Қорқынышты түс көрсен не істеу керек?

Қорқынышты түс көрсен не істеу керек?

Қорқынышты түс көру барлық адамға тән жағдай, бірақ қорқынышты түс көп уақытқа дейін есімізден кетпей қояды. Әрине, сізді түсінізде артыныздан біреу қуып келе жатса, үлкен биіктіктен құлап келе жатсаңыз, суға батып немесе отқа жанып жатқанды көрсеңіз, ондайды ұмыту қиын. Ең қорқыныштысы бұл шынайы өмірде болатын жағдайдын белгісі ме деген сұрақ туындайды.

Біз неге қорқынышты түс көреміз?

Ғалымдар анықтағандай, адам қорқынышты түсті таңертен оянар кезде көреді екен. Сондықтан бұл түс есте қалып, үлкен эмоционалдық әсер қалдырады. Ғалымдардың пікірі бойынша, жаман түстер адамның өмірінде қиын жағдайлар болғанда, яғни ояу кезде жиналған негативті энергияның көп болуы себепкер. Кез келген негативті энергия шығу жолдарын іздейді, сонын салдарынан адам қорқынышты түстер көреді. Сондықтан мұндай түстердің пайдасы бар.

Дәрігерлер түсінде жүгіріп немесе қашып келе жату, жүрек ауруларымен ауратын адамдарда болады. Ондай адамдарға кардиологтың кеңесі қажет. Отоларингологтар түсінде тұңшыққан адамның тыныс алу жүйесінің жұмысының бұзылғанынан болады дейді. Стоматологтар мен гастроэнтерологтар түс көру кезінде адам сасық иістер сезсе, ол тістердің нашар болуы немесе ас қорыту жүйесінің бұзылуынан болуы мүмкін деп мәлімдейді. Лабиринттарда, орманды көгалдарда немесе бейтаныс қорқынышты жерде тап болу себебі, депрессия немесе қатты шаршау болуы мүмкін.

Жаман түстер болашақ оқиғалар туралы ескертеді деген болжам бар. Бұл жерде оның жай түспе әлде аян беретін түспе екенін анықтау керек. Өздеріңіз білетіндей, аян беретін түстер өте жарқын және тікелей мағынасы бар, сондықтан түсіндіруді қажет етпейд, және ондай түсті сирек адамдар ғана көреді.

Не істеу керек?

Жағымсыз түстен кейін адамдардың көпшілігі қолайсыздықты сезінеді және ұйқының нені білдіретінін түсінуге тырысады. Түсіндірумен айналыспас бұрын, ұйықтар алдында не болғанын еске түсіру қажет. Мүмкін, эмоцияналдық жағдайға кері әсер еткен нәрсе болған шығар. Егер адам ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрсе, ұйқысы мазасыз болып, қорқынышты түстер көреді. Өмір сүруге кедергі келтіретін оқиғалар туындаса және бір нәрсе туралы ойланатын болсаңыз, онда ұйқының тыныштығы бұзылады. Барлық көрген түстерге, жасырын себептер іздестіру қажет емес. Керісінше, ондай түс туралы мүлдем ойламаған дұрыс.

faktiler.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста