Су бетінде қалқыған адамдар бейнесі...

Су бетінде қалқыған адамдар бейнесі...

Арқырап аққан асау Қас өзені біз тұрған шағын ауылды айналып өтіп, терең шатқалдың арасынан қысыла ағады. Ел осы өзенді жағалай салынған тар жол арқылы басқа ауылмен қарым-қатынас жасайтын. Малшылар үшін төте жолдың бірі осы еді. Қысаңмен өрлеп барып қайта құлдилаған адамға судың үлкен иірім жасаған тұсы бірден көрінеді. Өзен суы еркелей ағып, дәл осы араға келгенде сабырлылыққа көшкендей бейнеге енеді. Көк бұйра толқын билеп келіп, ентігін басқандай кең айналыс жасап, сосын жуаси ағады.

Сол көк иірімде бір тылсым оқиғаның бар екені шындық. Өйткені арлы-берлі жүрген жүргіншілердің көзіне төрт-бес адамның сұлбасы көрінеді. Су бетінде киімшең қалқыған мүрделер бірде көрінсе, бірде көрінбейді. Шеңбер жасай айналып, іле судың астына шөгіп кетеді. Аздан кейін қайта пайда болады. Алғаш көргендер аздап үрейленсе, бұрыннан білетіндер іштерінен «биссмилласын» айтып өте беретін көрінеді.

Бір ғажабы, суға жақындап барған адамға ештеңе көрінбейді. Қысаңның қарсы бетіне өтіп сынап көргісі келгендер, дүрбі салып қарағандар да болыпты. Алайда бұл әрекеттерінен ештеңе өнбеген сыңайлы. Тек кезеңнен құлдилай берген адам ғана байқай алады. Өткен-кеткенге үрей туғызған бұл тылсымды ел бір ғана оқиғамен байланыстырады.

Жарты ғасырға жуық уақыт бұрын аудан орталығынан мыс кенін байытатын зауыт ашылып, осы жол арқылы таудан мыс тасы тасылыпты. Бұрын бұл түйелі көш әрең жүретін жалғыз аяқ тар жол болған екен. Жүк көлігі бар малшылар жолдың игілігін енді еркін сезініп, қыстауға шөп тасумен айналыса бастапты.

Ауылдағы Асылжанның «Темір-терсек» деген лақап атын ес білгеннен бері естіп келеміз. Тек сол кісіде ғана үлкен трактор болса керек. Дүрілдеген дыбыс шықса болды, жұрт «Темір-терсек келе жатыр» дейді екен. Асылжанның көк мойын тракторы бірде ойға, бірде қырға жүйткіп, ауыл жұртшылығының қажетін өтеп тұрыпты.

Бір жылы көктем шыға ел қыстаудан ойға қайтқан мезгілде үй көшіріп жүрген Асылжан ойламаған оқиғаға кез болады. Үйдің керек-жарағын трактордың тіркемесіне тиеп, адамдарын жүктің үстіне отырғызып, алаңсыз келе жатып дәл кезеңнен аса берген кезде трактордың тіркемесі үзіліп кетіп, артқа қарай құлдилай жөнеледі. Қолдан келер еш қайран жоқ, тіркемедегі бір үйлі жан қас қағым уақытта дүние-мүлкімен бірге суға батып тынады. Асылжан ел-жұртқа хабарлап болғанша олардың не ағып, не суға шөгіп кеткенін ешкім білмей қалады. Еңіреген жұрт өзен жағалап іздеумен болады. Алайда бірлі-жарым дүние-мүліктерінен басқа ештеңесін таба алмайды.

Ауыл басшылары суды жоғарғы тоспадан аз уақытқа тоқтата тұруды талап еткенімен, оған басшылар көнбепті. Ол үшін жоғарыдан рұқсат керек екен. Айдың-күннің аманында бір шаңырақтың ізім-ғайым жоқ болғаны Асылжанға ауыр тиеді. Жынданудың аз-ақ алдында қалған ол тіркемесі жоқ тракторын «қанды кезеңге» апарып, көк иірімге құлатып жібереді. Кейін сол кезеңнің төменге түсер жеріндегі жолды үлкен тастар басып қалады да, жұрт басқа жолмен жүруге мәжбүр болады. Сөйтіп, сай-сүйекті сырқыратар бұл әңгімені айтатындар да азаяды.

Арада біраз жыл өткеннен кейін жол қайта қалпына келіп, жұрт әуелгідей қатынай бастайды. Бірақ дәл сол кезеңге шыққанда көк иірімнен адам мүрдесі елестеп, жүргіншілер көзіне жас ала өтеді екен.

Осы ғажайыптың сырына әлі ешкім жете алмай келеді. Ауыл тұрғындарына қалыпты жағдай саналып кеткенімен, бөтен адамдарды елең еткізбей қоймайды.

Бұл не сонда? Бейкүнә жандардың су бетіне шыққан елестері ме? Әттең, солардың ең болмағанда біреуінің сүйегін тауып, арулап жерлеген болса, су бетінен мұндай бейнелер көрінбес пе еді, бәлкім.


Б.ЛАҚАДЫЛ
otarka.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста