«Ұшатын Голландық» жайлы аңыз

«Ұшатын Голландық» жайлы аңыз

Теңіз әпсаналары мен аңыздарының арасында «Ұшатын­ Голландық» деп аталатын жұмбақ кеме жайында да ішінара айтылып қалады.

Капитан Хендрик Ван дер Декеннің 1641 жылы суға батып кеткен елес кемесін көрдік деушілер көп. Капитан Хендрик пен оның командасы өз кемесімен ашық теңізде ақырзаманға дейін жүзуге Құдайдың қарғысын алғаны туралы «Тылсым дүние» газетінде де бүған дейін жазылған­ болатын. Төменде осынау жұмбақ елестің бұрын-соңды айтылмай келген жаңа деректері жайлы баяндамақпыз.

Саяхат және қарғыс

Капитан Ван дер Декен Голландиядан сонау шалғай Үндістанға қауіпті саяхатқа шығады. Ондағы ойы жібек пен түрлі бояулар тәрізді бағалы да пайдалы тауарларды­ сатып алу еді. Жүк тиелген соң кемеге қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Содан соң капитан Хендрик Амстердамға аттанады. Кемесі Африка жағалауынан өткенде капитан Ван дер Декен голландық Ост-Инд компаниясы­ның­­­ өзіне жұмыс берушілері толқыны қатты теңізден тыныстау үшін Оңтүстік Африкадағы Қайы­рымды Үміт мүйісіне жақын жерде қоныс тепсе деген ойға беріледі.

Кеме мүйісті айнала бергенде капитан терең ойда еді. Кенет сұмдық да­уыл тұрып, кемені және оның бор­тындағылардың барлығын суға батыру қаупі төнеді. Теңізшілер өз капитанын кемені кері бұруға үгіттегенімен, Ван дер Декен одан бас тартады. Кейбіреулердің айтуынша,­ ол ақыл-есінен айырылған тәрізді, ал өзгелері оның масаң күйде болғанын айтады. Десек те, қандай себеп болсын, капитан алға қарай қозғалуға бұйрық береді. Ғаламат зор тол­қындар кемені көмкергенде ол темекісін шегіп тұрған еді. Жел желкенді жыртып, ал су трюмнің ішіне кіріп кетті. Алайда капитан өз бағытынан қайтпай, Жаратушының ашуын туғызды.

Шектен шығып кеткені сонша, командасы қарсылық таныта бастады. Сол кезде капитан ойланбастан олардың­ көшбасшысын өлтірді де, денесін долы теңізге лақтырып тастады. Көтеріліс­шінің денесін су жұттысымен, жұмбақ дауыс капитанмен тілге келіп, одан неліктен осы түні теңіз айлағына кіргісі кел­мейтінін сұрады. Ван дер Декен: «Егер осылай істесем мені мәңгіге қарғыс атсын, тіпті ақыр заманға дейін осылай жүруге тиіс болсам да» деп жауап береді. Әлгі да­уыс қайтадан естіледі: «Өз әрекетіңізге орай, сіз өлілер коман­дасымен бірге мұхитта өмір бойы жүзіп, өздеріңіздің елес-кемеңізді көргендердің барлығына өлім әкелесіз. Ешқашан порт­қа кірмейсіз және бір минут тыным таппайтын боласыз. Бұдан бөлек, өттен бөлінген сұйықтық – сусындарыңыз, ал қыздырылған темір – тағамдарыңыз болады».­

Осыдан кейін де Хендрик қорыққан жоқ. Оның орнына­ ол әншейін: «Әмин» деп айқайлады.

Елес-кеме

Содан бері капитан Ван дер Декен «ұшатын Голландық»­ деген есімге ие болды, ал оның елес-кемесі бүкіл теңіз бен мұхитта жүзіп жүр. Теңізшілердің айтуынша, голландық­тан­ өзге кемелерді адастырып әкетіп, оларды суасты жартастары немесе рифтеріне соқтығысуға мәжбүр етеді. Егер «Қайырымды Үміт» мүйісінде толқынды дауыл тұрса, онда капитан мен оның жартылай жанып кеткен қаңқалар­дан­­ тұратын экипажын көруге болады деседі. Алайда, сақ бол­ған жөн, аңыз бойынша, голландықтың көзіне түскен кім де болсын, сөзсіз сұмдық ажалға тап болады.

1843 жылы Вагнердің «Ұшатын Голландық» операсы шыққаннан кейін елес-кеме жайындағы аңыз алғаш рет кеңінен танымал болып кетті. Алайда аңыз соншалықты ежелден келе жат­қанымен, оған түрлі өзгертулер, асыра сілтеулер қосылғанымен, оның негізгі мәні, ұзын-ырғасы өзгерген жоқ, сол күйінде қалды.Теңізшілер елес-кемемен кездесулері жөнінде аса қорқынышпен әңгімелейді. Ең атақты кездесулердің бірі 1881 жылы 11 шілдеде ханза­да Джордж Уэльс (болашақ король V Георг)­ және оның інісі ханзада Альберт Виктор ­Уэльспен болған. Сол кезеңде олар Австралия жағалауында жүзіп жүрген. Джордж ханзаданың журналындағы жазбада: «11 шілде, таңғы сағат 4-те біздің траверздің алдын Ұшатын Голлан­дық кесіп өтті. Елес-кемеден түсініксіз қызғылтым жарық көрініп тұрды, ал сол жарықтың аясында кеме діңгегі, құрал-саймандар мен желкен анық байқалды. Елес-кеме қалай аяқ астынан пайда болса, дәл солай демде көзден ғайып болды. Оның келіп-кеткенінен ешқандай із қалмады, оның үстіне түн ашық, теңіз тыныш күйінде еді. Оны он үш адам көрді... сағат 10.45-те елес-кемені бірінші болып көрген, алға қарап тұрушы жігіт діңгектен құлап, бірден ажал құшты. Кейінірек эскадра коман­дирі аяқ астынан сырқаттанып, көз жұмды...Ұшатын Голландық­пен кездесу әрдайым дерлік өлім немесе ауыр дерт алып келеді. Соған қарамастан, елес-кеменің болмысы әлі күнге дейін біз үшін жұмбақ болып қалуда. Бүгінде ғалымдар голландтықтың кемесі мұхит суының жарығы шағылысқан сағым деген пікірді ұстануда.

Десек те, мұнымен барлығы бірдей келіспейді. Шын мәнінде елес кеме бар ма, бізге соны әлі анықтау қажет..

Б. АТЫРАУ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста