Жігіт жоламасын деп, жолымды байлапты...
"Сәлеметсіздер ме?! Менің жасым 22-де. Оңтүстік өңірдің қызымын қызымын. Қазір, Алматыда университетте сабақ берем, одан баөлек репетитор болып жұмыс жасаймын.
Айтайын дегенім жігіт мәселесі.
Бойым 1.70, салмағым 48 кг семіз де емеспін, бір жігітке жар болар түрім де баршылық. Бірақ, неге екенін, танысқан жігіттерім бір - екі рет кездескен соң хабарласпай кетеді.
Анама магистратура бітіргенше тұрмысқа шықпаймын деп едім, Алла нәсіп етсе осы жылы магистратураны бітірем.
Туысқандарымда тұрмысқа шығуға әрекет жаса, карьера деп жүріп қалма деиді.
Таяуда бірге жұмыс жасайтын апай баласымен таныстырып еді, олда хабарласпай кетті. Анасына "ұнады, сүйкімді, ақылды қыз екен, өзін - өзі ұстауы, мәдениеттілігі ұнады, бірақ, бірдеме одан алшақтатып тұрған сияқты" деп айтыпты.
Шыңдап қорқайын дедім. Тұйықталып кеттім. Кездесуге шақырған жігіттерге шығуға жүрексініп қалдым. Құрбыларыммен де кездесуден қашатын болдым.
Мектеп бітірген жылы базарда бір сыған әйел: "қызым, сенің жолыңды байлап тастаған, "бақытсыз өтсін" деп алдыңнан тұз шашқан, маған 2 түрлі жіп әкел жолыңды ашып берейін, сенен ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой" дегенде мән бермеген едім, енді сол бір оқиға ойымнан кетер емес.
Расымен де өмірде дуа жасату деген нәрсе бар ма? Бар болса қалай қайтаруға болады? Балгерлерге баруға қорқам. Қандай ақыл айтасыздар?
Алдын-ала рахмет!
Алла разы болсын!
Аноним