ТҮНДЕ КЕЗГЕН ЕЛЕС

ТҮНДЕ КЕЗГЕН ЕЛЕС

Мұны кім қалай түсінсе де өз шаруасы. Бірақ бұл – болған оқиға. Ол кезде 22 жастамын. ҚазМУ-ға оқуға түсіп, қуанышымыз қойнымызға сыймай жүрген кез. Шамалғаннан алма терген журфактың студенттері шүйіркелесіп, бір-бірімізбен көз таныс боп қалдық. Оқу басталып, студенттер №5 жатақханаға орналасып жатыр. Олардың арасынан бір курс жоғары оқитын Майраны бірден тани кеттім. Аз-кем сөйлескен соң ол мені өзі жайғасқан бөлмеге қонаққа шақырды. Сәлден кейін Майраның бөлмесіне бардым. Курсынан басқа да құрбылар жиналыпты. Шай ішіп отырмыз.

Бір кезде Майра қызу әңгімеге кірісті.
– Өткен жылы да осы бөлмеде тұрдық. Қорқыныштылау. Коменданттан өзгесін сұрағанмын бермеді. «Әркім өз бөлмесінде тұрады», – деген соң, амалсыздан қайта тұруға тура келді, – деді көңілсіздеу.
– Қорқыныштысы қалай сонда? – дедік дастарқан басындағылар шуласып.
– Қыздар сұрамаңдар. Бөлменің жарығы түнде өздігінен жанып сөнеді. Біреу жүргендей болады. Ертеде жатақханада ауған соғысына қатысқан студент жігіт жауыздықпен өлтіріліпті. Соның рухы кезіп жүреді екен жатақханада дегенді естігенмін. Қайдан білейін, рас, өтірігін, Бірақ, адам бәріне үйренеді екен, – деді ол.


Ойымда ештеңе жоқ, қыздарды күлдірейін деген оймен: «Егер расымен де ондай елес болса, бүгін маған келеді, – дедім әзілдеп. Семейдің Айгүл есімді қызы бар қасымда. Айгүлдің басы жастыққа тиісімен қор ете түседі. Күндегі әдеті осы. Оған іштей қызығып қоямын. Мен болсам, түннің бір уақытына дейін ұйықтай алмай, дөңбекшимін. Айгүлдың мұрны пыс-пыс етеді. Түннің бір мезгілінде көзім ұйқыға кетіпті. Бір кезде қалай оянғанымды білмеймін, есік жаққа көзім түссе, үстіне ақ жейде, костьюм-шалбар киіп, галстук таққан ірі денелі жігіт маған қарай жүріп келеді. Үнім шықпай, бастырылып қалдым. Есік кілттеулі. Бұл қалай кірді екен, – деген ой зу ете қалды. Аузыма бірінші «биссмилла» түсті. Елес маған онан сайын жақындады. Не істерімді білмедім, ішім сайрағанымен қозғалуға шама жоқ, тас болып қатып қалғандаймын. Дәл қасыма келгенде, көзімді жұмып алдым.
Ертесіне қыздарға барып: «Елестеріңді қайтып алыңдар, рақмет. Ол маған түнде келді» дедім. Өтірік айтты деген оймен қыздар да: «Сен де бола берсін» деп күлкіге қарық болды. Оларға күлкі көрінгенімен, шындығында бұл мен үшін күлкілі емес-ті.


Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста