"Жұмылған көздері ашылып, жүрегі соға бастады". Қайтыс болған қыз жерлеу алдында қимылдай бастаған
Индонезияда қайтыс болған 12 жастағы қыздың жүрегі жерлеу алдында денесін жуып жатқан кезде қайтадан соғыла бастаған. Бұл туралы Daily Mail жазды, деп хабардайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жеткіншек Проболинго қаласындағы ауруханада қант диабетіне байланысты асқынулардан қайтыс болған. Бір сағаттан кейін ата-анасы қайтыс болған қызын жерлеу үшін алып кетті.
"Оның денесі жуылып жатқан кезде, ол күтпеген жерден жыли бастаған", — дейді қыздың әкесі.
"Жұмылған көздері ашылып, жүрегі соға бастады, біз оның қимылдай бастағанын байқадық", - дейді ата-анасы.
Ата-анасы шақырған жедел жәрдем дәрігерлері баланы оттегі аппаратының көмегімен реанимациялауға тырысты, бірақ бір сағаттан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.
Қызды қайтадан жуып, жерлеген. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеуді бастады.
Бұған дейін 83 жастағы украин әйел туыстары жерлеуді дайындағаннан кейін "өмірге келді" деп хабарланған болатын. Зейнеткер 10 сағат бойы өмір сүру белгілерінсіз жатқан.