Түсіңізде аяқ киім киіп көру не білдіреді
Түске аяқ киім кіруді әркім әр түрлі болжап жатады. Түс жорушылардың болжамдарына сәйкес, түсіңізде аяқ киім көру жақсылықтың не жамандықтың белгісі болуы мүмкін. Осыған орай бүгінгі материалда түсіңізде аяқ киім кірсе, оны қалай болжаған жөн деген сауалға жауап іздемекпіз.
Түс жоруға кіріспес бұрын алдымен түсіңізді бүге-шүгесіне дейін еске түсіріңіз. Егер бойжеткен түсінде жазғы баулы аяқ киім өлшесе, бұл жақсылықтың нышаны. Ал туфли киіп көрсеңіз, шынайы өмірде жағымсыз жайттарға дайын болу керегін ескертеді. Мақсатқа жету үшін біраз тер төгуге тура келеді.
Аяқ киімнің түсіне ерекше мән берген жөн:
қара - кәсіптегі жетістік;
ақ - тұрмыс құрасыз/үйленесіз;
сары - айырылысу және шытырман оқиғалар;
қызыл - қауіпті қарым-қатынас;
күміс түсті - оғаш идеяларыңыздың өзі сәтті болады.
Түсіңізде бір ғана аяқ киімді өлшеу шынайы өмірде әділ болып, жақындарыңызға қамқор болу керегін білдіреді. Өлшеген аяқ киіміңіз үлкен болса, өзіңізге тым көп жүк арттыңыз деген сөз. Ағзаңыз шаршап, біраз тынығуды қажет етуде. Ал түс әлемінде биік өкше кию жақсылықтың нышаны. Көп ұзамай мансабыңыз өседі деген сөз. Жас қыз немесе келіншек өз туфлиін өлшеп жатса, онда көп ұзамай тұрмыс құрып, бала босанады деген сөз. Ал біреудің аяқ киімін өлшеу, болашақта отбасылы адаммен қарым-қатынасқа түсетініңізді білдіреді. Сондықтан түсіңізде де өз аяқ киіміңізді ғана киген абзал.
Ванганың түс жорамалы
Болгарияның атақты көріпкелі түсіңізге аяқ киім кірсе, қандай мағынаны білдіруі мүмкін деген сауалға жауап іздеп көрген. Ванганың аяқ киімге қатысты болжамын төменде ұсынамыз:
- Егер түсіңізде бәтеңкені шешіп жатсаңыз, онда бір жаққа сапарға аттанасыз немесе қоныс аударасыз.
- Түсіңізде аяқ киіміңізге шеге кіріп кетсе, онда өміріңізде қиындықтар болуы мүмкін.
- Кішкентай аяқ киім көрсеңіз – онда айналыңыздағы кейбір адамдармен ара-қатынасыңызды үзгіңіз келеді деген сөз.
- Өз аяқ киіміңізде өлшеп, киім жатсаңыз онда өміріңіз түбегейлі өзгереді немесе өз махаббатыңызды кездестіріп, үйленесіз.
- Егер аяғыңызға біреудің аяқ киімін киіп алсаңыз, онда сол аяқ киімнің иесі сізді басынады деген сөз.
- Егер аяқ киім өлшеп, бірақ оның өлшемі сізге сай келмесе онда жұмыс орныңызда қиындықтар болады деген сөз.
Миллердің түс жорамалы Көптеген адамның түсін зерттеп, олардан қорытынды жасаған психолог Густав Миллер өзі түс жорамалын жасап, түсте аяқ киім көру кейде жақсылықтың, ал кейде жамандықтың белгісі деген қорытындыға келген. Төменде солардың кейбірін назарларыңызға ұсынамыз:
- Аяқ киімді күтіп немесе оны жөндеп жатсаңыз – онда сізді алаңдатып жүрген мәселе өз шешімін табуы тиіс.
- Егер дүкенде жаңа аяқ киім көрсеңіз, онда айналаңыздағылар сізге құрметпен қарап, қаржылық жағдайыңыз едәуір жақсарады. Егер аяқ киім аяғыңызға тар болса, онда отбасыңызда қиындықтар болады немесе екінші жұбыңызбен айырылысып кетесіз.
- Егер лас ескі аяқ киімді көрсеңіз – онда жамандықытң белгісі. Өз мақсатыңызға жетер жолда тәуекелдер көп болып, олармен күресу қиынға соғады.
- Түсіңізде аяқ киіміңізде жоғалтып алсаңыз, онда өзіңізге ұнайтын заттан айырылып қалуыңыз ғажап емес.
- Егер аяқ киіміңізді ұрлап кетіп, аяғыңызда тек шұлық қалса, онда өз қалауыңызға жету үшін, кей нәрседен бас тартуға тура келеді. Егер аяқ киім сыйласа, онда көп ұзамай өміріңізде қуанышты жағдай орын алып, жақсы жаққа қарай өзгерістер болады деген сөз.
Нострадамустың түс жорамалы Француздық алхимик өз түс жорамалында егер түске аяқ киім кірсе, онда жеке өмірде өзгерістер болады деп жазған. Мысалы: Әйел адамның аяқ киімін көрсеңіз, некелесесіз. Ескі, тозған аяқ киім – отбасылық өмірде бақытсыз екеніңізді, ал жаңа аяқ киім – отбасылық өміріңіз ұзақ әрі баянды болады деген мағынаны білідерді. Түсіңізде жыртық аяқ киім көрсеңіз, онда ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушіліктер орын алады деген сөз. Аяқ киіміңізді жоғалтып алсаңыз, онда екінші жартыңызбен айырылысасыз деген сөз.
Фрейдтің түс жорамалы
Австриялық психиатр түс дегеніміз – адамның психологиялық белсенділігінің жемісі немесе өмірде орындай алмаған жүрген арманы мен қажеттіліктерінің белгісі деп білген. Психоанализдің негізін қалаушы Фрейдтің түс жорамалы қазіргі замандағы ең ерекше түс жорамалы болып табылады. Ол былай деп кеткен:
- Егер аяқ киім дәл келсе, онда алаңдайтындай жағдай жоқ, демек сіздің сексуалдық өміріңізде бәрі дұрыс деген сөз.
- Егер аяқ киім аяғыңызға үлкен болса, онда өзіңіздің сексуалдық өміріңізге ден қойған жөн.
- Егер аяқ киім кішкентай әрі аяқтарыңызды қысса, онда сіздің жұбыңыз сексуалды тұрғыда сізді қанағаттандырмайды деген сөз.
- Егер су болған аяқ киімді кептірсеңіз, онда жоспарсыз жүктіліктен қорқасыз деген сөз.
- Егер өзіңізге ұнайтын аяқ киімді таңдап жатсаңыз онда өз жұбыңызды таңдарда сақ болған абзал.
- Дүкеннен аяқ киім сатып алып жатсаңыз, онда өміріңізде тағы бір махаббат хикаясы болады деген сөз.
- Егер түсіңізде ескі әрі тозған аяқ киімді көрсеңіз, онда жұбыңызға деген сезіміңіз суып барады деген сөз.
- Лас аяқ киім кірсе онда жыныс мүшелеріне байланысты сырқатқа ұшыруыңыз мүмкін.
Ислам түс жорамалы
Ислам түс жорамалында аяқ киімге қатысты келесідегідей болжамдар бар:
- Аяқ киіміңіз аяғыңызға дәл болмаса, онда қаржылық жағдайыңызға байланысты қиындықтар туындайды.
- Табаны жоқ ер адамның аяқ киімін көрсеңіз – онда бұрын тұрмыста болған әйел адамға үйленесіз.
- Аяқ киімді жоғалтып алсаңыз, ажырасасыз.
- Аяқ киімді сатсаңыз – аурудың немесе жұбайыңыздың қайтыс болуының белгісі. Жаңа бәтеңке – өміріңіз жұмақ болады.
- Аяқ киімді көріп, бірақ оны аяғыңызға кимесеңіз – аяқ астынан ақша аласыз.
- Мезгілге қарай аяқ киім кисеңіз – онда қуанышты жаңалық естисіз, ал керісінше болса онда жамандықтың белгісі.
Цветковтың түс жорамалы
Астролог әрі хиромант Евгений Цветков түс жорамалында келесідегідей болжамдар айтады:
- Түске аяқ киім кірсе, онда бұрын-соңды бармаған жерге саяхаттап, жаңа қарым-қатынас құрасыз.
- Түсіңізде аяқ киім сатып алсаңыз, онда екінші жартыңызды күтесіз.
- Аяқ киімді жоғалтып алсаңыз немесе оны сатып жіберсеңіз – онда сатқындық болуы мүмкін.
- Аяқ киімді сатып жіберу жақын адамыңыздың денсаулығы нашарлайды деген мағынаны білдіреді.
Жалпы аяқ киімге қатысты түстер жақсылықтың белгісі, сонымен бірге ішкі психологиялық қиындықтардың белгісі болуы мүмкін. Егер тіпті жаман түс көрсеңіз де, көңіліңізді түсірмеңіз. Жоғарыдағы түс жорамалдарына сүйеніп, бәрі жақсы болады деп сеніңіз.