Түстегі аян

Түстегі аян

«Алаш айнасы» газетінде оқырмандардың бастан өткерген оқиғалары жайлы хаттар жарияланып жатқанын көріп, мен де басымнан өткен оқиғаны жазып отырмын. Бұл оқиға әйелімнің болатын оқиғаны түсінде көріп, алдын ала болжағаны жайлы. Бірақ әйелімнің бойында ешқандай ерекше қасиет жоқ. Ол көріпкел де, балгер де емес.
Адамның бәрі түс көреді. Бірақ көпшілігіміз оған аса мән бермейміз, тіпті көрген түсімізді сол сәтте-ақ ұмытып кететіндеріміз де баршылық. Десе де, «түсінде аян беріпті» дегенді бәріміз де естіген шағармыз. Ал оған біріміз сенсек, біріміз сенбейміз. Мен «Алаш айнасы» газетіне өз басымнан өткен үш оқиғаны мысал ретінде жолдап отырмын.
Шығын шығатынын алдын ала білдік
Ол кезде құрылыс компаниясында жұмыс істеймін. Бұл 90-жылдардың соңы болатын. Неге екенін қайдам, бізге жалақыны АҚШ долларымен беретін. Жалақымыз атқарылған жұмыс көлеміне қарай айына 500-700 доллар аралығында болды. Ол кезде 100 доллар көп ақша болатын. Теңге қажет болғанда үйге жақын маңда орналасқан ақша айырбастау пунктіне 16 жасқа келген үлкен қызымды жіберіп, 100 долларды айырбастап алатынбыз. Тағы бір жолы үйде теңге таусылған соң ақша айырбастау керек болды. Алайда әйелім таңертең ұйқыдан тұрып, «түс көрдім, шығын шығатын сияқты, сондықтан айырбастау пунктіне өзім барайын» деді. Сөйтсе, әйелімнің түсіне қайтыс болған нағашысы кіріп, «қызыңа келген қалың малдың ақшасынан қарыз бере тұр, кейін қайтарам» деп сұрайды. «Ақшаны нағашыма бергім келмей, қанша қиналсам да, соңында, жағдайын айтып қиылып тұрған соң беріп жібердім. Бірақ, ұйқыда жатып-ақ қайтыс болған адамға ақша бердім, енді шығын шығады деп ойлап, ояндым» дейді әйелім. «Түсіңде қайтыс болған адамға бірдеңе берсең, ол шығынға көрінеді» дегенді менің де естуім болғандықтан, «онда ақшаны өзің барып айырбаста» деп, өзім жұмысқа кеттім. Сағат 12-лер кезінде әйелім телефон шалып, «бірдене айтсам ренжімейсің бе? дейді. Жүрегім бірдеңенің болғанын сезіп тұр. «Әкесі өлгенді де естіртеді ғой, айт» дедім. Сөйтсем, үйдің қасындағы ақша айырбастау пункті жабық болып, әйелім ақша айырбастауға келесі бір айырбастау пунктіне барады. Алайда ол да жабық болады. Сондан үшіншісіне барса, ол да істемей тұр екен. Енді қайда барсам деп ойланып тұрса, бір әдемі киінген жас жігіт келіп, «апай ақша айырбастағалы тұрсыз ба, маған доллар қажет еді» дейі. Ойында ештеңе жоқ әйелім қолындағы 100 долларды жігітке береді. Ол долларды тексерген болып олай-бұлай қарап, «мына долларға сеніңкіремей тұрмын, кешіріңіз» деп қайтарып береді. Долларды қайта алған әйелім төртінші айырбастау пунктіне барады. Абырой болғанда ол жұмыс істеп тұр екен. Кезегі келгенде, қолдағы ақшаны айырбастау пункті қызметкеріне беріп «50 долларын теңгеге қылып беріңіз» десе, таңырқай қарап, «мынауыңыз не?» дейді. Сөйтсе 100 доллар деп бергені бір доллар болып шығады. Сонда барып, бағанағы жас жігіттің алдап кеткенін ұғады. Бұл түсте аян берудің бірінші оқиғасы болатын.
Көлік апаты аян берді
Бұл оқиға 2003 жылы болған еді. Күн сенбі болатын. Ұлым университетке көлікпен кеткен. Демалыс болған соң асықпай тұрып, шәйімізді ішіп болғанша сағат 10 шамасы болды. Шәйден кейін әйелімнің жүзінен бір алаңдаушылықты байқадым. Нақты ештеңе іздемесе де, әр бөлмеге бір кіріп, мазасысы кетіп жүрді. «Неге тынышың кетіп жүр?» деп сұрадым. Ол «Асқарға үйге қайт деші. Көлікпен көшеде жүрмей-ақ қойсын. Бір жаман түс көрдім» деді. Ол сөзді естігенде, менде де қобалжу пайда болды. Солай деп езуімізді жиғанша, телефон шырылдады. Балам екен. Жаңағы сөдерден кейін секем алып, бірден «тыныштық па?» деп сұрадым. «Тыныштық, машинаны соғып алдым» деді. Бақытымызға қарай өзі аман-есен екен. Оған да, тәубә дедік. Бұл түсте аян берген екінші жағдай болатын.
Маған кеш хабарласқан еді
2006 жыл. Күн сенбі. Кешкі пойызбен жол жүруіміз керек болған. Алдын ала билет алған кезімізде төменгі орын болмаған соң кассир қыз «пойыз жүретін күні келсеңіз, үстіңгі қабаттағы орындарыңыздың тым құрғанда біреуін астынғы орынға алмастырып беремін» деген болатын. Жолға шығатын күні, болса, билетті асытыңғы орынға алмастырып алайын деген оймен өз көлігіммен вокзалға бара жатқам. Қапелемде қайдан шыққыны белгісіз, қас қағым сәтте алдымнан қарсы көлік шығып, бетпе-бет соғыстық. Сәлден соң есімді жиып байқасам, екі аяқ сау сияқты. Бір жас жігіт «аға кешіріңіз, машинам тайып кетті» деп жүгіріп жүр. Жиналғандардың көмегімен көліктен шығып, жол жиегіне бардып тұрғанымда, әйелім телефон соқты. Тізем ауырсынып тұрса да, білдірмейін деп, сабырлы үнмен «жай хабарластың ба?» деп сұрадым. Ол «түс көрдім, вокзалға бармай-ақ, үйге қайтшы» деді. Бірақ ол кезде мен жол апатына түсіп үлгерген едім. Бұл үшінші оқиға еді.
Одан бері арадан 7-8 жыл өткенмен, ондай жағдай қайталанған емес. Ондай құбылысты қалай, немен түсіндіруге болады? Өйткені оған біреу сенсе, біреу сенбейді. «Алаш айнасы» газеті менің осы хатымды көпшілік назарына ұсынады деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста