Табайдың тілі неге байланды?

Табайдың тілі неге байланды?

Торғайда Әспет деген бұлақты мекен бар. Өз кезінде әулие атанған Табай би осы Әспетті жайлаған екен. Сол маңда қазан тектес шұңқырға тұнған қарасуға шомылуды жақсы көретін Табайдың бір күні судан шыққанда тілі байланыпты. Содан бері әлгі жер «Табайдың тілі байланған» деп аталып кетіпті.


«Табайдың тілі байланған жер» немесе «Табай тал­ған», «Табай обасы» деген жер аттары да бұл адамның тегін болмағандығын аңғартады. Ол жайлы ел ара­сына тараған ғибратты әңгімелер де Табайдың тұл­ғасын таныта түскендей. 1825 жылы қазіргі Қостанай об­лысының Жангелдин ауданының аумағында Жа­ман­ғара әулетінде дүниеге келген Табай бидің ше­шен­дігіне кезінде дүйім жұрт сүйсінген деседі.


Кіші жүз еліне бара жатқан арғын-қыпшақтың игі жақ­сыларына атқосшы болған 13-14 жасар Табай қар­тайған Есет батырдың ауылына келіп түсіпті. Сонда келген қонақтарға салқын қабақ танытқан қарт батыр «әй, бұл кімдер, ә?» депті қымбат кереуетте жатқан же­рінен қозғалмастан. Ал оның қасында екі немересі карта ойнап отырса керек. Сонда намыстанған жас Табай: «Мынау – арғын-қыпшақтың жайсаңдары. Өзіме келсем, әкем – қара түн, шешем – қара күң, өз атым таз Табай. Ал енді үйге ит келді, кісі келді демей, ала қа­ғазды қиғаштап соғып отырған анау атасының ау­зын ұрайындарың кімдер?», – деген екен. «Атамды боқтамай, жай аты-жөнімді дұрыс сұрамаған адамды қылыш астынан өткізуші едім», – деп Есет батыр сес көрсетеді. Сонда Табай: «Біз 11-міз, 11 елдің тентегіміз, қылыштатып отыра алмаспыз. Кеше Ерназар, Бекетті жау айдап кеткенде, қайда қалып еді қылышың...» деп тайсалмай жауап береді. Өздерінің айыбын түсінген батыр ауылы қонақтарды үлкен сый-сияпат жасап, құрмет көрсетіп жіберген екен.


Ел арасындағы аңызға сай, Табай бидің мінезі қыңыр және сараң болған деседі. Бай-манаптарға айтқан сөздеріне қарап қыңырлығын мойындауға болар, бірақ сараңдығына байланысты айтар уәж жетерлік. Кезінде қазақ даласында мектептер ашуды ойға алған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин елден жылу жинағанда, Табай бабамыз «өзің сатып, ақшаға айналдырып ал» деп мектеп инспекторының алдына бір үйір жылқы салып берген екен.


Және Қостанайдағы қазақ балаларына арналған интернатта «шошқа етін береді екен» деген қауесет тарап, ата-аналар шу шығарып, мектеп-интернат жабылудың аз-ақ алдында қалғанда да, осы Табай би елге басу айтып, қиямет-қайыммен ашыл­ған қазақ мектебінің маңыздылығын түсін­діре білген. Және Алтынсаринді өсек-аяңнан арашалап алып, интернаттағы ба­ла­лар тамағы үшін бір отар қой жіберген.


Жалпы, Табай шешен күрмеуі қиын дау-дамайларды шешіп, барымта-қарымта, жесір дауы, жер дауында билік айтып, елді келістіріп отырған адам болған деседі. Өзінің өмірден өтер шағын сезген болуы керек, «тілі байланған жерге» бармас бұрын Табай би өз балаларына «мен қашан, қай жерде көз жұмсам, сол жерге қойыңдар» деп аманат айтыпты. Жаз шыға Әспеттен жайлауға көшетін Табай тілі байланып, ауыр халге ұшыраса да, жай­лауға көшуді шегінтпей, жолға шыққан көрінеді. Және сол жолда көз жұмып, өзінің туған ауылынан жыраққа жерленеді. Және сол жер «Табай обасы» аталып, сол обаны қасиетті санаған жұртшылық, үнемі тәу етіп жүрген екен. Кейін ескіліктің көзі ретінде бұл үрдіске тыйым салынып, Табайдың ұрпағы да атасының обасынан көз жазып қалған еді.


Бертін келе, елдегі көнекөз қариялардың айтқанына сүйеніп, бабасының обасын іздеумен келе жатқан ұрпағының үміті де ақталды. Бірнеше жыл бұрын жазық дала­дан жартылай көміліп қалған көк тас табы­лып, оның «Табай обасы» екендігі анықтал­ды. Өзінен кейін ғибратты істері жайлы өшпес аңыз-әңгімелер қалдырған Табай би Жангелді ауданынан жырақтау жатқан Наурызым ауданының Өлеңді мекенінен 15 шақырым жерде мәңгілік тыныстаған екен.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста