Үйді кезетін қорқынышты қуыршақ

Үйді кезетін қорқынышты қуыршақ

Түн болса-ақ адамдардың үрейін алып, қорқыныш құрсауында ұстайтын құбыжық елестер туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Ол туралы кітаптар, мақалалар жазылып, тіпті кинолар да түсірілді. Десе де, көп адамдар әруақ-елестерді ойдан шығарылған ертегі деп санайды. Бірақ та, бұндай сенім сондай елес-әруақтар өмірде шынымен кездескен кезде сетінеп, жоғалып жатады. Перу мемлекетінде тұратын бір отбасының басынан кешкен жай оларыдң елес-әруаққа деген көзқарастарын түгелдей өзгерткен еді.

Үйді кезетін қуыршақ

Перуде тұратын Нуньес отбасы басқа да көршілері сияқты табиғаттан тыс таңғажайып оқиғаларға онша сене қоймайтын. Отбасының туысы Ивон Нуньес бір күні бұлардың кішкентай қыздарына қуыршақ әкеліп сыйлады. Бар пәле сол күннен басталған. Көгілдір көзді сүйкімді қуыршақ екі қызға бірден ұнаған. Олар  күнұзақ қуыршақпен ойнап, кешкілік оны үстелдің үстіне қойды. Сол түні үйде тұңғыш рет таңғажайып жайлар болды.

Ең алдымен есіктің сыртынан әлдекім тоқылдатып соққан сияқтанды. Бірақ барып есікті ашқанда ешкім жоқ болып шықты. Содан кейін еденді сықырлатып әлдекім жүрген тәрізді болды. Шкваты салдырлатып, ас бөлмеде ыдыс-аяқты сылдыратып, түні бойы естерін шығарды. Бұрын мұндайды тек кинодан ғана көрген Нуньес отбасының мүшелері оның не екенін білмей аң-таң болысты. Көп ұзамай олар бар пәленің «Сарита» есімді қуыршақтан келіп жатқанын түсінді. Балалар қойып қойған жерден басқа орынға үнемі ауысып тұратын қуыршақ келгелі отбасының мазасы қашқан еді.

Бұл сұмдық жағдай келесі күні, одан кейінгі күндері де қайталана берді. Түн болса-ақ, сақырлатып, естерін ышғаратын елес үлкендерді ғана емес, кішкентай қыздарды да жайына қалдырмады. Тіпті, олардың беттерін тырнап, көздерін көгерткен күндері де болды. Түн баласына үрейлері ұшып, ұйқыдан қалған Нуньес отбасы табиғаттан тыс құбылыстармен айналысатын арнайы маманға барып жүгінді.

Экстрасенс әйел не деді

Елес-әруақтармен жұмыс істейтін экстрасенс әйел алдымен үйді отпен аластап, тазартып шықты. Десе де, оның оншалықты көмегі тие қойған жоқ. Өйткені сол түні тағы да түні бойы елес-әруақ мазаларын алып шықты. Бұлардың үйінде қалған экстрасенс әйел келесі күні түкпіргі бөлмеден белгісіз елес-әйелді көргенін айтты. Оның түр-түсін суреттегенде үй иесі осыдан бірнеше жыл бұрын асылып өлген туыс қыз екендігін түсінді.

Экстрасенстің айтуынша, елес-әйел бұлармен байланысып, маңызды хабар айтқысы келетін сияқты. Бірақ ол нендей маңызды хабар, оны қалай жеткізбек? Ол жағы белгісіз. Ол қуыршақпен абйланып, сол арқылы әрекет етеді екен. Осыған орай, экстрасенс қуыршақтың көзін құрту қажет деген кеңес берді. Дегенмен, туыстарының нендей хабар айтқысы келетінін білмек боғлан үй иелері қуыршақтан айрылғылары келмеді. Осылайша, олар түн баласына үрейлерін алатын құбыжық қуыршақты алып қалды.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста