Үндістандық көріпкел Қазақстанның болашағы туралы не айтты?
Үндістанның Гоа штатының тұрғыны көріпкел Арченаның айтқандары тура келетінімен таңқалдырады. Осы көріпкел ТУРА БІР ЖЫЛ БҰРЫН Қазақстанның болашағы туралы да болжам жасаған болатын. Ол өз болжамдарында наразылық шеруі туралы, күтпеген жерден орын алатын қақтығыс жайлы да сөз еткен еді. Одан кейінгі жағдай қандай болмақ? Көріпкел тағы не айтты? Бір жыл бұрын «Замана» газетінде жарық көрген осы болжамды қайтадан көпшілікпен бөлісуді жөн көрдік.
«Youtube» желісінде оның жолдасы, ресейлік журналист Александр Махараджа Арченаның айтқандарын орыс тіліне тікелей аударып, сөзбе-сөз жеткізіп отырады.
«Арчена бізге жоғары тылсым күштерден ғаламшарда болып жатқан ең басты мәселелер туралы ақпарат алуға көмектеседі. Біз бұған дейін көп нәрсені айттық. Әлемнің әр түрлі аймақтары туралы сөз еттік.
Біздің Қазақстаннан өте көп көрерменіміз бар. Олар үнемі Қазақстан туралы айтып беруімізді сұрайды. Ендігі тақырып Қазақстан туралы болмақ. Мемлекеттің энергиясы қандай? Қандай болашақ күтіп тұр?
Қазақстан ақпаратқа жабық ел екен. Мен Ресей жаңалықтарынан Қазақстан туралы ештеңе біле алмадым. Сондықтан бұл елде не болып жатқаны сырт көзге белгісіз. Дегенмен тылсым күштерден ештеңені жасыру мүмкін емес. Арченаға Қазақстаннан өз тағдыры туралы білгісі келетін адамдар да хабарласады. Сондықтан бұл видеоны қазақстандықтардың сұранысына байланысты түсіріп отырмыз, – дейді ол.
Ары қарай әңгіме Александр мен Арчена арасында сұхбат түрінде өрбіді.
– Арчена, Қазақстаннан қандай энергия көріп тұрсың?
– Мұнда екі түрлі энергия бар. Бірі мемлекет орналасқан жердің энергиясы, екіншісі мемлекеттік өзінің энергиясы. Егер жерге байланысты айтар болсам, жері түрлі ресурстарға өте бай екенін көріп тұрмын. Ал мемлекетке келер болсақ, мұнда мүмкіндіктер өте көп. Бірақ мемлекеттің дамуы үшін арнайы қадамдар жасалмағандықтан қазір мемлекеттің энергиясы өзгеріссіз, бір деңгейде «қатып» тұр.
Сонымен қатар үлкен көлемде агрессияның ашу-ызаның энергиясын көріп тұрмын. Бұл энергияны рухани бағытқа, түрлі шығармашылық жобаларға бағыттаған дұрыс.
Елде мүмкіндік көп, бірақ адамдар қандай жолды таңдау керегін түсіне алмауда. Қазір өзгерістің уақыты. Сондықтан мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қандай да бір шешімдер қабылдануы керек. Мен елдің дамымай, бір деңгейде тұрып қалғанын көріп тұрмын.
– Мұны қалай өзгертуге болады? Мұның арты қандай да бір революцияға әкелуі мүмкін бе?
– Қазақстаннан болашақта қақтығысты жағдайды көріп тұрмын. Адамдар болып жатқан жағдайдан абыржып, дүрлігетін болады. Қандай да бір жою, бұзу энергиясы күтіледі. Мұның бәрі мен жоғарыда айтып жатқан елдегі бір деңгейде тұрып қалған және мемлекеттің дамуына мүмкіндік бермейтін энергияның кесірінен болмақ. Себебі ол болуы тиіс өзгерістерге алып келмеді.
Қазіргі билік адамдардың үніне көбірек құлақ асуы керек, себебі бұл адамдарға расында да қажет және олар үшін маңызды. Мен көптеген жылдар бойы іргетасы қаланған бұғаттардың бұзылуы үдерісін көріп тұрмын.
Болашақта билік басында үлкен төңкеріс, өзгеріс болады. Бұл күтпеген жерден орын алады және ол орын алған кезде бұған ешкім дайын болмайды, себебі бәрі ойламаған жерден басталады. Барлық жүйе түбінен бастап шайқалады.
Біреулер қаласа да, қаламаса да бұл өзгерістер болады және осылай болуы тиіс. Аталған жағдай адамдардың жан дүниесінің жаралануына әкеп соғады. Олар өздерін соғыс алаңында жүргендей сезінетін болады. Адамдарға бұл өзгерістің не үшін орын алып жатқанын түсіну маңызды.
– Бұл қандай өзгерістер болмақ?
– Мен Қазақстанда өзгеріс үдерістерінің ендігі басталып та кеткенін көріп тұрмын. Мемлекет белгілі бір өзгеру жолына түскен. Мұны қандай да бір цикл аяқталып келе жатыр деп түсіндіруге болады.
Қазақстанда бірінен кейін бірі әр түрлі наразылықтар бой көтереді. Өкінішке орай, елде өте үлкен жою, бұзу процестері орын алады. Бірақ көңіл-күйді түсірудің қажеті жоқ. Себебі осыдан өткеннен кейін ғана Қазқстан дамуына мүмкіндік беретін жаңа кезең келеді. Бұл халық үшін де, мемлекет үшін де ең маңызды сәт болмақ. Адамдар мұны екі түрлі қабылдауы мүмкін: біреулердің орын алған бассыздықтарға байланысты көңіл-күйі түссе, енді бірі позитивті қабылдайтын болады. Себебі дәл осы өтпелі кезең арқылы Қазақстан дамудың жаңа жолына келеді.
Кез келген өтпелі кезең адамдарға оңай соқпайды. Бұл өзгерістерге қарсылық танытудың еш мәні жоқ, керісінше қуану керек. Оны қабылдаған кезде ғана оңай өтетін болады.
Мен Қазақтандағы жүйенің құлайтынын көріп тұрмын. Бұл ескіден тазару, жаңаны қабылдау үдерісі болмақ.
Адамдар қатты күтіп жүрген әділеттіліктің барлық жерде орын алатынын да көріп тұрмын. Мемлекетке жанашырлық танытып, сол жолда жүрген адамдарға алаңдауға негіз жоқ. Оларда бәрі дұрыс болады. Қандай жағдай болмасын, елде түбі әділеттілік орнайды.
Бұл өзгерістер елге көптеген мүмкіндіктер әкеледі. Мұның бәрі әр адамның түбі табысты болуына алып келетін тұрақтылықтың орнауы үшін іске асырылады. Қазақстанда орын алатын осы бір маңызды оқиғадан кейін бәрі қалыпты арнаға түсетін болады.
…Үнді көріпкелі осылай дейді. Ал оның болжамдарының қаншалықты шындыққа жанасатынын алдағы уақыт көрсетеді.
М. БИБОЛ.