Құмырсқа түсіңізге кірсе не болады: танымал түс жорушылардың болжамдары
Құмырсқа - ең еңбекқор, еш зиянсыз жәндіктердің бірі. Ал құмырсқа түсіңізге кірсе нені білдіреді? Осы сұраққа жауап іздей отырып, танымал он түс жорамалын назарларыңызға ұсынамыз.
Исламдағы түс жорамалы
Ислам түс жорамалында түске құмырсқа кірсе, мағынасы зор. Оның мәні келесідей: Төсекте жүрген құмырсқа - көзге шөп салу немесе өсектің белгісі; Тамақтағы құмырсқа - жұмыстағы басшылықпен болатын кикілжіңнің белгісі. Тағы да басқа болжамдардың бірінде құмырсқа сәтті некенің белгісі деп жазылған. Жалғызбастылар екінші жартысын табады. Үйде болған құмырсқа табыстың өсуін, әлеуметтік жағдайдың жақсаруын болжайды. Бұл жақсы белгі болғандықтан, ол орындалғанша оны құпияда ұстаған абзал.
Ванганың түс жорамалы
Жәндіктердің түске кіруі жақсы жаңалықтың хабаршысы деп білген. Ванга бойынша құмырсқа түсіңізге кірсе, армандаған ойыңыз жүзеге асады деген сөз. Сонымен бірге ол мынадай болжамдарды айтқан: Құмырсқаның илеуін түсте көру – сенімді бизнес серіктес табасыз деген сөз; Жалғыз құмырсқа – отбасындағы гармонияның белгісі деп болжанған. Егер әйел адам үй салып жүрген құмырсқаны түсінде көрсе, туыстарымен араздасады деген мағынаны білдіреді. Гүл үстіндегі құмырсқалар.
Феломенаның түс жорамалы
Феломена бойынша құмырсқаның түске кіруі үлкен қалаға көшумен байланыстырылады. Ол көшіп қана қоймай сол қаладан бақытын тауып, отбасын құрып тұрақтайды деп болжаған. Феломена сонымен бірге былай болжаған: Түсіңізде құмырсқаны бақылап, сырттан қарап тұрсаңыз – өмірде қаржылық тұрақтылыққа келесіз; Құмырсқаның үйге кіріп жатқанын көру- үйіңізге жаңа мүлік сатып аласыз дегенді білдіреді. Егер түс көруші жалқау болса, құмырсқа жайлы түс кедейлікті меңзейді. Оны жеңіп шығу үшін құмырсқа сияқты тынбай еңбек ету қажет.
Юнонаның түс жорамалы
Құмырсқаны жиі белгілі бір әлеуметтік топқа теңеп жатады. Юнона құмырсқаның түске кіруі қоғамдық белсенділікті қажет дегенді білдіреді деп болжаған. "Жақын уақытта оған әлеуметтік немесе қайырымдылық шарасы тапсырылады немесе мұқтаж жандарға көмектесу бұйырады" деп болжаған ол. Юнона бойынша жорамал нұсқалары келесідей: Қозғалыстағы құмырсқалар – жұмыстағы өнімділігіңіздің артуының; Құмырсқалардың илеу тұрғызуы – қызметіңіздің өсуінің белгісі деп жазады. Ал егер құмырсқа денеңізде жүрсе – ол жақында байып кетесіз деп болжанады. Аузында бір нәрсе тістеген құмырсқа – ұрлықтың белгісі.
Миллердің түс жорамалы
Түсінде құмырсқаны таптау – өз бақытыңызды таптаумен тең деп есептеледі. Өлі құмырсқалар - жұмыста жауапкершіліктен қашатындардың түсіне кіреді деп саналады. Жәндіктердің түске кіруін Миллер төмендегідей болжаған: Ұсақ құмырсқалар – танымал адамен танысуды; Ірі құмырсқалар – ойланбай қабылданған шешім дегенді білдіреді. Түске құмырсқа кірген келесі күні сізді ұсақ-түйек қиындықтар күтіп тұр деген сөз. Ал егер сол түсте құмырсқа сізді тістеп алса, істің маңыздылығы өте жоғары деп саналады. Жапырақ үстіндегі құмырсқалар.
Фрейдтің түс жорамалы
Психолог бұл түсті ішкі қанағаттанбаумен байланыстырады. Егер түсіңізде әйел басшы болған құмырсқа отбасы кірсе, сексуалды қанағаттанбаудың белгісі. Тұрмыстағы әйелге бұл түс жүктілікті, басы бос қызға жігітінің туыстарымен достықты меңзейді. Сонымен бірге ол төмендегідей болжамдарды айтқан: Төсектегі құмырсқа - кәсіби жетістікке жетуді; Төбедегі құмырсқа – мерекелік іс-шараға қатысудың белгісі деп қабылданған. Егер ер адамға құмырсқаның шабуыл жасағаны түсіне кірсе, күдікті іске араласады дегенді білдірді. Мұндайда алаяқтарға алданып калмау үшін жаңа таныстықтар кезінде сақ болыңыз.
Нострадамустың түс жорамалы
Құмырсқаның илеуін түсінде көру Нострадамус жорамалы бойынша үйдегі тоқтықты, жақсылықтың белгісі болып саналады. Егер жәндіктің еңбек етіп жатқаны кірсе, сіздің де еңбегіңіз жемісті болады деген сөз. Одан бөлек, тағы да келесідей болжамдары бар: Қызыл құмырсқалар – таңдаған өмір жолының дұрыс еместігін; Қара құмырсқаларды басып тастау – өміріңізді тас-талқан ету деп болжанған. Егер илеуге жүріп бара жатқан құмырсқалар кірсе, сізді жағымсыз жаңалықтар күтіп тұр дегенді білдіреді. Мұндай түс өмірдегі үлкен өзгерістерді болжайды.
Лоффтың түс жорамалы
Кейбір түс жоруларда оның мағынасы түс көрушінің әрекеттерімен сипатталады. Лофф бойынша түс жоруда қолыңызда құмырсқаға толы қорапты ұстап тұрсаңыз – ол кәсіптегі серіктесіңіздің сізді алдап жүргенін білдіреді. Құмырсқаны таптау - бәсекелесіңізден құтылуды болжаса, қант ыдысында жүрген құмырсқаны түсінде көрген адамның денсаулығы жақсарады деп болжанған. Лоффа бойынша жорудың басқа да нұсқалары келесідей: Қанаты бар құмырсқаның үйленген ер адамның түсіне кіруі – ашынасының пайда болуын; Үстел үстіндегі құмырсқаның қыз баланың түсіне кіруі – бір адам кездесуге шақырады дегенді білдіреді. Қарт ер адамның түсіне құмырсқаның кіруі немерелерінің келуін, ал құмырсқалар жүгіріп, алаңдаулы болса қиындыққа батқан адамды сипаттайды. Құмырсқаның илеуі.
Цветкованың түс жорамалы
Көп адам жәндіктерді ұнатпайды. Бірақ олардың түске кіруі Цветокова құмырсқаның түске кіруіне байланысты жорамалдары төмендегідей: Үстел үстіндегі құмырсқалар байлықтың нышаны; Киім астындағы құмырсқалар – жүйке жүйесінің тозуының белгісі. Егер ер адамға судағы құмырсқа түсіне кірсе, оған ол ұнатпайтын жұмыс тапсырылады және одан құтылудың амалы жоқ. Ал егер түс көрушіге құмырсқалар шабуыл жасаса, оның денсаулығының нашарлауын білдіреді. Адамның алақанындағы құмырсқа – сол адамға жақсы идея келетінін болжайды.
Хассенің түс жорамалы
Хассе бойынша құмырсқаның түске кіруі жақсы белгі емес. Мысалы ол басқа таңдауы жоқ, сәтсіз келіссөзді білдіруі мүмкін. Басқа да жорамалдың нұсқалары келесідей: Ер адамның жәндікті түсінде өлтіруі – үлкен шығындардың орын алатынын; Қара құмырсқаның тамақта болуы – көршілерімен араздасуды білдіреді. Мансабы үшін тер төгіп еңбектенгендер үшін түске кірген құмырсқа жақсылықтың нышаны. Илеуді түсінде бұзу қарым-қатынасыңызды таптаумен бірдей деп болжанған. Түске кірген құмырсқа жұмысты, әлеуметтік өмірді сипаттап, ондағы болатын өзгерістерді болжайды. Ол қандай өзгерістер немесе қауіптер екендігін танымал жорамалдар болжап береді. Барлығын оқып, саралап, дұрыс шешім қабылдаңыз.