Түсіңде сәби көрсең...

Түсіңде сәби көрсең...

Түсінде бала немесе сәби көрсеңіз ол нені білдіреді? Алфавит бойынша түс жору.

 

Миллер түс жоруы бойынша – бала немесе сәби

 

Жылаған сәбиді көру – денсаулықтың нашарлауы мен қапалануға.

 

Ал қуанышты, таза бала – баянды махаббат пен адал достарға .

 

Жалғыз қыдырып жүрген бала – еркіндік белгісі, лайықсыз пікірлерге көңіл аудармау.

 

Əйел түсінде бала баққанын көрсе – ең қатты сенетін адамының алдауына қалады.

 

Ыстығы көтерілген балаңызды түсіңізде қолға алу да – жаман белгі, жан азабы мен өкпені білдіреді.

 

Əдемі, сүйкімді балаларды көру – ерекше құлпыру, бақыт жəне дəулетке.

 

Анасы үшін түсінде баласының сəл сырқаттанғанын көру – баланың денсаулығы мықты болатынын білдіреді, бірақ оны балаға қатысты басқа кішігірім қиындықтар мазалайтын болады.

 

Балалардың оқып отырғанын немесе жұмыс жасауын көру- тыныштық пен дəулетке.

 

Өз баласын айықпас науқас немесе өлі көру – оның тыныштығына төніп тұрған алаңдайтындай қауіптің бар болғаны.

 

Өлі баланы көру – келер күндегі реніш пен уайымсыздыққа.

 

Əлденемен қапаланған баланың жылауы – келер қауіп пен уайымның, арам таныстардың арамдығы мен қаттылығының белгісі.

 

Баламен немесе сәбимен ойнау – коммерциялық жəне ғашықтық істерінде алға қойған мақсаттарға қол жеткізетінін көрсетеді.

 

Ванга түс жоруы бойынша – бала немесе сәби

 

Түсте бала немесе сәби көру – əрқайсысы жеке уақыт пен күшті қажет ететін ұсақ көптеген қиындықтардың алдыңыздан шығатынын көрсетеді.

 

Өзіңізді түсіңізде сәби бейнесінде көрсеңіз, шынайы өмірде одан алшақ кетпедіңіз. Сіздің шала қылықтарыңыз өте орынсыз және айналадағы адамдарды ренжітеді.

 

Мүгедек балалар түске кірсе, сіздің жаман қылықтарыңыз сізге ғана емес, өзгелерге де кері əсер етеді.

 

 ***

Түсіңізде өз балаларыңызды көрсеңіз, отбасы мүшелеріне мұқият болыңыз. Сіздің əрекеттеріңіз оларды өкпелету мүмкін.

 

Бала/сәби іздеу – нашар ишара. Ұсақ келеңсіздіктер кесірінен тірелген тығырықтан шыға алмайсыз.

 

Балалармен ойнау- шынайы өмірде жаныңызға жақын жұмыс қарастырып жатқаныңыздың белгісі. Бірақ, бар ізденісіңізге қарамастан, əлі біраз уақыт бар күшіңізден айырып ұнамсыз болған жұмыста отыруыңызға тура келеді.

 

Түсіңізде нәрестені көрсеңіз, оны қандай жағдайда көргеніңізге қарай түстің мағынасы да өзгеріп отырады. Сәби- шамадан тыс қуаттың, қуаныштың және бейберекеттіктің белгісі. Сонымен бірге ол әлсіздіктің, алаңдаушылықтың және кішігірім әбігерлікті де білдіреді. Өлі баланы көру – үлкен қиындықтарға және әлденеден көңілдің қалуына. Жорғалаған бала – жылдам шешімді талап ететін жағдайға түсесіз. Ұйқыдағы нәресте сіздің ұяңдығыңыз бен шамадан тыс сенгіштігіңіз туралы сыр шертеді. Күліп тұрып сөйлеп жатқан баланы көрсеңіз, жақында қуанышты хабар аласыз. Қолынан жетектеп апара жатқаныңызды көру де – жақсылыққа. Тығырықтан шыға аласыз.

 

Психологиялық түс жору бойынша баланы көру нені білдіреді

 

Гештальт-психологияға сай, түсінде сәбиді көрген адам өзі де іштей әлі бала. Оның сөзі, әрекеті, келбеті бәрі де жан-дүниесі туралы айтып тұр. Жылаған, өкірген, қапалы баланы көру – өз әлсіздігіңізге мойынсыну және оны ашық қабылдау. Бәлкім, сіз қандай да бір жағдайға уайымдап, сол сізге тыным бермей жүрген болар. Науқас бала тізеңізде отырса, сіз өзіңізді жалғыз сезінесіз. Аламдардан да, сыртқы күштерден де қолдау көрмейсіз және сол сіздің жаныңызды жегідей жейді.

 

Романтикалық түс жору бойынша бала

 

Романтикалық түс жору бойынша бала әдетте жетілмеген қарым-қатынасты білдіреді. Жағдайдың күрделілігі мен маңыздылығын сезінбей сіз немесе ғашығыңыз өзіңізді бала сияқты ұстайсыз. Егер түсіңіздегі нәрестенің жынысы сізбен бірдей болса, сүйіктіңіздің жылулығы мен мейірімділігіне мұқтажсыз. Жас қыз үшін түсінде баланы көру жүкті болатынын білдірсе, ересек әйел қызының немесе ұлының отау құратын ойы бар екенін естиді. Түсінде сәби көрген ер адам қарым-қатынасындағы сексуалды жайттарға қатысты әрекетін өзгертуі керек.

 

Әйел адам түсінде неге баланы көреді? Жылаған бала денсаулықтың нашарлайтынын білдірсе, қуанышты бала жақын арада махаббатын кезіктіріп, көп досқа ие болатынын меңзейді. Жалғыз қыдырып жүрген бозбала немесе бойжеткен – еркіндіктің, тұрмыстағы пасықтыққа қарсылықтың белгісі. Әйел түсінде сәбиді ойнатса, өмірде ең қатты сенетін адамының сатқындығына кезігеді. Өзінің науқас баласын қолға алу –жаман белгі, жан қиналысы мен өкпені білдіреді.

 

Велесов түс жоруы бойынша – Нәресте

 

Түс жоруы бойынша түске енге нәресте – еңбек, дау, төбелес, қиындық, әбігерлік пен ғажайыптың белгісі.

 

Емізу – табысқа (жас ана үшін) // ауру мен өлім (қарт үшін);

 

толық бала – қуанышты әбігерлікке;

 

жылауық, арық бала – ұнамсыз шаруаға;

 

кір нәресте – дертке;

 

сәби- бос іске, қамға;

 

жыласа – ақымақтығына өкіру;

 

ересек балаларды көру – көмекке;

 

көп нәресте – қамға және қапаға;

 

күйеудің мойнында отырған сәби – ұлды болуға;

 

әйелдің мойнында отырса – қызды болуға.

 

Мұсылман түс жоруы бойынша

 

Қасиетті Құран мен Сүннет бойынша түсінде таныс нәрестені көрген адам қуанышқа батады.

 

Ал бөгде баланы көрген адам қапа мен өкпеге кезігіп, жауы пайда болады. Бірақ, ол дұшпаны мықты болмайды.

 

Егер ересек адамды нәрестенің денесінде көрсе, істеген ісінің кесірінен таныстарының жазғыруына ұрынады.

 

Кедей адам көрсе демалып, рақаттанады; ал бай көрсе, бар мүлкін ұрлатып алады.

 

 

 

 

tuszhoru.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста