Қорқынышты қуыршақ

Қорқынышты қуыршақ

Біз 1995 жылы Шығыс Қазақстаннан оңтүстікке көшіп келген едік. Ол жылдар тоқырау кездер еді. Сол жылдары жаппай жұмыссыздықтың салдарынан көп адамдар сауда-саттықпен айналысты. Көшу себебіміз де сол еді.

Біз үлкен шатырлы ескі үйге көшіп келдік. Бұрын мұнда орыс­тар тұрған екен. Мен сол жылы тоғыз жасқа толған едім. Әкем менің туған күніме қуыршақ сыйлады. Қуыршақ үлкен, әдемі, бірақ ескілеу болатын. Әкем қуыршақты осы үйдің шатырынан тауып алғанын айтты. Қуыршақпен ойнағанды жақсы көретін мен әкемнің бұл сыйлығына қатты қуандым. Ол қуыршақтың үлкендігі сондай, менің белімнен келетін.

Бір күні түнде қуыршақты сол жағыма алып жаттым. Түннің бір уағында қорқынышты түс көріп, оянып кеттім. Қарасам, қуыршағымның басы маған бұрылып, көзі тік қарап жатыр екен. Қуыршақтың басын туралап қойып ары қарай ұйықтамақ болдым. Бірақ бірнеше секундтардан кейін басының тағы да маған қарай бұрыл­ғанын сездім. «Бұл мүмкін тірі қуыршақ шығар?» деген балалық оймен: «Маған неге қарай бересің? Жатып ұйықта!» &ndash дедім де, өзім де ұйықтап кеттім.

Таңертең тұрып, жуынып жатып, қолымның көгеріп, тіпті, кішкене тырналғанын да байқадым. Алақанымдағы сол төрт сызық із кішкене саусақтардың ізі еді. Сол сәт қуыршағымның түнгі «қылықтары» есіме түсті. Бөлмеге кіріп, қуыршағыма қарасам, төсекте басын тік ұстап, жоғарыға қарап жатыр екен.

Сол күні кешке дейін көршінің қызымен ойнадым. Кешке жатар алдында қуыршағымды басқа ойын­шықтармен бірге бұрышқа жинап қойдым. Түнде тағы да қорқынышты түс көріп, түсіме қуыршақ кіріп, тағы да шошып ояндым. Көзімді ашып қарасам, төсекте, сол жағымда қуыршақ басын бұрып, маған қорқынышты көзбен қарап жатыр. Мен қатты қорыққанымнан айқайлап жібердім.

Ол  күні анам үйде жоқ еді. Сауда-саттықпен басқа қалаға кет­кен. Әкем үйде болатын. Ол менің даусымды есітіп жүгіріп келді. Мен оған жерде жатқан қуыршағымның менің қасыма келіп жатып алғанын, көзін менен алмай қарап жатқанын айттым. Әкем сеніңкіремей, күліп: «Қорықпа, қызым, ол &ndashойыншық қуыршақ, жаман түс көрген шығарсың», &ndash деп басымды сипап қасымда біраз отырды. Содан соң: «Қорықсаң, қуыршақты басқа бөлмеге алып кетейін», &ndash деп бетімнен сүйді де, қуыршақты бөлмемнен алып шығып кетті. Мен көпке дейін ұйықтай алмай жаттым.

Таңертең оянып, жуынып, асханаға барсам, онда ешкім жоқ. Кү­ніге әкем маған тамақ пен ша­йымды дайындап қоятын. Бірақ ол әлі жоқ. Әкемнің жатын бөлмесінің есігін ашсам, ол кісі еденде жатыр. Түрі боп-боз болып кеткен. Менің денемді тоқ ұрғандай болды, жүгіріп барып әкемді оятпақ болдым. Бірақ ол дем алмай жатыр еді. Сол мезетте арқамда маған біреу қарап тұрғандай болды. Бұрылып қарасам, қуыршағым күлімсіреген тәрізді болып маған қарап отыр екен. Бірақ, қаншалықты қорқып тұрсам да, қуыршақтың шашынан ұстап, терезеден сыртқа лақтырып жібердім.

Көршілеріміз менің жан дауысым шығып айқайлағанымды естіп, біздің үйге жүгіріп келді. Сол күні белгісіз жағдайда әкем қайтыс болды. Ертеңіне осы жұмбақ қуыршақтың тағы да басқа біреулерге зияны тимесін деп өзім  лақтырып жіберген терезе тұсын әрі-бері қарап, қуыршақты еш таба алмадым. Содан бері сол қуыршақ түсіме енсе шошып оянатын болдым.

А. АСАНОВА.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста