мен құртқан болсам, оның жүрегінде арпаның қылтығы тұруы тиіс», - дейді Оқшы ата.

Расында да, дәл солай болып шыққан. Жергілікті жұрт Көгентүп есімді жігіттің тегін адам емес екенін ұғынып, оған құрмет көрсетеді.

Сондай-ақ осы қорымда өзге де әулие кісілердің жамбасы жерге тиген. Олардың қатарында Есабыз әулие, Асан ата, Ғайып әулие, Қыш ата, Бала би, Досбол би секілді халықтың ықыласына бөленген адамдар бар. Қазақ ұлты Асан қайғы атап кеткен әйгілі дала данышпаны да осы мекенде өмірден өткен көрінеді.

«Оқшы ата түркілер арасында исламды насихаттаған діндар адам болды деген деректер бар. Бұл жер ХІҮ ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқты кесенесін Ақсақ темір салғанға дейін осы Оқшы ата жері ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі-қыпшақтардың бекзат азаматтары жерленген пантеон болған екен. Демек, бұл қабірстанда қадым ғасырларда біз білетін аталардан басқа жасаған небір арыс азаматтардың жатуы мүмкін. Оқшы ата, Есабыз, Асан қайғы, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол би сияқты ұлылар - халық зердесінде сақталғандары ғана. Оқшы ата ХІ ғасырда өмір сүрген, халықты жаудан құтқарып, елдің болашағы үшін күрескен ұлы тұлға. Сондықтан да халық Оқшы ата мазаратын ерте заманнан құрметтеп киелі жер санаған», - дейді Қызылорда облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері Еркебұлан Елеуов.

Ендігі кезекте осы аумақтан мәңгілік мекенін тапқан әулие кісілер жайында тоқтала кетсек. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Нұрсұлу Күзембаеваның айтуынша, бұл қорымда елдің қошеметіне бөленген мынадай қасиетті кісілер мәңгілік мекенін тапқан.

Асан ата кесенесі ел аузында айтылатын Асан Қайғы бабамыз жатқан жер деп айтылады. Кесене күйдірілген тақта кірпіштен қаланған. Шаршы үлгіде, аумағы - 11,5 х 7,30, биіктігі 7,60 метр. Іргеліктен 3 метр жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан қайғы XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары есіміне «қайғы» деген сөз қосып, «Асан қайғы» атап кеткен.

Сондай-ақ, мазараттағы ең көне кесене Ғайып (Қайып) атаға арналған орын. Бұл кісі ІX ғасырда, оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген, кесене де сол тұста салынған деген пікір айтылып жүр. Кесенеге қарағанда, Ғайып ата көптің бірі болмаған.

Оқшы ата мазаратындағы Кітап ата деп атаған әулиенің шын есімі жайында да мәлімет жоқ. Ол XI ғасырдан бергі кезеңде ислам діні Сыр бойына тараған кезде өмір сүрген деп шамаланып жүр. Өйткені кітап араб сөзі, есімі - арабша.

Атамыз құран кітабын ақтарған дін уағызшысы болуы да мүмкін. Қабыл ата от ауызды, орақ тілді шешен, аузының дуасы бар батагөй, айтқаны мүлт кетпейтін кісі болса керек. Берген баталары әрдайым қабыл болып тұрғандықтан, осы жанама атқа ие болды ма, әлде бұл өзінің шын есімі ме, белгісіз.

Ал Есабыз әулиенің халыққа танымал болғандығының бір белгісі - басына тұрғызылған еңселі кесене. Мазаратта Асан ата, Оқшы ата кесенелерінен кейінгі елеулі ескерткіш Есабызға арналған. Есабыз әулиенің заманы қай тұс екені жөнінде нақты дерек жоқтың қасы. Есабыз туралы бір-біріне қарама-қайшы екі пікір бар. Соның біріншісі - әулиені Оқшының заманында, XI ғасырда тіршілік еткен, жасы одан кіші болған деседі. Бірақ ол туралы ел аузындағы әңгімелерден басқа әулиелерге қарағанда осы күнге егжей-тегжейлі жетуі және оның түп-тұқиянына дейін белгілі болуы, оның тым бергі уақытта өмір сүргенін аңғартады.

Бала би шешен (шын аты Бименбет) 1811-1875 жылдар шамасында дүниеге келіп өмір сүрген. Жасынан ел мен жер дауына ерте араласып, Бала би атанады.

Досбол датқа Жөлек өңірінде 1800 жылы дүниеге келген. Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныштығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселенің қисынын тауып, қиып айтатын беделді би, буынсыз қызыл тілдің қызығына ермей, қызырын ел мен жердің еңсесін көтеруге арнаған, шашасына шаң жұқпас, шипа сөзді шешен. Жасы 30-дан аса бергенде Қоқан ханының пәрменімен өз руына датқа болып тағайындалған Досбол шешен олардың қоқан соққысынан қорқып-үрікпей, өз аймағын, ағайындарын қорғай білген.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында кейбір зиялы азаматтардың бас болуымен әулиелерге кірпіштен кесене орнатылған екен. Оған дейін көбі қам кесектен салынғанға ұқсайды. Жергілікті жамағат қасиетті кісілерді ешқашан жадынан шығарған емес. Алғаш рет 1997 жылы олардың аруағына арналып ас берілсе, содан бері сол игілікті іс лайықты жалғасын тауып келеді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста