Рахымшылық сұраған аруақтар
(Шіркеу қызметкерінің әігімесі)
Менің саяжайым ескі шіркеумен іргелес орналасқан еді. Адамдар саяжайға жұма күні кешке қарай келе бастайтын да, жексенбі күні кешке түгелдей қалаға қайтатын. Қаладағы шіркеуден қызмет табылмған соң уақытша саяжайда тұрып жүргем. Әрі саяжайға қарауылдық етем.
Күз мезгілі, күн жексенбі болатын. Саяжайға келгендер қайтып болған. Адамдар кеткен соң қорғанның есігін іліп, итті босатып жібердім. Ұсақ-түйек шаруалармен жүріп күннің батқанына назар аудармаппын. Үйге отын алып кіріп пеш жақпақ болдым. Сол сәтте ит үрді. Терезеден қарасам, ит үймен іргелес тұрған ескі шіркеуге қарай үріп тұр екен. Бірлі-жарым адам қалып кеткен болса, қауып алып жүрмесін, байлап қояйын деп тысқа шықтым.
Тысқа шыққанда шіркеу қоңырауының дауысы есітілді. Таң қалдым, өйткені ескі шіркеу жұмыс істемейтін. Онда адам да бармайды. Есігі құлыптаулы. «Сонда шіркеу қоңырауын соққан кім болды екен?» деп ойлағанша, шіркеу қоңырауы үсті-үстіне қайта соғылды. Итім өз-өзінен қыңсылап, үйшігіне тығылды. Неге екенін, менің де бойымда қорқыныш пайда болып, жылдам үйге кірдім. Есікті іштен іліп алып, терезеден ескі шіркеу жаққа қарадым. Шіркеудің терезесінен жанған шамдардың жарығы көрінді. Сол сәтте пеш үстінде ұйықтап жатқан мысығым секіріп түсіп, тосек астына қарай қашты. Мен шіркеудегі жанған шамдардан көз алмай тұрып қалыппын.
Сәлден соң, қолдарынан шам ұстаған, қара жамылған бірнеше адамның шіркеуден шығып келе жатқанын байқадым. Олардың соңынан табыт көтерген төрт адам келеді. Шіркеу қоңырауы тынбай соғылып тұр. Олар көше бойлап жүре бастады. Менің үйімнің тұсына келгенде итім қыңсылап, аянышты үнмен ұли бастады. Әлгілердің қолдарына ұстаған шамның жырығынан олардың жанарсыз көздері, сұп-сұр жүзі көрінеді. Ер кісілер мен әйел адамдар, арасында балалар да бар. Мен соның бәрін анық көрдім. Бұл қорқынышты көріністен жүрегім тоқтап қала жаздады.
Шіркеуден шыққын, қара жамылған топ менің үйімнің тұсына келіп тоқтады. «Қорғанның есігін ілгенім жақсы болған екен» деп ойлағаным сол, ілгек өз-өзінен орнынан шығып, қақпа ашылды. Қара жамылған топ қақпадан ішке кірді. Ең алдында қолына шам ұстаған, монахша киінген әйел келе жатты. Бойымнан қуат кетіп, орнымнан қозғала алмай қатып қалғам. Манах әйел терезеге келіп, ішке үңілді. Маған қарады. Сонан соң, артында келе жатқан топ адамға қарап, «ол осында, ол осынды» деп ағайлады.
Мен ес жия алмай тұрғанда есік қағылды. Сол сәтте мыналар қазір есікті бұзып, үйді төңкеріп тастайтындай көрінді. Бір кезде тілім сөзге келіп, «меннен сендерге не керек» деп айғайладым. Әйел: «Әкей, бізге рахымшылық жасаңыз!» - деп жалына бастады. Сонан соң тізерлеп отыра қалып «рахымшылық жасаңыз!» деп қайталады. Әйелдің соңынан еріп келген топ та «рахымшылық жасаңыз!» деп шулай бастады. Мен есім кірелі-шығалы жүріп, қабырғада ілініп тұрған әулие әкейдің суретін қолыма алып, терезенің алдына қойдым. Терезені ашып, «Рахымшылық еттім! Рахымшылық еттім!» деп қайталай бердім. Сол сәтте шіркеу қоңырауының құлақ тұндырған дауысы шықты. Көзімнің алды тұманданып, рахымшылық сұраған топ көзден ғайып бола бастады. Сол кезде есімнен танып құладым.
Есімді жиғанда үй іші қап-қараңғы, сұп-суық болып кеткен екен. Орнымнан әрең тұрып шам жаққанда терезе айқара ашық, терезе алдында әулие әкейдің суреті тұрды.
(Мақала орыс тілінен аударылған)