Қызыл көз (мистикалық әңгіме)

Қызыл көз (мистикалық әңгіме)

Тысыр-тысыр еткен дауыстан оянып кетті. Көзін уқалап жатып, жаңағы дауысты тағы естіді. Атып тұрып жарықты жақты. Дауыс жоғалған секілді. Жоқ, қайта шықты. Терезені ашты. Жел соғып тұр. Талдағы бұтақтардың дауысы секілді. Қайта жапты. Есінеген күйі әжетханаға кіріп кетті. Әжетхана ішінде шағын айна бар. Соған ары-бері қарады да, әлі ұйықтау керек екені есіне түскендей, қайта шықты.

 

Есіктің кіре берісі мен әжетхана бір-біріне жақын орналасқан. Дәл сол қабырғада төрт адам сыйып кететіндей үлкен айна бар. Әжетханадан шыққан Арман айнаға ұзақ қарап тұрып қалды. Бағанағы тысыр есіне қайта түсті ме, айнадағы өзінің бейнесін көріп шошып кетті. Лезде жарықты өшіріп, көрпесіне қарай жүгірді. Енді жатуға ыңғайлана бергенде бағанағы тысыр қайта әдетіне салды. Көрпені бетіне дейін жауып, телефонынан көңілді әуен қосты да, ештеңе естімеген адамдай ұйқыға кетті. Ұйықтап жатып қара терге түсті. Әлденені ұмытып кеткендей, орнынан атып тұрып, жарықтың бәрін жақты. Тіпті әжетхананың да жарығын жағып, есігін ашып қойды да, темекісін алып балконға шықты.

 

Далада жел бар. Бұтақтардың тысырлаған дауысы анық естіледі. Жүрегі орнына түскендей болды. Қалтасынан сіріңкесін алып тұтатып жатыр. Ерке жел қайта-қайта үрлеп, өшіріп тастайды. Бес-алты шырпысы жанып бітті. Қолын қанша қалқалап көрді, жел алақан ішіне де кіріп үрлеп үлгеріп жатыр. Терезе жақтауында тұрған шақпақты алып, желге ерегескен адамдай темекісін рахаттанып тұрып тұтатты. Ішке тартқан сайын жаңа ғана тұтанған темекінің басы қып-қызыл шоқ секілді қызарып, қайта бәсеңдейді.

 

Балкон үйдің артқы ауласына қарайды. Он шақты ағаштың айналасын қоршап, өзіне бау-бақша жасап алған астында тұратын көрші кемпірдің жөтелі де естілді. Түн ортасында жөтелі үдейтін әдеті. Арман оның қай кезде жөтеліп, қай кезде басылатынын жаттап та алған. Темекісі біткенше әр нәрсені ойлады. Бұрын естіген аңыз-әңгімелер, қорқынышты оқиғалар артқа айналған кассета секілді орала берді. Ойламайын десе де, біреу миына тапсырма беріп, әдейі істегендей кезек-кезек еске түсірді. Айналып жатқан кассета бала Арманның кішкентай кезінде әжесінен естіген Қызыл көзге бір-ақ жетті. Ол кезде «Қызыл көз» дегенді естіген бала біткеннің төбе шашы тік тұрып, жан-жаққа бытырай қашып, тез-тез ұйықтап қалуға тырысатын. Бір нәрсені бүлдіріп қойса, атасы не әжесіне ұрсады деп қорықпайтын, керісінше, Қызыл көз біліп қоймаса екен деп уайымдайтын. Сол қорқынышты кейіпкердің, бір бала оны өмірде көрмеген еді, есіне оралғанына жыны келді. Кенет көзі ауладағы талдардың бірінен өзіне тесіле қарап тұрған қып-қызыл көзге түсті. Ұйқысынан жұлып алған тысыр, қай-қайдағыны еске түсірген ойы, енді міне, қып-қызыл көз! Арман темекісінің тағы екі рет тартып жіберуге болатын бөлгіні тастай салып, ішке кірді де балконның есігін тарс жаба қойды. Қайтып ол жаққа, ағаштарға қараған жоқ. Пердені түсіріп, төсегіне жүгірді. Барлық бөлменің жарығы жарқырап тұр. Төбесінен төніп тұрған шамға қарап жатып ұйқыға кеткен Арманды таңда телефон дауысы оятып жіберді.

 

- Алло?!

 

- Қал қалай? Бүгін кездесеміз деп едік. Қай жерге барайын?

 

- Мәссаған, түнімен маза болмай жата алмадым. Қазір шығамын. Біздің офис жақтағы старбакске кел. Сонда жолығайық.

 

- Жақсы. 20 минутта сол жерде боламын.

 

Арман орнынан тұрып, кеше түндегі жағдайды қайта бір есіне түсірді де балконға қарай жүгірді. Терезенің пердесін күндегідей емес, үрей мен үміт аралас екі ойдың ортасында тұрып ашты. Перде ашылған сайын ар жағынан кешегі қорқынышты ағаштар қайта көрінді. Тағы ашылған сайын Қызы көз де көрінді. Шошып кетті! Қайта жапты. Енді анық көз жеткізгісі келді. Өңі не түсі екенін ажыратып алғысы келіп тұр. Көзін жұмып тұрып, пердені тартып қалды да, көзін ерегескен адамдай айқара ашып, бедірейе қарады. Ішінен «не істеп аласың?» деп тұрғандай күй кешті. Түнімен ұйқысын бұзған Қызыл көзі қызыл түсті, талға ілініп қалған пакет екен. Темекісін тұтып жатып, ішінен күлді. Күліп жатып, айғай салғысы келді. «Қорыққанға қос көрінеді деген осы екен ғой» деп ішінен мырс етті де, ішкі кіріп, таңға дейін жарқыратып қойған шамдарын өшірді. Өшіріп жүріп күліп жүр.

 

Старбакс алдында күтіп тұрған досымен жолыққан Арман түнде болған жағдайды қызық әңгімеге айналдырып айтып берді. Екеуі әбден күліп, кофелерін ішіп болған соң жұмыстарына кірісті.

 

Кеш қарайып, күн ұясына батқан кезде Арман офистен шықты. Үйіне такси ұстады. Радиодан ертегі оқып беретін әже балаларға базарлық деп ертегі бастады. Тыңдап отырған Арманның құлағына «Қызыл көз» деген сөз анық естілді. Не күлерін, не жыларын білмеген қалпы үйге жеткенше тыңдады. «Қызыл көз» туралы аңызды естіп, оның өмірде жоқ екенін, тек ойдан шыққан қорқынышты кейіпкер екеніне көзі жетті. Ертегі аяқталып әже де қоштасты, такси де үйге жетті.

 

Қап-қараңғы үйге кірген Арманда кешегі қорқыныш жоқ. Жарықты асықпай жағып, заттарын үстел үстіне қойды да, телефонда қосылып тұрған әуенге елітіп, билеп жүріп киімдерін шешті. Балкон жақтан ағаштарға көз тастады. Кешегі «Қызыл көз» деп қорыққан пакеті әлі ілініп тұр. Үйлердің жарығы түскен сайын жарқырап, шынымен де қып-қызыл көзге ұқсап кетті. Шайдың астын қойды. Дамбалы мен жеңіл жейдесін іле салып, темекесін алып балконға қайта шықты.

 

- Еу, Қызыл көз! – деп ілініп тұрған пакетпен сөйлесе бастады. Кеше менің зәремді алдың ғой. Білесің бе? Өзімен-өзі сөйлесіп тұрғанын байқаған да жоқ.

 

Қайнаған шәйнектің дауысы сондай ащы. Жүгіріп барып астын өшірді де қайтып балконға келіп, қалған тұқылды қалт жібермей тартып, ілініп тұрған қызыл пакетке сес көрсеткендей көзімен бұрылып, ішке кірді де, пердені жауып алды.

 

Ағашқа ілініп қалған «Қызыл көз» деп көрінген қызыл пакет жабылған перденің ар жағында Арманға қарап көзін қысты...

 

 

 

Марғұлан Ақан, жазушы

madeniportal.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста