Қарғыстың кесірі жеті ұрпағына жетіпті...

Қарғыстың кесірі жеті ұрпағына жетіпті...

Студент кезімде түркістандық бір кісінің айтып берген әңгімесі әлі күнге есімнен кетпейді. 5-6 жылдан бері жазсам ба, жазбасам ба деп жүруші едім. Жұртқа кішкене ой салса екен деп жазғым келді.

Қысқасы, сол көкемнің аноооу төртінші атасы 7 ағайынды болған екен. Жетеуі де барымташы болыпты. Барымташы болғанда да елге қайыры жоқ байлардың малын айдап әкетеді екен. Содан күндердің бір күнінде бір ауылдың қайырымсыз байының малын көздеп, барымталауға аттаныпты жетеуі. Сәті түсіп,байдың жайлаудағы малын түгел әкеткен ғой. Сөйтсе мыңғырған малдың ішінде байдың ауылындағы біраз жарлының да малы бар екен. Ауылдың бәрі абыр-сабыр. Қарғап-сілеп жүрген біреу. Әсіресе жалғыз немересінен өзге ешкімі жоқ бір кемпірдің қарғысы ерекше шығыпты. Сондағысы: "Жеті ұрпағыңа дейін жалғыз өтіңдер" деген екен.
Сол қарғыс жеті ағайындының алтауын жалмапты. Жалғыз қалған біреуінен жалғыз бала қалыпты. Оның жалғыз баласы, жалғыз немересі... Сол немеренің баласы мен сөйлесіп отырған кісінің өзі екен. Және бұл кісінің де жалғыз баласы бар, және сол жалғыз баласының да жалғыз ер баласы бар.
Мұны естіген адам өтірік деуі мүмкін. Бірақ сол көкемнің атадан жалғыз екенін, жалғыз баласы, жалғыз немересі бар екенін мен шынымен білемін.
Кейде біреуге қатты ашуланғанда не айтып қойғаныңды білмей қалатын кездер болады. Ашумен шыққасын солай ғой. Алайда жоғарыдағыдай оқиғаларды естігенде кейбір ызалы қарғыс тура тиеді ме деп қаласың. Бастысы - қарғыс алатындай тірлік істемесең сені ешкім қарғамайды. Бекерден бекер қарғаса онда ол оның өзіне тиеді деп ойлаймын. Құдай алғыс арқалап жүруге жазсын!

Dauren Abdramanov
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста