Түсімде көргенім шындыққа айналады
Сәлем "Сырласу" анонимно берсеңіздер екен.
Менің жасым 17-де. Сіздерден ақыл сұрайын дегенім мына мəселе, мен жиі-жиі түс көремін. Сол түстерім мені мазалайды. Түсімде не көрсем сол орындалады.
Жақында 1-ай бұрын бір түс көрдім сіңілімді біреу жардан лақтырып жберді шошып оянып кеттім. Қарасам көздерім жастанып жылап жатыр екенмін.
Содан 1-апта өтті сіңілім шетелге демалуға кетті. Келе жатып бір машина соғып 30-метр биіктікке ұшып,көпірдің ұшына басы тиіпті. Ол сол мезетте БҰЛ дүниемен қоштасып жүріп кетті.
Түсімді ешкмге айтпаушы едім. Мән бермеуге тырысатынмын. Солайша үйге үлкен-үлкен молдалар келді, шай ұсынып жатқанымда бір қария молда маған"Сен осының бəрін білгенсің ,неге айтпайсың?"-деді.
Мен түсінбедім.Бар кінə менен болған сияқты болып қалды.Бұндай жағдай бірнеше рет қайталанды .Ағамды да көрдім апатқа түскенін . Ертесіне түсім өңіме айналыпты, ағам хабарласып тұр аварияға түскен екен.
Келеңсіз бірдеңе болатын болса ,неге алдын ала білемін? Мен қиналып кетемін. Өмір бойы солай өтемін бе? Барлық молдалар айтады сен басқаша екенсің деп. Қорқамын. Сөкпей ақыл айтыңыздаршы. Не стеуім керек?