Сириядағы соғыста періштелер пенделерге көмектескен
Негізінде Алла пендесін тікелей Өзі немесе періштелері арқылы қорғайтын кездері болады. Бірақ, мұндай мәртебеге лайық болу үшін адамның жан дүниесі таза, әркез періштелермен байланысын үзбейтін, ғибадатына берік жан болмағы ләзім. Періштелерге құрметпен қарап көңілінің төрінен орын ұсынған жанмен періштелер де байланысын үзбейді. Мұның бірден-бір дәлелі ретінде Бәдір, Хайбар шайқастарында олардың ислам қаһармандарына жәрдем еткенін, сахабалардың жаназаларына қатысқандығын айтуға болады. Періштелер көбіне жас нәрестелерге, бейкүнә сәбилерге және күш-қуаты сарқылған қарияларға қорғаныш болады. Ең бастысы, әркез періштелермен рухани байланыста болу үшін шынайы ғибадаттың берері мол. Бұл мәселеде ықылассыз жасалған құлшылықтан нәтиже күту қиын.
Ал мына көріністен байқағандарыңыздай Сириядағы қырғында періштелер көше кезіп, тірі пенделерге көмектесіп жүр.