Жындар да кекшiл келедi

Жындар да кекшiл келедi

Тараз қаласының шетiндегi «Зүнiн шейх» мешiтiн елдiң бәрi бiледi. Бұл мешiт осыдан 4-5 жыл бұрын Парламент Сенатының депутаты болған, белгiлi меценат, елiмiздегi таэквондо федерациясының президентi Шамсат Исабековтiң демеушiлiгiмен салынған. Ал осындағы бас имам Әбдiуахит Әбдулғафурұлының есiмi ел iшiнде ерекше айтылады. Жайнамазға жығылып, Құран аударып жүрген мұсылмандардың бәрi оның бiлiмдарлығына, Ислам дiнi жөнiнде бұл өңiрде онымен бiлiм таластыратындай ешкiм жоқ екенiне шәк келтiрмейдi. Әбдiуахит молданың елдi ерекше таңғалдыратын қасиетi – ол адам iшiндегi жынды шығаратыны болса керек. Оған өзiмiз де куә болдық. Алдын ала келiсiп, уәделескен уақытта барған кезде Әбдiуахит молда бiр келiншектiң басын ұстап, құран оқып жатыр екен. Келiншек қатты қиналды. Әбден аласұрған келiншектiң бiр кезде еркек дауыспен: «Мен Арыстанмын... Сен менi өртедiң, мен сенiң жаныңды әбден қинап барып шығамын...» – деп қиналғанын көргенде көзiмiз атыздай болды. Бұл сөздердi келiншек өзi айтты ма, жоқ, iштегi жын айтып тұр ма, бiле алмай дал болдық.

Жалпы, жын дегенiмiз кiм? «Доктор Омар Сүлейман Абдулла ибн Ашкар өзiнiң «Жындар мен шайтандар әлемi» деген кiтабында былай деп жазыпты. «Жындар мен шайтандар әлемi адамдар әлемi сияқты емес. Адамдар оларды көре алмайды. Адамға көрiнбейтiн болғандықтан «жын» сөзi «алыстатылған, жасырылған» деген мағына бiлдiредi. Аятта «жындарды бiз адамдардан бұрын оттан, оттың ең қызып тұрған шоғынан жараттық» дейдi. «Жындар адамдардан бұрын, кейбiр ғалымдардың сөзiне қарағанда, адамдардан мың жыл бұрын жаратылған. Бiрақ, бұған Құранда ешқандай ашық дәлел жоқ. Жындардың адамдiкi секiлдi көрiнiстерi бар: олардың құлақтары, көздерi, қол-аяқтары бар. Құран Кәрiмде сондай-ақ олардың дауыстары бар екенi де жазылған. Бұл туралы «Исра» сүресiнде «шайтандардың адамдарды арбайтындай, алдайтындай дауыстары болады» деп жазылған», – дейдi Әбдiуахит молда.

Жын туралы МБМ бетiнiң өткен санында аздап жазғанбыз. Бұл жолы адам iшiндегi жынды шығаратын Әбдiуахит молдамен әңгiмелесудi жөн көрдiк. Ал оған сену-сенбеу өз еркiңiзде.

– Жындар да мұсылман, кәпiр болып екiге бөлiнедi дейдi?

– Ол рас. Пайғамбарымыз жындарды үш түрге бөлiп берген. Бiрiншiсi – ауада ұшатын жындар, екiншiсi – жылан мен иттердiң суретiне енетiн жындар, үшiншiсi – әртүрлi бейнеге ене алатын жындар. Сондай-ақ иман келтiрген және иман келтiрмеген жындар бар. Оларды мұсылман және кәпiр жындар деп бөледi. Жалпы алғанда, жындар адамдармен қатар өмiр сүрiп жатқан мақұлықтар. Жейтiн тамақтары, iшетiн сулары бар. Мұсылман жындар пайғамбарымызға келiп: «Ей, пайғамбар, сенiң үмбеттерiң малдың сүйегiне, тезегiне дәрет сындырмасын. Өйткенi Алла сол сүйек пен тезектi бiзге тамақ қылып бердi» деген. Мұсылман жындардың тамақтары – «бiссiмiләмен» сойылған хайуандардың сүйектерi және тезектерi.

Мұсылман жындар намаз оқиды, қажылық қылады.

– Мұсылман жындардың адамға зияны жоқ па сонда?

– Жындар қатты кекшiл келедi. Мұсылманы болсын, мұсылман емесi болсын, адамдар оларды басып кетсе, баласын өлтiрiп қойса, бiр бiлместiкпен зиян келтiрiп қойса, олар мiндеттi түрде кегiн алады.

– Жындар адамдардың iшiне қай уақытта кiредi?

– Абдусалам Ал-Бади деген шайқының жазғанына қарағанда, жындар адамдарға ең алдымен сиқырмен кiредi. Адам тәуiпке жақсы көрген немесе дұшпанының суретiн берiп, дуа жасауды сұрауы мүмкiн. Тәуiп өзiне қызмет етiп жатқан шайтанды шақырып, суреттегi адамға жындарды кiргiзедi. Сосын жын адамға күнә жасаған кезде кiредi, яғни, арақ iшiп, анаша тартқанда, зина жасағанда, таза емес жерлерде жүрген кезде жабысады. Сондай-ақ адам қатты шошынған немесе қатты қуанған кезде, адамның дене қызуы қатты көтерiлiп, бiрден түскен кезде де кiрiп кетуi мүмкiн.

– Жалпы, жыннан қалай сақтануымыз керек?

– Әрқашан Алланың зiкiрiн айтып жүру, намаз оқу, дәретпен жүру, мұның бәрi шайтаннан қорған болады.

– Сiздi адамның iшiндегi жынды шығарады дейдi. Адамның iшiнде жын бар екенiн бiрден бiлесiз бе?

– Негiзi ғұламалар айтады: жыны бар адамның басын ұстап тұрып, аузыңызды құлағына тақап, асықпастан «Фатиха», сосын «Бақара» сүресiн оқысаңыз, адамның iшiнде жын болса, ол жылайды, айқай салады. Iшi ауырады, ашуланады, қашып кеткiсi келедi, жүрегi қысылады. Яғни, бұл сүрелердi оқыған кезде iштегi жын қиналады. Сондай-ақ сүре оқымастан-ақ адамның iшiнде жын бар екенiн бiлуге болады. Олардың белгiлерi: жыны бар адам Құран тыңдамайды, Құран оқылған жерден шығып кетедi, қараңғы үйде жалғыз отырғанды және әжетханада көп отырғанды жақсы көредi.

– Адамның iшiндегi жынды қалай шығарасыз? Байқауымша, сiз iштегi жынмен диалогқа түсетiн сияқтысыз.

– Белгiлi дем салатын аятты оқып болғаннан кейiн, жыны бар адам талып қалады. Iштегi жын сол адамның тiлiмен сөйлей бастайды, «Оқымашы, болды, мен шығамын» деп диалогқа шығады. Егер мұсылман жын болса, оған уағыз айтыла бастайды. Егер Исламда болмаса, оған осы дiнге кiруге уағыз айтылады. Егер жын сиқыр арқылы кiрген болса, одан сиқыр қай затқа салынғаны сұралады. Жастық, көрпе, үйдiң босағасы... Бiрақ көп жындардың сөздерi өтiрiк, ол айтқан нәрселер сол заматта тексерiледi. Айтқаны анық келiп, сиқыр алынып тасталса, жын шығып кетедi. Өткенде Т.Рысқұлов ауданына бiр кiсi келiп дем салдырды. Бұрын мемлекеттiк қызметте болған екен, намаз оқиды. Басын ұстап, дем салған кезде iшiнде жын бар екенi бiлiндi. Жынмен сөйлесу арқылы iште екi жын бар екенi, есiмдерi Ибраһим және Ахмет екенi белгiлi болды. Ираннан келген, бiрiнiң жасы – 100, екiншiсi 120-да екен. Мұсылман жындар. «Үш мезгiл намаз оқимыз, мына адамды Алла жақсы көредi, көп құлшылық қылады, бiрақ, бiз намаз оқуды қойдырдық, көп қыздарға қаратып, күнә iстеттiм» деп жындар жылап жатты. Кей жындар қыздарды жақсы көрiп қалуы мүмкiн. Әлгi өзiң көрген қыздың iшiне үш жын кiрген, әкесi, әйелi және баласы. Баласының есiмi – Ильназ, «неғып кiрдiң?» десем, «осы қызды ұнатып қалдым» дейдi. Баласы мен шешесi шығып кеттi, ал, әкесi Арыстан қалды.

– Iшiнен жынның шыққаны адамның өзiне бiлiне ме?

– Жынның шыққаны адамға, әлбетте, сезiледi. Жынның шығуының бiр белгiсi – адам талып қалады. Сосын адам бұл жерге қалай келгенiн, кейбiр нәрселердi ұмытып қалады. Адам iшiнен жынды шығару Алланың құдiретiмен болып жатыр. Алла қолдаса, iштегi жын шығады. Бiз тек себепшiмiз. Iшiнде жыны бар адам жынның басқаруында болады. Содан iштегi жынның мiнезi тура адамның мiнезi болып шығады. Жын қорқақ болса, адам да қорқақ болады.

– Сiзге «жынымды шығарып бер» деп адамдар өте көп келе ме? Ақыл-есiнен ауысқан адамдардың жазылғаны болды ма?

– Көп келедi. Жазылғандары болды, iшiнен өте көп жын шықты. Осы Тараз қаласынан бiр шешен келiншек келдi, жасы қырыққа жақындап қалған. Ағалары оны емдету үшiн апармаған жерлерi қалмапты. Былай бiр қарағанда, келiншектiң ақыл-есi дұрыс, бiрақ бiр сәтте жыны ұстап қалады. Содан айқайлап, жындана бастайды. Осы мiнезiне күйеуi шыдай алмай, балаларын алып кетiп қалыпты. Бiр ай, бiр апта дем салдым. Жыны шықты. Ағалары да, анасы да әбден қуанып, сасқандарынан «Ақысына не берейiк?» дей бередi. «Мешiтке намаз оқитын бiр кiлем алып берсеңiздер, болды» деп шығарып салдым. Тағы бiр мысал, үш жыл бұрын Сарыкемерден жас қыз келдi. 4 күн «оқыдым», әлхамдулилла, жын шығып кеттi. Алты айдан кейiн сол қыз тұрмысқа шықты. Қазiр жастардың арасында жын кiргендер өте көп. Сондықтан оларға «мешiтке жақындап, намаз оқыңдар» деген насихат айтар едiм.

– Әңгiмеңiзге рахмет!

Әңгiмелескен Оралхан ДӘУIТ.

zhasalash.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста